Факультетті дамытудың стратегиялық бағыттары
2023 жылдың қазан айынның 20 жұлдызында №369/1 бұйрығына сәйкес «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті құрылды.
Жаратылыстану ғылымдары факультетінің миссиясы - қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге қабілетті жаратылыстану ғылымдары саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.
Осы мақсатқа жету үшін факультет келесі міндеттерді орындайды:
- Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаратылыстану ғылымдары саласындағы мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін дамытады.
- Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен және ұйымдарымен ынтымақтасады.
Факультет ұжымы қоғам алдындағы барлық жауапкершілікті сезіне отырып, ұжым ішінде де, білім алушылармен де өзара сыйластық пен сенім қағидаттарын ұдайы ұстанады, кәсіби шығармашылық пен ынта-жігерді жетілдіреді, командалық рух пен мақсаттардың ортақтығын сақтау қағидаттарын ұстанады.
«Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің миссиясына сәйкес оның қызметі келесі нәтижелерге бағытталған:
- Жаратылыстану ғылымдарының түлектері әртүрлі салаларда табысты жұмыс істеу үшін қажетті жаратылыстану ғылымдары бойынша терең білім мен дағдыларға ие.
- Жаратылыстану ғылымдары факультеті ғылым мен білімнің дамуына елеулі үлес қосады, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді.
- Жаратылыстану ғылымдары факультеті ғылымды халық арасында танымал ете отырып, жаратылыстану ғылымдарын тарату орталығы болып табылады.
Осы нәтижелерге қол жеткізу «Жаратылыстану ғылымдары» факультетіне қоғамның дамуына үлес қосуға және қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Ғылыми - зерттеу жұмыстары
Факультет ПОҚ мен студенттердің ғылыми жұмыстарына көп көңіл бөледі. Сонымен қатар факультеттің ПОҚ түрлі конкурстар мен гранттардың жеңімпаздары болып табылады.
«Математика» кафедрасы
ҚР ЖБҒМ тарапынан қаржыландыратын гранттық жобалар:
- Классикалық емес типтегі нұқсанды дифференциалдық операторлардың спектрлік мәселелері. Іске асыру жылдары: 2013-2015 жж. Мемлекеттік тіркеу №0113РК01066.
- Аралас типті сингулярлы дифференциалдық операторлардың шектелген қайтарымдылығы және спектрлік қасиеттері туралы. Іске асыру жылдары: 2015-2017 жж. Мемлекеттік тіркеу №0115РК02936.
- AP05131080 « кеңістігіндегі гиперболалық типті сингулярлы дифференциалдық операторлардың резольвентасының бар болуы және спектрінің дискреттілігі». Іске асыру жылдары: 2018-2020 жж. Мемлекеттік тіркеу №0118РК01098.
- AP08855802 « кеңістігінде коэффициенттері жылдам өсетін,тез тербелмелі аралас типті операторлардың резольвентасының бар болуы, компактілігі және меншікті сандарының, s-сандарының бағалаулары». Іске асыру жылдары: 2020-2022 жж. Мемлекеттік тіркеу №0120РК00618.
- АР19676466 «Сингулярлы үшінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің шешімдерінің максималды регулярлығы мен дифференциалдық қасиеттері». Іске асыру жылдары: 2023-2025 жж.
Ғылыми жарияланымдар
Кафедра ғалымдары соңғы 5 жылда Scopus және Web of Science деректер базасына енетін 15 ғылыми мақала жариялады. Олардың көпшілігі квартилі мен процетилі жоғары журналдарда жарияланды (Q1, 90-нан жоғары).
