Жаңалықтар (Ғылым және коммерцияландыру)

Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов «Total Energies» компаниясының бас директоры мен «Total Energy тұрақты даму мектебінің» профессор-оқытушылар құрамын қабылдады.

Кездесу мақсаты – өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты дамыту және бірлесе жұмыс жасау арқылы жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу.

Мұхтар Қазбекұлы қонақтарға жылы лебізін білдіріп, жұмыс жоспарлар мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

«Total Energies» компаниясы– автомобиль жасау, металл өңдеу, құрылыс саласы, энергетика, тау-кен, химия өнеркәсібі секілді көптеген түрлі сала өндірістерімен танымал.

«Total Energy тұрақты даму мектебінің» профессор-оқытушылар құрамы төрт күн бойы ұстаздар мен студенттерге бес түрлі бағытта дәріс оқып, сертификаттар табыстайды. Дәріс алу үшін 660-қа жуық адам тіркелген. Тіркелгендер қатарында өңіріміздің кәсіпкерлері мен кәсіпорын мамандары да бар.

Қонақтарымыз бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х.Дулатидің шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдарына қызығушылық танытты. Сондай-ақ. Дулати ұжымының қонақжайлығы мен жылы қабылдауына алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 2024-2026 жылдарға арналған Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы анықталды.

Жеңімпаз М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Әлеуметтік психология» кафедрасының профессоры п.ғ.к. Керимбаева Рысты Қалдыханқызы.

Жоба тақырыбы: «Заманауи үлгідегі ойыншықтар арқылы қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жаңғырту».

Үздік жоба аясында профессор Рысты Қалдыханқызы 350 миллион қаржылық грантты жеңіп алды.

Рысты Қалдыханқызының жобасы университет тарихында тұңғыш рет коммерцияландыру конкурсы бойынша грантты жеңіп алған және байқаудың ең жоғарғы қаржысын иеленген үздік жобалардың бірі.

Профессор Рысты ханымның ғылыми ізденістестеріне шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

Дулати университетінде Француз республикасының «Total Energies» компаниясының «Total Energy» тұрақты даму мектебі» профессорларының университеттегі жұмыс сапарларының аяқталуына байланысты салтанатты іс-шара өткізілді.

7.10.2024 -10.10.2024 аралығында профессорлар Дулати университетінің оқытушылары мен студенттеріне келесі тақырыптарда лекция өткізіліп, тәжірибелерімен бөлісті.

  • «Дарындылықты дамыту және көшбасшылық» тақырыбында профессор Эрве Оберрайнер
  • «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік қағидалары: ірі жазатайым оқиғалардың алдын алу» профессор Терри Купер
  • «Ірі компанияның даму стратегиясы: мемлекеттермен қарым-қатынас – Экономика – тұрақты даму» профессор Жан-Пьер Кордье
  • «Дағдарысты басқару және коммуникация» профессор Филипп Гайс
  • «Климаттың өзгеруі және энергияның ауысуы» профессор Ксавье Лимпенс.

Салтанатты іс-шараны университеттің Басқарма мүшесі - ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев ашып, өткізілген дәрістерге біліктіліктерін арттыру үшін студенттеріміз, оқытушылар құрамы мен ғалымдарымыздан басқа өңіріміздің кәсіпкерлері мен кәсіпорын мамандарыныңда қатысқанын айта келе, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлестерін қосқаны үшін профессорларға ризашылығын білдіріп «Алғыс хатпен» марапаттады.    

Өз кезегінде «Total Energies Renewables Services Kazakhstan» компаниясының Бас директоры Тьерри Плезан сөз алып, Дулати университетімен өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты дамыту арқылы білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне ие болғанына ризашылығын білдірді.

Дулати университетінің қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты байқау өтті.

Байқауда Жамбыл облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Шолпан Кариева, Жамбыл облыстық бөлшек сауда компаниялары ассоциациясының басшысы Виктория Усманова, Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев, Жобалық басқару және цифрландыру орталығының басшысы Дина Төлегенова, «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Гүлзат Искакова төрелік етті.

Байқаудың мақсаты – шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, инновациялық стартаптар мен кәсіпкерлік жобаларды қажетті ресурстармен, біліммен және ғылыми-техникалық әзірлемелерімен қамтамасыз ету. Жастар арасында стартап мәдениетін насихаттау және индустриядағы үздік идеяларды дамыту.

Байқауды Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев құттықтау сөзбен ашып, байқаудың маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде технология дәуірінде әр жас буын өзінің жобасын іске асыра алатынын, ең бастысы — өзекті мәселені тауып, оны шешудің жолдарын ойлап табу екенін айтып, қатысушылардан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

Жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайтын «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алу байқауына 14-35 жас аралығындағы жастар өзара бақ сынады. Аталған грант қаражаты ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға, Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобалар үшін, жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды әзірлеуге, экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды шыңдауға және медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру ісіне бағытталған. Өз білімін, біліктілігін және тәжірибесін сынай отыра 13 команда қазылар алқасы алдында жобаларын қорғады. Жобаны көрсету үшін жобаның қысқаша сипаттамасы, кезеңдері, процесі, технологиясы, нәтижесін қамтитын жоба паспортын визуализациялау үшін командалар дайындаған презентация ұсынылды. Дайындалған жобаның қоғамға пайдасы мен экономикалық тиімділігіне баса назар аударылды.

Байқау соңында ең үздік деген жобалары бар командаларға университетіміздің Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаевтың тарапынан қолдау көрсетіліп, жүлде қоры 3 миллион теңгелік «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алу байқауына қатысу үшін мүмкіндік берілді.

Дулати университетінің Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен 20 қараша күні өткізілетін «The Wonderful World Camel milk » атты байқау қатысушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстарының мақсаты  –  «Ақ Алтын» өндіруші компаниясының түйе сүтінен өндіретін өнімдерінің адам ағзасына пайдалы екенін жарнамалау. Нәтижесінде студенттердің ой өрісі мен жас ұрпақтың стандартты емес шешімдер жасаудағы мүмкіндіктерін іске асырудағы тәсілдерін көрсету.

Байқау арқылы жас буынға кәсіби салада жүрген менторлармен және жетекші мамандармен кәсіби қарым-қатынас орнату мүмкіндігі беріледі.