Факультетті дамытудың стратегиялық бағыттары
2023 жылғы қазан айының 20 жұлдызындағы №369/1 бұйрығына сәйкес «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультеті құрылды.
Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің миссиясы – тіл білімі, әдебиет, аударма ісі және гуманитарлық ғылымдар саласында терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгерген, көптілді және көпмәдениетті ортада кәсіби қызмет атқара алатын, халықаралық, ұлттық және өңірлік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.
Осы мақсатқа жету үшін факультет келесі міндеттерді орындайды:
- филология және гуманитарлық ғылымдар саласында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары деңгейдегі мамандар даярлау;
- тіл білімі, әдебиеттану, аударматану және мәдениетаралық коммуникация бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
- білім беру процесіне заманауи педагогикалық және цифрлық технологияларды енгізу;
- әлемнің жетекші ғылыми және білім беру орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту;
- студенттердің тілдік, коммуникативтік және мәдениетаралық құзыреттерін қалыптастыру.
Факультет ұжымы қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, ұжым ішінде де, білім алушылармен де өзара құрмет пен сенім қағидаттарын ұстанады, кәсіби шығармашылықты, академиялық адалдықты және командалық жұмысты дамытуға ерекше көңіл бөледі.
Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің миссиясына сәйкес оның қызметі келесі нәтижелерге бағытталған:
- факультет түлектері тіл білімі, әдебиет, аударма және халықаралық коммуникация салаларында табысты қызмет етуге мүмкіндік беретін терең білім мен кәсіби дағдыларға ие болады;
- факультет филология және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыта отырып, білім мен ғылымның дамуына елеулі үлес қосады;
- факультет тілдік және мәдени білімді қоғам арасында кеңінен насихаттайтын ғылыми-білім беру орталығы ретінде қалыптасады.
Аталған нәтижелерге қол жеткізу Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетіне қоғамның мәдени, тілдік және зияткерлік дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Ғылыми - зерттеу жұмыстары
Факультеттің басым стратегиялық бағыттарының бірі – ғылымды дамыту және халықаралық деңгейдегі зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізу нәтижесінде факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларына енгізілген журналдарда, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБССҚК) ұсынған басылымдарда, сондай-ақ халықаралық, республикалық және университеттің «Дулати Хабаршысы» журналында ғылыми мақалалар жариялауды тұрақты түрде жүзеге асырады. Сонымен қатар шетелдік, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысып, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді.
2025-2026 күнтізбелік жылда факультет бойынша барлығы 219 ғылыми еңбек жарық көрді: монография – 5; Scopus базасына кіретін журналдарда – 17 мақала; Web of Science базасына кіретін журналдарда – 1 мақала; ҚР ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда – 19 мақала; конференция материалдарында – 182 мақала жарияланды.
Факультет ғалымдары түрлі ғылыми бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіп, ғылыми жобалар конкурстары мен гранттық қаржыландыру бағдарламаларына белсенді қатысады. Атап айтқанда, 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсына – 3 оқытушы, ал 2026–2028 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы аясындағы жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсына – 2 оқытушы өтінім берді.
Факультетте 9 ғылыми үйірме жұмыс істейді. Студенттік ғылыми үйірмелердің (СҒҮ) негізгі мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, олардың ғылыми жобаларға қатысуы арқылы шығармашылық әлеуетін дамыту және қабілеттері мен кәсіби қызығушылықтарына сәйкес ғылыми ізденіске жағдай жасау.
«Болашақ» халықаралық бағдарламасының «500 ғалым» ғылыми тағылымдамасы аясында 2025 – 2026 жылғы грант иегерлері атанған факультет ғалымдары:
- Ауғанбаева Мая Амиржановна – «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының PhD докторы, АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінде 1 жыл мерзімге ғылыми тағылымдамадан өтеді.
- Құрманбекова Зульфия Рахматдилдаевна – «Журналистика және филология» кафедрасының PhD докторы, АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінде 1 жыл мерзімге ғылыми тағылымдамадан өтеді.
- Сәрсембаева Мирамкүл – филология ғылымдарының кандидаты, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы, Ұлыбританиядағы Сассекс университетінде 1 жыл мерзімге ғылыми тағылымдамадан өтуде.