«Физика және информатика» кафедрасы
- Нурбердиев А.Т. жетекшілігімен 2024 жылғы студенттердің ғылыми жұмыстарының Республикалық байқауында үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін физика мұғалімдерін даярлау БББ 3 курс студенті Ерғали Айдос ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
- Scopus базасына жарияланған ғылыми еңбектердің тізімі - 4
- Гранттық қаржыландыру -1
- Монография – 3
- ҚР БҒМ білім беру саласында бақылау комитеті ұсынған ғылыми еңбектердің тізімі – 18
- Республикалық журналдарға шыққан ғылыми еңбектердің тізімі – 11
- Шетелдік журналдарға шыққан ғылыми еңбектердің тізімі – 27
- Республикалық конференцияларда шыққан ғылыми еңбектердің тізімі - 19
- Халықаралық конференцияларда шыққан ғылыми еңбектердің тізімі – 27
- Университет журналдарында шыққан ғылыми еңбектердің тізімі – 10
- ТМД шыққан ғылыми еңбектердің тізімі – 8
«Биология» кафедрасы
- «Биология» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, б.ғ.к. Г.К. Зияева 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы, DP25900539 – «Қазақстанның Оңтүстік өңірінде одан әрі жармаға өңдей отырып, құрғақшылыққа төзімді және өнімділігі жоғары құмай өсірудің агротехнологиясын енгізу» жобасының ғылыми жетекшісі.
- «Биология» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Карабаева 2025-2027 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпазы. AP25794577 – «Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында алма ағашын жеміс кенелерінен қорғаудың экологияландырылған жүйесін жасау» тақырыбындағы жобаның ғылыми жетекшісі.
- 2025-2026 оқу жылының бірінші жарты жылдығында кафедра бойынша Scopus базасында 5, РИНЦ 1, Республикалық журналдарда 19, ҚР ҒжЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБССҚК) ұсынған журналдарда 9, Халықаралық конференция материалдарында 28, Республикалық конференция материалдарында 17, шетелдік ЖОО өкілдерімен 2 мақала жарық көрді. 2 патент, 5 авторлық куәлік алынды.
«Химия» кафедрасы
- 2020 жылдан бастап кафедраны химия ғылымдарының кандидаты Мажибаев Асылжан Кенжекереевич басқарады. Кафедра құрылған күннен бастап химияны оқыту әдістемесіне инновациялық тәсілдерді енгізіп, қызметкерлердің ғылыми-зерттеу нәтижелерін оқу процесіне пайдалану арқылы белсенді дамып келеді.
- Біз кафедраның жетістіктерін мақтан тұтамыз. Олардың ішінде мыналарды атап өтуге болады: ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру жобаларын іске асыруға қатысу (2012–2015 жж.); университеттің оқу корпусы негізінде заманауи химия және биология зертханаларын ашу (2015 ж.); магистратураның білім беру бағдарламасын іске қосу (2019 ж.); кафедраның жас оқытушылары Э. Камбарова мен Г. Шинышерованың докторлық диссертацияларын сәтті қорғауы (2023–2024 жж.); Д.И. Менделеев атындағы РХТУ мен бірлесіп «Менделеев сыныптары» халықаралық білім беру жобасын іске асыруды бастау (2023 ж.).
«Білім берудегі тарих және география» кафедрасы
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде 2025 жылдың 24–25 сәуірі аралығында «В014 – География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша студенттер арасында XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Аталған олимпиадаға
- 6B01512 – «География және тарих мұғалімдерін даярлау» БББ 1 курс студенті Медведев Д.К. және 6B01506 – «География мұғалімдерін даярлау» БББ 3 курс студенті Жанелов Қ.К. қатысты. Жетекшісі – п.ғ.к., доцент м.а. А.Қ. Даменова. (3 орын)
- Scopus базасына жарияланған ғылыми еңбектердің тізімі - 2
- Ғылым минитстрлігінің бекіткен журналдағы мақалалары – 13
- Ринц - 1
- Гранттық қаржыландыру -1
- Монография – 2
Оқу-әдістемелік жұмыстар
Факультеттегі оқу – әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жағдай жасау. Оқу-әдістемелік жұмысқа басшылықты деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
Факультетте 19 бакалавриат, 7 магистратура, 1 докторантура бойынша білім беру бағдарламасы бар. Білім беру бағдарламалары мазмұны әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің сұраныстарына бағытталған.
