Ғылыми-техникалық кеңесі

Ғылыми-техникалық кеңесі

loading...
Сипаттама
Басшылық
Нормативтік құжаттар

Университеттің ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі - ҒТК) университет проректоры жанындағы кеңесші және үйлестіруші орган болып табылады және университеттің ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің негізгі мәселелерін қарау үшін құрылады.

ҒТК жұмысының негізгі мақсаты – университеттің ғылыми-техникалық саясаты мен қызметін қалыптастыруға және іске асыруға практикалық жәрдемдесу.

ҒТК негізгі функцияларына кеңес беру, консультациялық, ұйымдастыру, бақылау және сараптамалық жұмыстар кіреді.

ҒТК өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:

-  институтқа/факультетке бекітілген қызметтің негізгі бағыттары бойынша техникалық және экономикалық саясатты айқындау жөніндегі ұсынымдарды отандық және шетелдік ғылым мен техниканың жай күйі мен даму перспективаларын талдау негізінде қарайды;

- маңызды ғылыми-техникалық мәселелерді қарастырады және ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын анықтайды;

- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту және олардың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұсынады, неғұрлым перспективалы зерттеулерді дамыту және тиімділігі төмен және практикалық маңызы жоқ жұмыстарды тоқтату туралы ұсыныстар енгізеді;

- бөлімшелердің, жекелеген оқытушылар мен докторанттардың ғылыми қызметінің нәтижелері туралы есептерді тыңдайды, олардың жұмысының тиімділігіне баға береді;

- университет қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес ғылыми - зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын қарайды;

- ғылыми-техникалық қызметті жетілдіру және ұйымдастыру бойынша аса маңызды өнертабыстар мен ұсыныстарды енгізу жөніндегі ұсынымдарды қарайды;

- бекітілген қызмет саласында ғылыми-техникалық ақпаратты жақсарту бойынша іс-шараларды ұсынады;

- ғылым мен техника саласындағы үздік жетістіктері үшін берілетін сыйлықтар алуға ұсынылатын жұмыстар бойынша ұсынымдарды қарайды;

- үздік ғылыми-зерттеу, тәжірибелік - конструкторлық жұмыстарға конкурстар өткізу бойынша ұсыныстарды қарайды;

- университеттің ғылыми қызметінің ерекшелігін көрсететін осы Ережеде көзделмеген өзге де мәселелерді қарайды.

Орынбаев Сейтжан Әуесжанұлы

Кеңес төрағасы

Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор

PhD доктор, доцент

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

1996 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты «Ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірген инженер-электрик.

2006 жылы  А. Яссауи атындағы ХҚТУ-де Заң бакалавры, 2009 жылы М.Х. Дулати  атындағы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасын «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірді.

2015 жылы «6D071800 – Электроэнергетика» мамандығы бойынша «Төмен қуатты көлденең білік типті автономды жел электр станцияларын жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясын К.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде қорғап, Рһ докторы ғылыми дәрежесін алды.

1997-2012 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де ассистент, аға оқытушы, институт директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012-2015 жылдары Қ.И. Сәтбаев  атындағы ҚазҰТЗУ-да докторантурада оқыды.

2015-2021 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың қашықтықтан білім беру  факультеті деканының орынбасары;

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ғылым және коммерцияландыру департаменті директоры қызметін атқарды.

165-тен астам ғылыми, әдістемелік жұмыстардың, мақалалардың,  соның ішінде 19 өнертабыстың, 5 монографияның, 2 оқу құралының және Scopus базасында 13 мақаланың авторы. Хирш индексі - 3.

2025-2025 оқу жылына арналған ҒТК жұмыс жоспары

Ғылыми-техникалық кеңес құрамы

ҒТК туралы ереже