2025 жылғы қараша айында Түркия Республикасы, Измир қаласындағы Эге университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында қауымдастырылған профессор, доцент м.а. Құрманбекова Зульфия Рахматдилдаевна және қауымдастырылған профессор, доцент м.а. Ауғанбаева Мая Амиржановна дәрістер оқып, ғылыми-академиялық тәжірибе алмасты. Аталған сапар екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, білім беру үдерісіндегі заманауи әдістер мен ғылыми бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Академиялық ұтқырлық аясындағы кездесулер халықаралық әріптестікті тереңдетуге және ғылым мен білім саласындағы өзара байланысты кеңейтуге ықпал етті.
Оқу-әдістемелік жұмыстар
Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетіндегі оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған қолайлы жағдайлар жасау. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және оған басшылық жасау деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары арқылы жүзеге асырылады.
Факультетте 10 бакалавриат, 5 магистратура және 2 докторантура білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламаларының мазмұны еңбек нарығының талаптарына, әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес қалыптастырылады.
Факультеттегі білім алушылар контингентін 2703 бакалавр, 75 магистрант және 11 докторант құрайды, олардың ішінде 513 студент мемлекеттік білім беру гранты негізінде білім алуда.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) жыл сайын жетекші шетелдік және республикалық жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында біліктілігін арттырады. Атап айтқанда: Ege University (Туркия), Хопкинс университеті (АҚШ), Малага (Испания), Швебиш Гмюнд (Германия), Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және басқа да білім және ғылым ұйымдарында тағылымдамалардан өтіп, ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар және тренингтерге белсенді қатысады.
Факультет білім беру бағдарламаларын сапалы жүзеге асыру үшін оқу процесіне қажетті барлық оқу-әдістемелік және оқу-материалдық ресурстармен қамтамасыз етілген. Факультет ғимараттары санитарлық талаптарға және өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес жабдықталған. Оқу аудиториялары, компьютерлік сыныптар, оқу кабинеттері, кітапхана, жатақхана және спорттық кешендер белгіленген нормативтік талаптарға толық сәйкес келеді.
Білім беру бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру үшін факультеттің материалдық-техникалық базасын жаңарту және жетілдіру бағытында жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Тәрбие жұмыстары
Студенттермен тәрбие жұмысы «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің оқу қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Академиялық топтардағы тәрбие сағаттарында студенттердің қоғамдық өміріне тікелей қатысы бар мәселелер қарастырылады: ішкі тәртіп ережелері, ел өміріндегі елеулі оқиғалар, салауатты өмір салтын насихаттау, топ үлгерімін талдау, университеттің тәрбие жұмысының және топтық жұмыстың жоспарларына сәйкес мерекелік іс-шараларды дайындау. Кеңесшілер құқықтық білім беру саласында белсенді жұмыс істейді: олар Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, Мемлекеттік бағдарламаларды және басқа да құжаттарды талқылайды. Сондай-ақ «Латын әліпбиіне көшу», «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» және т.б. тақырыптар бойынша кураторлық сағаттар өткізіледі.
Жыл сайын кафедра бойынша, жетекшілік ететін топтар бойынша тәрбие жұмысының жоспары жасалады. Эдвайзерлер кафедра мәжілістерінде орындалған жұмыстар бойынша есеп береді. Студенттер университетте және одан тыс жерлерде өткізілетін түрлі мәдени және спорттық іс-шараларға қатысады. Театрларға, мұражайларға бару ұйымдастырылған. Кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі: дөңгелек үстелдер, брейн-рингтер, конференциялар, олимпиадалар, кездесулер және т. б.
Факультет студенттері республикалық және жергілікті жастар ұйымдарының қызметіне, олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, конкурстарға, акцияларға, спорттық жарыстарға, патриоттық әндер конкурстарына, көркемөнерпаздар байқауларына белсенді қатысады. Кәсіптік бағдарлау жұмысы да үлкен тәрбиелік сипатқа ие, оған оқытушылармен қатар студенттер де белсенді қатысады. Филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінде мектеп оқушыларымен кәсіби бағдарлау бойынша іс-шаралар өткізу дәстүрге айналды. Факультет оқытушылары жеке және топтық кәсіби бағдарлау әңгімелерін, пікірталастарды, конференцияларды өткізеді, студенттердің университеттегі ашық есік күндеріне қатысуын ұйымдастырады. Факультетте Студенттік өзін-өзі басқару жүйесі жұмыс істейді, ол жастардың мүдделерін білдіруге және құқықтарын қорғауға, корпоративтік рухты, заманауи басқару дағдыларын қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті жандандыруға ықпал ететін түрлі әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға бағытталған.