Студенттер контингентін 1519 бакалавр, 105 магистрант, 3 доктарант құрайды (грантта оқитындар саны 714 студент). Факультет ПОҚ-ы алдыңғы қатарлы шетел, республикалық ЖОО және орталықтарында жыл сайын біліктілерін жоғарылатады: NewCastleуниверситеті (Ұлыбритания), Вильдау қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Ұлы Витаутас университеті (Литва), Senior Expert Service, НЗМ ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУжәнет.б., ғылыми-әдістемелік конференцияларына, семинарларына, тренингтерге белсенді түрде қатысады. Магистранттар контингенті 105 адамды құрайды, грантта оқитындар саны 81.
Факультет білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультеттің ғимараттары санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Оқу аудиториялары, лабораториялық базалар, оқу кабинеттері, жатақхана және басқа да орындар, спорттық кешендер бекітілген нормалар мен тәртіпке сай.
Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы жаңарту және жетілдіру мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.
Тәрбие жұмыстары
Университеттегі тәрбие жұмысы – білім беру үдерісінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның негізгі мақсаты– білім алушылардың кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуымен қатар, олардың азаматтық ұстанымын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, әлеуметтік жауапкершілігін дамыту.
«Жаратылыстану ғылымдары» факультетіндегі тәрбие жұмысы университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылады. Бұл бағытта студенттердің зияткерлік, мәдени, патриоттық және әлеуметтік белсенділігін арттыруға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, кураторлық сағаттар, ғылыми-танымдық кездесулер, дебаттық турнирлер, қайырымдылық акциялары, мәдени кештер, спорттық жарыстар мен волонтерлік жобалар өткізіледі.Сонымен қатар, студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау және жастар саясатын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі.
Факультеттегі тәрбие жұмысы – болашақ мамандарды кәсіби тұрғыда ғана емес, тұлғалық және әлеуметтік жағынан да жан-жақты дамытуды көздейтін кешенді үдеріс.
Оның басты мақсаты – білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін, рухани-адамгершілік құндылықтарын, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру және жан-жақты дамуына жағдай жасау. Тәрбие жұмысымен факультетте 5 аға куратор, 55 куратор айналысады. Тәрбие жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстар факультеттің желі парақшаларына салынып отырады:
https://www.instagram.com/zharatylystanu_fac?igsh=MW1ldzRvZ3EwMWg3Zw==
Факультетте тәрбие жұмысы сапа саласы мақсаттарының жүзеге асырылу жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, тәрбие жүйесінің біртұтастық принципіне негізделген: тәрбие үрдісінің әдістері мен формаларын жасау, шығармашылық ойлауды дамыту, рухани-адамгершілік және эстетикалық мәдениет, сондай-ақ, азаматтық позициясы мен саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан, көп конфессиялық және көп ұлттылық жағдайында тәрбиеленген, салауатты өмір салтын қалыптастырған студентті жан-жақты, үйлесімді тұлға ретінде дамыту бағытындағы тәрбиелік іс-шаралар кешені қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шаралар арқылы жүзеге асырылады.
Факультетте тәрбие үрдісінің түрлі бағыттары бойынша көптеген мәдени-көпшілік іс-шаралар атқарылады. Студентерге арналып түрлі тақырыптағы ғылыми-практикалық конференциялар; жастар акциялары; флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер; түрлі шығармашылық жанрдағы байқаулар (ән-би байқаулары, жатақхана бөлмесінің үздік безендірілген үлгісі, студенттік үздік тағам, т.б.); спорттық жарыстар, спартакиадалар; балалар үйіне, мүгедек балалар үйіне, қарттар үйіне қамқорлық акциялары; көрнекті қоғам және саясат қайраткерлерімен, құқық қорғау органдары өкілдерімен, денсаулық сақтау органдары және түрлі діни конфессиялар өкілдерімен, телеарна және республикалық, облыстық бұқаралық баспасөз тілшілерімен, жазушылармен, әртістермен және т.б. кездесулер ұйымдастырылып отырылады.
Факультеттің тәрбие жұмысының жоспары ТарӨУ-дың 2023-2024 оқу жылына арналған тәрбиелік жұмыс жоспарының негізінде құрастырылып, бекітілді.
