Кафедраның мақсаты –тарих және география салалары бойынша сапалы білім беру арқылы студенттердің теориялық білімін, практикалық дағдыларын және ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту. Сонымен қатар білім алушылардың кеңістіктік және тарихи ойлау қабілетін қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, білім беру жүйесінде тиімді жұмыс істей алатын Республикаға және жергілікті өңірге педагог мамандарды даярлау көзделеді. Кафедра білім беру процесіне заманауи оқыту технологияларын енгізуді, академиялық ұтқырлықты дамытуды және ғылым мен білім интеграциясын қамтамасыз етуді мақсат етеді.
«Кафедраның жетістіктері»
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 18 оқытушы, оның ішінде: 4 PhD, 3 ғылым кандидаты. Кафедра оқытушыларының басым бөлігі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Оған дәйек ретінде кафедра оқытушыларының Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылатын гранттық жобаларды орындауға қатысуын, тұрақты түрде Scopus және Web of Science деректер базасына енетін жоғары рейтингілі журналдарда, ҒжЖБССҚЕК ұсынған журналдарда мақала жариялауын, халықаралық ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуын келтіруге болады.
«Білім берудегі тарих және география» кафедрасының ПОҚ құрамы алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыста. Студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға, баулуға және арнайы курстарды әзірлеуге алыс және жақын шетел ғалымдарымен қатар еліміздің іргелі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарымен ғылыми байланыс орнатылған.
Кафедра меңгерушісі, PhD доктор А.Т.Серубаева Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің BR28713029 «Қазіргі ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы халық шығармашылығының әлеуметтік рөлін зерттеу: рухани мәдениетті өзгерту және қайта құру» атты БНҚ (ПЦФ) орындаушысы.
Мемлекет басшысының бастамасымен жастардың жаңа идеялары мен бастамаларын қолдау мақсатында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша — 6В01601-Тарих мұғалімдерін даярлау мамандығының 3 курс студенті, DU Union студенттік парламентінің президенті Тоқпанова Асел Тынышбекқызы өз жобаларын сәтті қорғап, 3 миллион теңге көлеміндегі грантты иеленді.
Кафедрада 2 НИОКР орындалады:
Шерхан Мұртаза атындағы университеті жанындағы Тараз инновациялық көпсалалы колледжімен «Әулиеата аймағының тарихы» тақырыбында ұйымдастырылды.
«Қазақ халқының ою-өрнектерінің тарихы және оларды насихаттау жолдары» тақырыбында ИП Д.Мадибаевамен жасақталған.
Академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық
6В01603 - Тарих және қоғамтану (IP) білім беру бағдарламасы аясында Қыздар педагогикалық университетінің 6В01603 «Тарих» мамандығына және Өзбекәлі Жәнібеков университетінде 6B01518 - География (IP) білім беру бағдарламасы аясында кафедра профессор-оқытушылар құрамымен академиялық ұтқырлық жұмыстары ұйымдастырылған.
Өзбекстан мемлекеті Жиззак қаласында кафедраның аға оқытушысы Д.Р. Мадибаева 27.10.-14.12.2025 жылы академиялық ұтқырлық аясында Жиззак мемлекеттік педагогикалық университетінде тарих мамандығының 3-4 курс студенттеріне «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен сабақ өткізді.
Академиялық ұтқырлық мәселесі бойынша кафедраның PhD докторы Г.Б.Идрисова Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық университетінде 2 курс 6В01603 «Тарих» мамандығына «Тарихи өлкетану» пәнін онлайн оқытуда.
«Серіктестер»
Кафедра мамандығындықтары төмендегі мекемелермен серіктестік туралы келісім шартқа отырған:
- Тараз қаласындағы № 51 орта мектеп
- Жамбыл облысының тарихи-өлкетану музейі
- Тараз қаласындағы №53 орта мектеп
- Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия
- Тараз қаласындағы №56 орта мектеп
- Тараз қаласындағы «№44 орта мектеп
«Бітіруші түлек моделі»
«Білім берудегі тарих және география» кафедрасының білім беру бағдарламаларының іске асырылуы түлектердің жұмысқа орналасуы болып табылады. Мемлекетімізде Педагог мәртебесі көтеріліп, олардың еңбекақысы да көтеріліп келеді. Осыған орай бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелерін талдау жұмысқа орналастыру көрсеткіштерінің оң нәтижесін көрсетеді.
6В01601 - Тарих мұғалімдерін даярлау, 6В01506 - География мұғалімдерін даярлау, 6В01512-География және тарих мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасын бітірген студент келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- Орта мектеп мұғалімі
- колледждерде оқытушы
- мұражай және мұрағат қызметкері
7M01601 - Тарих педагогтарын даярлау білім беру бағдарламасын бітірген магистрант келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
- жоғары оқу орындарының оқытушысы;
- мектеп пен колледждерде оқытушы ;
- ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми қызметкер;