Факультетімізде білімгерлерге рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие беру мақсатында «Тәж» әдеби-поэтикалық клубы, «Алаш тағылымы» тарихи-өлкетану клубы, сондай-ақ, «Қыз Жібек» психологиялық қыздар клубы сияқты түрлі үйірмелер жұмыс жасайды.
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
- Азаматтық-патриоттық: әлеуметтік-саяси сауаттылыққа тәрбиелеу, жастар арасында деструктивті саяси идеялардың таралуына жол бермеу, көпұлтты Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрі мен мәдениетіне, өнері мен дініне құрметпен және ұқыптылықпен қарау; мемлекеттік саясатты қолдауды қамтамасыз ету;
- Моральдық-рухани: студенттерді деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетке үйрету, діннің қоғамдағы орны мен рөлін түсіну;
- Құқықтық: жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу;
- Дене тәрбиесі: бұқаралық спортты дамыту, әуесқойлар арасындағы спорттық жарыстарға қатысу, білімгерлердің спорттық іс-әрекетін ұйымдастыру;
- Мәдени-шығармашылық: студенттік үйірмелерге қатысу, эстетикалық талғамын қалыптастыру, білімгерлердің шығармашылық өнерін дамыту;
- Әлеуметтік: әлеуметтік серіктестік принциптерін түсіндіру, волонтерлік студенттік қозғалысты қалыптастыру және дамыту.
Материалдық-техникалық базасы
Факультет білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін оқу үдерісіне қажетті барлық оқу-әдістемелік және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілген. Факультет ғимараттары санитарлық талаптарға және өрт қауіпсіздігі нормаларына толық сәйкес келеді. Оқу аудиториялары, зертханалық базалар, пәндік кабинеттер, жатақхана, спорттық кешендер және басқа да нысандар белгіленген нормативтік талаптар мен тәртіпке сай жабдықталған.
Факультетте келесі арнайы кабинеттер жұмыс істейді:
4.2–405 – «Латын әліпбиі» кабинеті
4.2–411 – «Түлектер» кабинеті
4.2–415 – «Абайтану» кабинеті
4.1–303 – М. Мырзахметұлы кабинеті
4.1–205 – «Толық адам» кабинеті
4.2–406 – Қазақ әдебиеті кабинеті
4.2–404 – «Алаштану» кабинеті
4.2-308 - «Discovery» мультимедиялық зертханасы
4.2 – 310 - «Impact» ғылыми-зерттеу ресурстық орталығы
4.2-311 - «Challenge» шет тілін оқыту әдістемесі кабинеті
4.2-313 – «Lingualand» дәріс залы
4.1-202 – «Harika Istanbul».
Факультет жетістігі
Қазақстан Республикасының «Үздік оқытушы» байқауының жеңімпаздары:
Абдыкадырова Т.Р. – ҚР үздік оқытушысы;
Абдрахман Г.А. - ҚР үздік оқытушысы;
Исабекова Г.Б. - ҚР үздік оқытушысы.
Профессор-оқытушылар құрамы арасынан ҚР Президентінің Болашақ халықаралық шәкіртақысының иегерлері:
Құдабаева П.А., Мамырханова Ж.Т., Назарбекова А.А., Құрманбекова З.Р., Ауғанбаева М.А., Сарсембаева М.
Студенттер арасынан Президенттік шәкіртақы иегерлері:
Ильясова Нурила Нұрымқызы, Тоқтарова Ақерке Әділханқызы, Копылова Екатерина Романовна, Бекмуханбетова Мадина, Мусабек Нұрай Маратбекқызы, Мәрек Мая Ерікқызы, Тоқсаба Мөлдір Еркенқызы, Бакирова Амина Рафкатовна, Дадаева Ясмин Ясиновна, Зулуфова Милена Болебековна, Мадыгулова Аянат Валихановна, Хаймулдина Ақбота Қайратқызы.
«Студент-зерттеуші» атағының иегерлері:
Кучумидзе Е., Басқынбаева Д., Ажибекова А., Копылова Е.
Студенттердің сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлығы (2025–2026 оқу жылы)
2025–2026 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша факультеттің 13 студенті шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында білім алды. Студенттер Испаниядағы Малага университеті мен Уэльва университетінде, Латвия университетінде (Латвия), Ұлы Витаутас университетінде (Литва), Лачжоу технологиялық университетінде (Қытай) және Кастамону университетінде (Түркия) білім алды. Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025–2026 оқу жылында 25 студент Қазақстанның серіктес жоғары оқу орындарында білім алды.
Шетелдік ғалымдарды тарту және халықаралық бағдарламалар
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламасы аясында университетке шетелдік ғалымдар шақырылды. Индонезиядағы Риау университетінің профессорлары Nur Islami және Annisa Permata Islami «Жер туралы ғылымдар» және «Ағылшын филологиясы» бағыттары бойынша дәрістер мен ғылыми сабақтар өткізді.
Ланьчжоу технологиялық университетімен (ҚХР) ынтымақтастық аясында 2025 жылы қытай тілі оқытушылары Luo Juanjuan, Wang Haixiao және Wang Xiaoli шақырылды.
PAS (Pacific Asia Society) бағдарламасы бойынша 2025–2026 жылдары Корея Республикасынан студенттер мен оқытушылар Университет Дулатиға келіп, білім беру және мәдени іс-шараларға қатысты.
Сонымен қатар университетте халықаралық бағдарламалар аясында шақырылған оқытушылар жұмыс істейді: корей тілі оқытушысы Song Yu Ha және Fulbright бағдарламасы бойынша ағылшын тілі ассистенті Emma Katharina Kim.
Түлектерімізбен мақтанамыз