Тәрбие жұмыстарының негізгі функциялары:
- Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің нормативті-құқықтық актілері мен өкімдік құжаттарына, халықаралық және республикалық сапа стандарттарына, Университет Жарғысына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
- жоспарлардың тұжырымдамаларын және т.б., тәрбие үрдісі бойынша құжаттарды әзірлеу, бекіту, олардың орындалуын бақылау;
- Академиялық топ кураторларының және факультеттің студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы іс-шаралардың орындалуын және есептерін қарау;
- Факультеттің, кафедралардың, студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстары бойынша жоспарлар мен есептердің сапасын тексеруді жүзеге асыру, олардың нақты орындалуы;
- Кураторлар кеңесінің, Факультеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі кеңестің, құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп бойынша кеңестің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
- Студенттің жеке дамуына қолайлы жағдай жасауға және рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал ету;
- Факультеттің тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Тәрбие жұмыстары 7 бағыт бойынша жүргізеледі:
- Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар;
- Жастар саясаты;
- Азаматтық – патриоттық тәрбие;
- Рухани – адамгершілік тәрбие;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқықтық тәрбие;
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- Студенттердің шығармашылығын дамыту.

«Үздік студенттік деканат» номинациясымен марапаттау сәті.

Тоқпанова Асель республикалық деңгейдегі Тәуелсіздік ұрпақтары гранттық жобасының жеңімпазы.
№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында қарттарға арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында қарттарға арналған мерекелік іс-шара өткізілді
Материалдық-техникалық базасы
Факультет білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультеттің ғимараттары санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Оқу аудиториялары, лабораториялық базалар, оқу кабинеттері, жатақхана және басқа да орындар, спорттық кешендер бекітілген нормалар мен тәртәпке сай.
«Математика» кафедрасы
«Математика» кафедрасына 16 арнайы оқу аудиториялары мен кабинеттер бекітілген, оның ішінде академик М.Өтелбаев аудиториясы (5.1-402), профессор М.Мұратбеков аудиториясы (5.3-503), «Математиканы оқыту әдістемесі» аудиториясы (5.3-510), магистранттарға арналған кабинет (5.3-501), оқытушыларға арналған кабинеттер (5.3-508, 5.3-515). Бірнеше аудиториялар компьютерлік техникамен, мультимедиялық құралдармен (компьютерлер, принтерлер, интерактивті тақталар) жабдықталған.
«Физика және информатика» кафедрасы
«Физика және информатика» кафедрасына 18 оқу аудиториялары мен зертханалар және компьютерлік класстар бекітілген. Оның ішінде оқытушыларға арналған кабинеттер (5.3 305, 5.3 313), лекция залдары (5.3-304, 5.3 203), білім берудегі инновацияық технологияларды қолдану аудиториясы (5.3 204), мультимедиялық аудитория (5.3 206), астрономия кабинеті (5.3-310), лекция залы «Arduino UNO» (5.2 301), «Робототехники» «Lego Mindstorms EV3» аудиториясы (5.2 302), радиоэлектроника кабинеті (5.3-312), мектеп типіндегі физика кабинеті (5.3-309), сондай-ақ арнайы зертханалар: «Оптика», «Физика атомы және атом ядросы» (5.2-303), «Электр және магнетизм» (5.2-304), «Молекулалық физика» (5.2-305), «Механика» (5.2-306) және компьютерлік класстар (5.3-202, 5.3-209, 5.2-300) бекітілген.
Барлық аудиториялар мен зертханалар оқу үдерісін ұйымдастыруға арналған қажетті құрал-жабдықтармен және заманауи компьютерлік техникамен (компьютерлер, принтерлер, интерактивті тақталар және т.б.) қамтамасыз етілген.
