Экономика және құқық факультеті

Экономика және құқық факультеті

loading...
Сипаттама
Дирекция
Кафедралар
Білім беру бағдарламалары
Байланыс

«Экономика және құқық» факультеті 2020-2021 оқу жылының қазан айының 26-шы жұлдызы күні «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ институттар/факультеттер мен кафедралар құрылымын оңтайландыру туралы» бұйрығы бойынша «Заң» факультеті мен «Экономика және бизнес» факультеттерінің бірігіуі негізінде құрылған. Факультет құрамында 6 мамандар даярлайтын кафедралар бар.

Бүгінгі күні «Экономика және құқық» факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы 124 оқытушыны құрайды, оның ішінде 1 ғылым докторы, 36 ғылым кандидаты, 12 PhD докторы, 5 бейіні бойынша докторы (DBA), ПОҚ-ның 100 пайызы магистр ғылыми дәрежесін иеленген. Факультет құрамының орта жасы 42 жасты құрайды. Сонымен қатар, бұрын өндірісте, мемлекеттік қызметте, қаржы саласында, және құқық қорғау органында қызметте болған тәжірибелі жұмыс беруші мамандар қосалқы жұмыс жасайды. Құқық бағыты бойынша факультет оқытушылары Қазақстан заңгерлер Одағының және заңгерлер кеңес беру палатасының мүшелері болып табылады.

Экономика және құқық факультетінің мақсаты аймаққа қажетті құқықтық және экономикалық білім беру мен білім алушылардың заман талабына сай бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, білім саласындағы ұлттық рейтингтің жоғары деңгейдегі жетістіктеріне жету, сондай-ақ, рухани-адамгершілік құндылықтарға, тарихи, ұлттық дәстүрлерге негізделген тұлғаларды тәрбиелеу; заман талабына қабілетті, білікті кадрларды даярлауға, құқықтық ғылыми зерттеулерге, цифрлық экономиканы құқықтық реттеу жүйесін құруға, цифрлық технологияларды қолдануға қатысу, жұмыс берушілерді қатыстыра және келісе отырып өңірге қажетті кәсіби мамандарды даярлау, 2022 жылғы МЖБС кәсіби стандарттарының талаптарын ескере отырып, ҚР ҒжЖБМ реестрінде кемінде 20 білім беру бағдарламасын жаңартуды ұйымдастыру. Факультетте бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған стратегиялық Даму бағдарламасының индикаторлық көрсеткіштерін мүмкіндігінше белсенділік таныта отырып асыра орындау.

Университетте тиімді оқу-ғылыми инфрақұрылым құру талаптарға сай келеді. Факультеттің заманауи жабдықтармен жабдықталуы және материалдық-техникалық базасын жетілдіру (корпустарға, үй-жайларға жөндеу жұмыстарын жүргізу) тұрақты түрде университет тарапынан жүргізіліп тұрады.

Факультет білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультетте 9 компьютерлік класс,  16 заманауи интерактивті тақта, 2 арнайы кабинет және 2 электронды оқу залы,факультет студенттерінің практикалық сабақтары өтетін криминалистикалық зертхана: Криминалистикалық зертханада арнайы техникалық құралдардың көмегімен іздер мен заттай материалдарды табу, тіркеу және алу әдістерін қолдануға; жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тактикалық тәсілдерді қолдануға; қылмыстардың  әртүрлі жасалу тәсілдеріне қарай ажырату әдістемесін үйренуге; қылмыс жасауға ықпал ететін мән-жайларды анықтауға, қылмыстарды тергеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және алдын алу жөніндегі қызметті жоспарлау және жүзеге асыруға дағдыланады.

«Сот залы»: Факультет құрамында құқық бағытында білім алатын студенттерге арналған мамандандырылған «Сот мәжілісі залы» құрылған. «Сот мәжіліс залында» азаматтық, әкімшілік  және қылмыстық істер бойынша сот процесстерін шынайы тұрғыдан тәжірибелік жағдайда өткізуге барлық мүмкіндіктер жасалған. Бірлескен ынтымақтастық нәтижесінде Жамбыл облыстық және Тараз қалалық соттарының көшпелі сот процесстері аталған сот мәжіліс залында өткізіліп тұрады.