Бахытұлы Қуаныш - 2010-2014 жж. 6В01700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының түлегі.
2026 жылдың 2 наурыздан бастап Бахытұлы Қуаныш Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданы білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ерболат Байұзақұлы Саурықов - қазақстандық ғалым, мемлекет қайраткері, VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. 1989 – 1994 жж. Жамбыл педагогикалық институты, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау мамандығының түлегі.
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020), "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" (2021), «Құрмет» ордені (2022) марапаттарының иегері.

Руслан Иманкулов — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі.

Татьяна Сергеевна Борисенко – «Знамя труда» Жамбыл облыстық газетінің редакциясы» ЖШС-нің бас редакторы

Қанат Көркемжан Бақытжанқызы – Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ-ның Жұртшылықпен байланыс басқармасында бас менеджер қызметін атқарады.
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті 2016-2020 жж. 6В01700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының түлегі. Кейін М. Х. Дулати университетінде магистратурада білім алып, 2025 жылы 8D01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау» білім бағдарламасы бойынша докторантураны аяқтады. Жыл студентi – 2019, Жас ғалым -2019 атақтарының иегері.

Дина Мухаринова – Оңтүстік әскери округінің баспасөз хатшысы.

Оңғарбаева Жанна Бүркітбаевна – Тараз қаласындағы №51 орта мектептің директоры.

Маралтай Райымбекұлы – ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты. 2018 жылы «Филология: қазақ филологиясы» магистратураны аяқтаған.

Қырбас Береке Құрманбайқызы - Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының түлегі. 1999 жылдан 2003 жылға дейін сол жерде оқыған еді. Қазіргі уақытта «Әуен аудармалары әлемі» аударма агенттігінің директоры және қаламыздағы сұранысқа ие аудармашы.