«Биология» кафедрасы
«Биология» кафедрасында мамандандырылған арнайы лабораториялар мен құрал-жабдықтармен толығымен қамтылған. Спектрофотометр-жарық толқынының ұзындығына байланысты екі монохроматты жарық ағымдарының интенсивтіліктерінің қатынасын өлшеуге арналған оптикалық аспап. Спектрофотометр жарық көзінен, монохроматордан, жарық қабылдағыштан және тіркеу құрылғысынан тұрады. Әр түрлі денелердің 0,185 ... 200 мкм диапазонда нұр шашу, сіңіру және шағылыстыру қабілетін өлшеу үшін пайдаланылады.
SOPTOP EX30 зертханалық микроскопында 22 мм окулярлардың кең көру өрісі бар. Микроскоп бинокулярлы немесе тринокулярлы түтікпен жабдықталған. Зертхананың міндеттеріне байланысты әртүрлі конфигурацияларда ұсынылады: Rif модулі, фазалық контраст, поляризация және фотоаппаратта да, компьютерде де суретке түсіру мүмкіндігі бар цифрлық планшеттік камера қосылған. Препараттарды көруге толық мүмкіндік бар.
Жаңа эргономикалық дизайн, тұрақты микроскоп негізі, жұмыс істеу оңай, әртүрлі жұмыс жағдайларына жарамды.
Модульдік дизайн, флуоресценциямен, фазалық контрастпен, поляризациямен, қараңғы өріс режимдерімен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Модульдер жарық өріс режиміне негізделген. Клиникалық диагностика, патологиялық сынақтар, білім беру мақсатында және т.б. үшін кеңінен қолданылады.
5.2.202 «Қолданбалы биология» зертханасы, 5.3.402 «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» зертханасы, 5.3.404 «Адам және жануарлар физиологиясы» зертханасы, 5.3.409 «Биоинформатика және жасанды интеллект» зертханасы, 5.3.410 «Адам анатомиясы. Оқушылардың физиологиялық дамуы» зертханасы, 5.3.412 «Ботаника және өсімдіктер систематикасы» зертханасы, 5.3.414 «Омыртқасыздар және Омыртқалылар зоологиясы» зертханасы, 5.3.415 - «Өсімдіктер физиологиясы», «Микробиология және вирусология» зертханасы, 5.3.416 «Генетика», «Молекулалық биология» зертханасы, 5.3.417 «Цитология және гистология» зертханасы, 5.3.418 Магистранттарға арналған ғылыми-зерттеу зертханасы, 5.3.212 Лекция залы, «Зоологиялық музей», 5.3.401 Лекция Залы, 5.3.407 Биологиядан инновациялық оқу-әдістемелік кабинет.
«Химия» кафедрасы
«Химия» кафедрасына 14 оқу аудиториялары мен зертханалары және кабинеттер бекітілген, оның ішінде (5.3.306) магистранттарға арналған кабинет, оқытушыларғаарналған кабинеттер (5.3.207, 5.3.208), зертханалар (5.2.201, 5.2.203, 5.2.204,5.2.205, 5.2.206, 5.3.215), препараттар кабинеті (5.2.207). Зертханалар толығымен және бірнеше аудиторияларкомпьютерлік техникамен, құралдармен (компьютерлер, принтерлер, интерактивтітақталар) жабдықталған.
«Химия» кафедрасы мамандандырылған арнайы лабораториялар мен құрал-жабдықтармен (Аналитикалық таразы, техникалық таразы, кептіргіш шкаф, муфель пеші, спектрофотометр DR 2800, спектрофотометр DR 3900, концентрационный электроколориметр КФК 3, фотометр HANNA, су моншасы, құм моншасы, рефрактометр ИРФ 24, иономер универсиальный ЭВ 74, вискозиметр ротационный, весы прецизионные, рН-метр, вискозиметр стеклянный, магнитная мешалка, колба Вьюрца, плитка электрическая, иономер pH-160 M, кондуктометр солемер) қамтылған және оқудың инновациялық технологиясы енгізілген.
«Білім берудегі тарих және география» кафедрасы
«Білім берудегі тарих және география» кафедрасына қарасты білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер мен магистранттар № 2.5 және 5.3 оқу корпустарында білім алады. Мұнда 4 компьютерлік сынып, 1 ресурстық орталық, кітапхана абонементі және ақпараттық арналарға, интернеттің жергілікті желісіне қолжетімділігі бар оқу залы орналасқан.