«Мини-Банк» және 1с:Бухгалтерия мамандандырылған аудиториялары:

Факультет құрамында экономика бағытында білім алатын студенттерге арналған мамандандырылған «Мини-банк» өндірістік орталығы және 1С:Бухгалтерия бағдарламасымен жабдықталған арнайы аудиториялар бар. Студенттер тәжірибелік сабақтарын осы аудиторияларда банк қызметінің негізгі жұмыстарымен және бухгалтерия саласының мән-жайымен толық танысуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Бірлескен ынтымақтастық нәтижесінде Жамбыл облыстық және Тараз қалалық екінші деңгейдегі банктерімен және кәсіпорындарымен келісім-шарт жасалған.

Құқық бағыты бойынша білім алатын студенттер үшін «Заң» мәліметтер бағдарламалық қорымен қамтамасыз етілген «Нормативтік құқықтық актілер» кабинеті бар. Іздеуші «Заң» мәліметтер қоры студенттерге түрлі анықтамаларды қолдану арқылы жалпы нормативтік құқықтық актілерді пайдаланудың оңай жолдарын табуды меңгеруде мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының «Үздік оқытушы» байқауының жеңімпаздары:

Абдукаримова З.Т. – ҚР үздік оқытушысы;

Молдабекова А.Ш. - ҚР үздік оқытушысы;

Қожабеков С.С. - ҚР үздік оқытушысы;

Амалбекова Г.Е. - ҚР үздік оқытушысы;

Байтиленова Е.С. - ҚР үздік оқытушысы.

Профессор-оқытушылар құрамы арасынан ҚР Президентінің Болашақ халықаралық шәкіртақысының иегерлері: Тлеубаева С.Т., Джабаилдаева Г.Т., Қайназарова М.Б., Искакова Г.К; Әбілдаев С.Т; Назикова Ж.А;

Студенттер арасынан Президенттік шәкіртақы иегерлері: Құдайберген Аяулым Талғатқызы, Мелдебек Айсұлу Арынбекқызы, Әбдібек Ақзира Нұрымқызы, Иманқұл Елдана Жәнібекқызы, Ергашева Ирода Бахтиеровна, Саитбаева Адиля Абдумаликовна.

«Студент-зерттеуші» атағының иегерлері: Зиилдаева Айжан, Құдайберген Аяулым Талғатқызы, Мелдебек Айсұлу Арынбекқызы, Әбдібек Ақзира Нұрымқызы, Бабаханова Дильдора; Әлімқұл Еркін; Елтай Әсел; Кеңесова Ақгул; Литвиненко Артем; Мирзахалов Исломбек; Қырықбай Айгерім; Хисаматдинова Анжела; Нұрланқызы Мадина; Бестаева Айбарша; Лукьяненко Екатерина; Мирзахалов Улугбек; Исагали Дариға

Халықаралық және республикалық студент аралық байқаулардың жеңімпаздары:

1. 8 қараша 2024 жылы Еуразиялық ұлттық университеті өткізген бакалавриат студенттері арасында «Қаржылық қауіпсіздік» Республикалық онлайн олимпиадасына 4 курс 6В04117 - «Қаржы» БББ студенттері Шоқпаров Е., Мұқит Н. Ғылыми-зерттеу жұмысы «Жеке қаржылық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері» тақырыбында қатысты, жетекшілері: Муратова Д.Б., Молдабекова А.Ш.

2. 12 қараша 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінде «Ұлттық валюта – Теңге» күніне орай ұйымдастырылған ЖОО арасында республикалық деңгейде «Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыру студент жастардың қосқан үлесі» тақырыбында интеллектуалды ойын дебатқа ғылыми жоба жіберіліп, қатысуға жолдама алды. Республикалық интеллектуалды ойынға 3-курс 6В04117 - «Қаржы» БББ бойынша Еркебай Шолпан, Жылысбек Нұртілеу, Салканова Нурдана қатысып 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшілері Молдабекова А.Ш., Муратова Д.Б.

3. «Туран» университетінде «Қаржы, есеп және экономикалық» факультетінде «Ұлттық валюта теңге және қаржыгерлердің кәсіби мерекесіне» орай 2024 жылы 29 қараша күні «Болашаққа арналған қаржылық стратегиялар: цифрландыру және тұрақты даму» атты халықаралық онлайн олимпиадаға 6В04117 - «Қаржы» БББ бойынша 3 курс студенттері Еркебай Шолпан, Жылысбек Нуртілеу, Акмурзина Аружан қатысып, жүлделі бірінші орынға ие болды.

4. Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитетінің ««Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей қорығының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік жас экскурсовод» студенттер арасындағы байқауына «Туризм және сервис» кафедрасының кафедра меңгеруші Орынбаева У.А., аға оқытушылары Дуйсембаева А.Т., Досымова О.Ж. және 6В11111-«Туристік бизнес» білім беру бағдарламасының 1,2 курс студенттері қатысты.

5. «Үздік жас экскурсовод» байқауының жеңімпазы Шәріп Дана атанды, Жабағи Бану «Эрудит экскурсовод», Тұрсынбай Балнұр «Креативті экскурсовод» номинациясын иеленді.

6. 2024 жылғы 23 қыркүйекте Омбы мемлекеттік техникалық университетінің «Туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі» кафедрасы ұйымдастырған «Иммерсивные туры, экскурсии, event-мероприятия» Халықаралық байқауына 6В11111 - «Туристік бизнес» БББ 2 курс студенттері Шәріп Дана Маратқызы, Ілесхан Алуа, Адилбекова Алина қатысты. Шәріп Дана Маратқызы – Номинация «Взгляд туриста» - Диплом 2 орын. Ілесхан Алуа - Фотоконкурс «Коллекция туристических эмоций» - 2 орын алды. Адилбекова Алина - Номинация «Палитра вкусов» - 1 орын сертификат алды.

7. 2023-2024 оқу жылы бойынша СҒЗЖ республикалық байқауының нәтижесінде «Туризм және сервис» кафедрасының, 6В11111 - «Туристік бизнес» БББ 3 курс студенті Насырова Василя мен 6В11111 - «Туристік бизнес» БББ 4 курс студенті Өмірәлі Мерей 3 орын иегері атанды.

Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер ғылыми зерттеу жұмыстарымен белсенді түрде айналысады. Оның ішінде гранттық жобаларға, әртүрлі деңгейдегі конкурстарға, конференцияларға жүйелі түрде қатысып тұрады.

2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша байқауға факультеттен 9 өтінім берілді:

1. AP23490388 - «Механизм интеграции международной торговлей сельскохозяйственной продукцией стран Центральной Азии и Китая: проблемы и направления развития» – ғылыми жетекші Чимгентбаева Г.К.;

1. AP23490388 - «Механизм интеграции международной торговлей сельскохозяйственной продукцией стран Центральной Азии и Китая: проблемы и направления развития» – ғылыми жетекші Чимгентбаева Г.К.;

2. AP23490076 - «Комплексное исследование пространственно-отраслевого развития Жамбылской области в условиях цифровизации экономики» – ғылыми жетекші Наренова А.Н.;

3. AP23490078 - «Современное направления теоретических и методических разработок по формированию «soft skills» в подготовке конкурентоспособных специалистов» – ғылыми жетекші Назикова Ж.А.;

4. AP23490388 - «Обеспечение продовольственной безопасности посредством создания сельскохозяйственного хаба на территории Казахстана» – ғылыми жетекші Искакова Г.К.;

5. AP23490094 - «Исследование влияния мировых рейтингов университетов на высшие учебные заведения Казахстана: углубленный анализ и последствия для стратегического развития» - ғылыми жетекші Қожабеков С.С..

6. AP23490254 – «Исследование вопросов противодействия экстремизму и терроризму в среде правоохранительных и государственных органов и разработка методики оценки проводимой профилактической работы» - ғылыми жетекші Абдукаримова З.Т.;

7. AP22688495 – «Совершенствование и внедрение мер по предотвращению и борьбе с семейно-бытовым насилием в отношении женщин и несовершеннолетних» - ғылыми жетекші Абдраманова Н.К.;

8. AP23486619 – «Совершенствование инструментов продаж услуг индустрии гостеприимства на основе анализа данных» - ғылыми жетекші Молдашева А.Б.;

9. AP23490768 – «Институционально-правовые вопросы межведомственного взаимодействия субъектов по профилактике и противодействию бытовому насилию в отношении женщин» - ғылыми жетекші Бекенова А.Б..

Шетелдік және отандық ЖОО, ҒЗИ-ң ғалымдарымен бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу жағдайыа келсек, «Туризм және сервис» кафедрасының аға оқытушысы э.ғ.к. Молдашева Алтынай Боранбаевна Түркия мемлекетінің Кастоману университетінің профессоры Саваш Канболатпен және профессор Кутай Октаймен бірлесіп «Совершенствование инструментов продаж услуг индустрии гостеприимства на основе анализа данных» атты тақырыпта ғылыми жоба дайындап, 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша байқауға қатысып, өтінімдерін жіберді.

