Стратегиялық мақсаты - педагогикалық білім беру саласында ең үздік ұлттық және халықаралық тәжірибе мен маңызды ғылыми жетістіктерді практикалық қолдану арқылы бәсекеге қабілетті математика мұғалімдерін дайындау.
«Кафедра жетістіктері»
Кафедраның ПОҚ құрамы 15 оқытушы, оның ішінде: 2 ғылым докторы, 4 PhD, 2 ғылым кандидаты. Кафедраның ғылыми әлеуеті 53,3%-ды құрайды. Бірнеше кафедра оқытушыларының ағылшын тілін меңгергендігі туралы IELTS, TOEIC, DuoLinguo сияқты сертификаттары бар.
Кафедра профессоры М. Муратбеков «Қазақстанның ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттарының екі мәрте иегері (2007ж., 2019 ж.).
Кафедра оқытушыларының басым бөлігі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен үздіксіз айналысып келеді.
Халықаралық ынтымақтастық
«Математика» кафедрасының ПОҚ құрамы алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыста. Білімгерлерді ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылдануға, баулуға және арнайы курстарды әзірлеуге алыс және жақын шетел ғалымдарымен қатар еліміздің іргелі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарынан танымал ғалымдар: Математика және математикалық модельдеу институтының профессоры, академик М.Өтелбаев, ЕҰУ профессоры Қ.Н.Оспанов, Берлин еркін университетінің (FBU) профессоры Г.Бегер, Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Я.Т.Султанаев т.б. ғалымдармен ғылыми байланыс орнатылған. Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдарымен біріге отырып АР19676466 «Сингулярлы үшінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің шешімдерінің максималды регулярлығы мен дифференциалдық қасиеттері» тақырыбы бойынша ғылыми гранттық жоба орындалуда.
Кафедра меңгерушісі С.Ж. Игисинов «Болашақ» орталығының «500-ғалым» жобасы аясында Дж.Вашингтон университетінде (АҚШ, Вашингтон) 1 жылдық ғылыми тағылымдамасын сәтті тәмамдады (01.07.2024ж.-20.06.2025ж. аралығы).
«Серіктестер»
Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ (Астана),
әл-Фараби ат. ҚазҰУ (Алматы),
Математика және математикалық модельдеу институты (Алматы),
Берлин Еркін Университеті (Берлин),
М.Акмулла ат. Башқұрт мемлекеттік университеті (Уфа),
Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ,
«Дарын» дарынды балаларға арналған лицей-интернаты.
«Бітіруші түлек моделі:»
6В01513- Математика (IP)
Берілетін біліктілік:
6В01513- Математика (IP) білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
6В01513- Математика (IP)
Берілетін біліктілік:
6В01513- Математика (IP) білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Бітіруші түлек моделі:
Бағдарлама түлегі – жалпы және қосымша білім беру ұйымдарында математика пәні бойынша педагогикалық қызметті кәсіби деңгейде жүзеге асыруға қабілетті, шығармашылық ойлауы дамыған және әлеуметтік жауапты мұғалім.
Кәсіби қызмет салалары:
- жалпы білім беретін мектептер;
- гимназиялар мен лицейлер;
- қосымша білім беру ұйымдары;
Оқыту нәтижелері:
Бітіруші:
- Математика пәні бойынша оқу-тәрбие үдерісін жоспарлайды және ұйымдастырады;
- Заманауи педагогикалық және цифрлық технологияларды қолданады;
- Кәсіби-педагогикалық этиканы сақтайды және үздіксіз кәсіби дамуға дайын.
- Жобалық және шығармашылық жұмыстарды жүзеге асырады;
«Мамандырылған аккредиттеу туралы куәлік»