«Білім берудегі тарих және география» кафедрасына арнайы оқу аудиториялары мен кабинеттер бекітілген, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері, т. ғ.к., профессор Ш. А. Әділов атындағы кабинет (2.5 -314), ҚР гуманитарлық академиясының корр. мүшесі т.ғ.к., профессор Ж.К. Боданов атындағы кабинет (2.5-316), т.ғ.к., доцент Р.Байлыбеков атындағы (оқу-әдістемелік) аудитория (2.5-327), т.ғ.к.,профессор Р. Мылтықбаев атындағы дәріс аудиториясы (2.5-318), ҚР Халық қаһарманы Ғ. Байтасов атындағы дәріс аудиториясы(2.5-425). Бірнеше аудиториялар компьютерлік техникамен, мультимедиялық құралдармен (компьютерлер, принтерлер, интерактивті тақталар) жабдықталған.
Факультет жетістігі
«ЖАС ҒАЛЫМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
2025-2027 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінде қос педагогы бар:

Еркебұлан Гүлнұр Тұратайқызы – «Физика и информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), PhD доктор: «Жетілдірілген өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар» атты приоритетті бағыты бойынша ғылыми жобаның тақырыбы: «Нейрондық желі алгоритмдері негізінде мәтінді аудару және қазақ тілін оқытудың адаптивті жүйесі» (ИРН АР25793799).
Қарабаева Әсел Асқарқызы – «Биология» кафедрасының аға оқытушысы: «Экология, қоршаған орта және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бағыты бойынша ғылыми жобаның тақырыбы: «Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жағдайында алма ағаштарын жеміс кенелерінен қорғаудың экологиялық таза жүйесін құру» (IRN AP25797095)
ҒЫЛЫМ МЕН ИННОВАЦИЯДА ТАҒЫ БІР ҮЛКЕН ЖЕТІСТІГІ.

Дулати университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Биология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнәр Зияева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру байқауында 350 миллион теңгелік грантқа ие болды!
Жоба тақырыбы: «Қазақстанның оңтүстік аймағында құрғақшылыққа төзімді және жоғары өнімді құмай өсірудің агротехнологиясын одан әрі дәнді дақылдарға өңдей отырып енгізу».
Құмай – экологиялық тұрғыдан тиімді, құрғақ климатқа бейімделген, әрі ауыл шаруашылығында үлкен әлеуетке ие өсімдік. Бұл жобаның іске асуы елдегі азық-түлік қауіпсіздігін арттырып, агроөнеркәсіптік салаға жаңа серпін береді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына инновациялық тәсілдерді енгізуге жол ашады.
Гүлнәр Керімбекқызын құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!
ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ FUTURE MAKERS ХАКАТОНЫНДА 1 ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері Шымкент қаласында өткен FUTURE MAKERS хакатонына қатысып Сейдазимов Айбек пен Краснобаев Никита Шымкент 1-орын иеленді!
Белсенді студенттеріміз өздерінің креативті идеялары мен үздік жобаларын ұсыну арқылы 700 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты жеңіп алды!
Жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз көп болсын! Шығармашылық жұмыстарыңызға толағай табыстар тілейміз!
ФАКУЛЬТЕТІМІЗДІҢ СТУДЕНТІ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен жастардың жаңа идеялары мен бастамаларын қолдау мақсатында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталады. Грант «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша грант беріліп, әр жобаға 3 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.
Аталған байқау қорытындысы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша — Дулати университетінің студенті Токпанова Асель өз жобаларын сәтті қорғап, 3 миллион теңге көлеміндегі грантты иеленді.
Бұл жетістік университет ұжымының жастар бастамаларын қолдауға бағытталған жүйелі жұмысының және білім алушылар мен қызметкерлердің белсенді азаматтық ұстанымының нәтижесі болып табылады.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ; БЕЛСЕНДІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Түлектерімізбен мақтанамыз
Түлектерімізбен мақтанамыз | Жаратылыстану ғылымдары факультеті