Ал, «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к. Бекенова Анар Берденқызы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының з.ғ.к. Асқарбекқызы Назирамен бірлесіп, «Возрождение традиционной казахской правовой системы, его достоверность и значение в установлении справедливого Казахстана» атты тақырыпта ғылыми жоба дайындап, 2024-2026 жылдарға жас ғалымдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша байқауға қатысып, өтінімдерін жіберді.

«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫ ИЕГЕРЛЕРІ

«Экономика және құқық» факультетінің 4 оқытушысы 2023 жылдың 20 желтоқсандағы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен әлемнің жетекші орталықтарында ғылыми

тағылымдамадан өту үшін «500 ғалым» бағдарламасының стипендия иегері атанды:«Мемлекеттік және әкімшілік құқық» кафедрасының аға оқытушысы Қайназарова Мақпал Бақытжанқызы;

«Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының меңгерушісі Джабаилдаева Гүлнар Тоқсанбайқызы;

Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының PhD докторы Избасаров Айтжан Омирбекович;

«Қаржы және есеп» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Тлеубаева Сантай Азизбековна.

Факультет құрамында 7 студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс атқарады: «Менеджер», «Цивилист», «Бухгалтер финансист», «Жеті жарғы», «Әділет», «Сервис», «Бизнес аналитик». Студенттік ғылыми үйірменің негізгі мақсаты: студенттер мен мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген мүмкіндіктерін ашу. Студенттердің ғылыми теориялық зерттеумен айналысуды, әр түрлі деңгейдегі ғылыми тәжірибелік конференцияларға қатысуды және баспаларға мақала жариялауды қарастырады. Осыған орай студенттік ғылыми үйірмелер Жамбыл облысы мен Тараз қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында шағын конференциялар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар, пікір сайыстар өткізіп келеді.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастырумен 18-35 жас арасындағы студенттер, магистранттар, докторанттар және жас оқытушылар арасында «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсына «Бизнес» номинациясы бойынша іріктеу туры өткізілді. Бұл конкурсқа мына студенттер өз жобаларын ұсынған болатын.

1. «Studs cafe» жобасы – Нұрберган Батырбек, Жұмағалиев Жасұлан

2. «Жамбыл облысының Грейг қызғалдақтары» жобасы – Хорешко Камилла, Берік Әдема;

3. «Производство пастилы и фрутчипсов» жобасы – Бикашев Владислав Султанович;

4. «Инновациялық эко жүйесі» жобасы – Бекмуратова Шолпан.

А.И. Рзабайдың жетекшілігімен 3 курс студенті Артель Дария Қайратқызы Анапа қаласындағы «Үздік зерттеу жұмыстары» атты V Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсына «Правовое регулирование определения долей в общей собственности супругов» тақырыбындағы үздік зерттеу жұмысы бойынша 1- орынға ие болды.

А.И. Рзабайдың жетекшілігімен 3 курс студенті Сунгат Дана Бейбиткызы Ресей Федерациясы, Пенза қаласында «Үздік студенттік жұмыс - 2023» атты VII Халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсына «Правовые проблемы развития малого бизнеса в Казахстане» тақырыбымен 1- орынға ие болды.

Биылғы жылы факультеттің 7 студенті «Студент-зерттеуші» атағының иегерлері болды: Жетібай Бернар Жасұзақұлы, Нурова Еркеназ Елдосқызы, Мелдебек Айсұлу Арынбекқызы, Оразбек Дінмұхамед Мұхтарұлы, Саитбаева Адиля Абдумаликовна, Зиилдаева Айжан Русланкызы, Сағымбаева Альбина Ерболатқызы.

Факультет тарапынан орнатылған халықаралық байланыстар

-Болгария, Қырғызстан, Беларусь, Чехия елдерімен, атап айтқанда:

-Түркия, «Балыкесер», Хитит, Hitit University (HU) университеттерімен;

-Польша - Корфантого атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университетімен;

-Грузия мемлекетінің Акаки Церетели университетімен;

-Италия мемлекетінің Камерино университетімен;

-М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен;

-А.С. Грибоедов атындағы Мәскеу университетімен;

- Болгария мемлекетінің Черноризец Храбр атындағы Варна еркін университетімен;

-Турция мемлекетінің Мугла Сыткы Кочман университетімен;

-Литва - Вильнюс университетімен;

-Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетімен, Беларусь;

-Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетімен және т.б. ЖОО-мен халықаралық байланыс орнатылған.

Факультеттің оқу әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру және орындалу сапасын бақылаушы құрылым ретінде оқу әдістемелік бюро жұмыс істейді. Факультеттің оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспары бекітілген іс шаралар мерзімінде орындалып отырды. «Экономика және құқық» факультетінің оқу-әдістемелік жұмыстары Қазақстан Республикасы БжҒМ Жоғары оқу орындарына қойылған міндетті талаптарына сәйкес орындалады. Факультет кафедраларында курстық жұмысты, дипломдық жұмыстарды және магистрлік диссертацияларды жазу бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірленген. Кафедрлардың оқу-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру мақсатында әдістемелік семинарлар өткізіліп отырады. Сонымен қатар, кафедралардың пәндері бойынша оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, қашықтықтан оқыту үрдістерін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету ғылыми әдістемелік бюрода талқыланып отырады. Факультеттің оқу әдістемелік бюросында оқу жылында шығарылуға ұсынылған оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, монография мен электрондық ресурстардың, оқу үрдісін заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету деңгейлері, жұмыс оқу бағдарламалары (силлабус), оқу-әдістемелік кешендерді жоспарлау мәселелері қаралып отырады.

Факультеттің профессорлық оқытушылық ұжымы өздерінің оқу-әдістемелік іс-шараларын жоғарғы оқу жүйесінің талаптарына сай ұйымдастырады және оның ғылыми педагогикалық әлеуеті бакалаврлар мен магистрлерді даярлауға мүмкіндік береді. Факультет профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын құқық және экономика бағытында оқу әдістемелік жұмыстар жоспарлап орындап отырады.

Оқу үрдісі және оның сапасы өзара сабаққа қатысу және ашық сабақ жүргізу түрінде қадағаланады. Жылдан жылға оқытудың қазіргі заманға сай жаңа педагогикалық технологиялары мен тәсілдері оқу процесіне енгізілуде. Кафедраның профессор - оқытушылары дөңгелек стол, шағын топтарға бөліп өткізу, дебат сияқты әдістерді кеңінен қолдануда. Кафедрада жаңа технологиялар мен электронды оқулықтар және оқудың жаңа әдістерін ендірумен студенттердің танымдық қызметін белсендіру саласында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік тілде оқу үрдісін және оқу-әдістемелік жұмыстары ұйымдастыруға ерекше назар бөлінеді. Мамандыққа қажетті барлық оқу-әдістемелік құралдар қазақ тілінде және орыс тілінде, ал көптілді білім алу топтары үшін ағылшын тілінде әзірленген.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика Және құқық» факультетінде оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады.

Тәрбие жұмыстарын жүргізудегі барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрдегі бірлескен жұмыстың шеңберімен қамтылады.

Тәрбие жұмысының мақсаты:

•Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады.

•Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жұмыс жүргізу;

•Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.

•Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

И•Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында жастар патриотизм тәрбиелеуге және мұғалімдердің сана-сезімін жаңғыртуға аса мән береді.

Тәрбие жұмысының міндеттері:

1.Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.

2.Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ет

3.Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.

4.Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.

5.Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ эволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басшылыққа алуына ықпал ету.

6.Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

7.Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

8.Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.

9.Балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру.

10.Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен аулыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады.Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі, ұлт ететін мәдени-генетикалық кодтың негізі.

Білім беру бағдарламалары

Факультетте мамандар даярлайтын 6 кафедрада 22 білім беру бағдарламасы бар. Оның 12 бакалавр, 10 магистратура. Факультеттегі білім беру бағдарламаларының тізімі:

6В04114 - Мемлекеттік және жергілікті басқару

6B04128 - Менеджмент

6В04114 - Бизнес менеджменті

6B04118 - Бизнес экономикасы

6В04111 - Кәсіпкерліктің бухгалтерлік есебі, аудиті және салық салуы

6В04117 - Қаржы

6B11111 - Туристік бизнес

6B11114 - Мейрамхана iсi және мейманхана бизнесi

6B04211 - Қылмыстық құқық және процесс6B04212 - Мемлекеттік қызмет және әкімшілік құқық

6B04213 - Азаматтық құқық және процесс

6B04214 - Құқықтану

Байланыс нөмірлері: 8(7262) 42-59-19

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Мекен-жайы: Тараз қ., Сулейманова 13