«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің миссиясы
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті ректорының 2020 жылғы 2-ші қазаныңда жаңа құрылымына сәйкес «Ұстаз» институты құрылды. 2023 жылдың қазан айында университеттің жаңа құрылымдық өзгерістерге байланысты «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті болып қайта құрылды.
Факультеттің мақсаты педагогикалық білім беруді жаңғырту, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге. Қазіргі уақытта жаңғырту міндеттерінің бірі – білім алушылардың заманауи мектеп жағдайында зияткерлік мүмкіндіктерінің кең аясын дамытуға қабілетті, зерттеулер, рефлексия мен өз әріптестерімен өзара әрекеттер арқылы өз-өзін жетілдіруге дайын, жоғары академиялық білімдері, кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктері бар мұғалімдерді даярлау жүйесін дамыту болып табылады.
Факультет миссиясы - Инновациялық педагогикалық тәжірибе негізінде адами капиталды дайындау және құндылықтары: ашықтық, тазалық, креативтілік.
Өз қызметінде факультет келесі принциптерді басшылыққа алады:
- Заңдылық және әлеуметтік міндет. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті ҚР-ның қазіргі заңнамаларына, университеттің даму Стратегиясына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
- Өз ісіне берілгендігі мен Академиялық адалдық. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті педагогтың жеке адалдығын дамыта отырып педагогикалық кәсібіне берілгендік пен жауапкершілік сезімдерін қалыптастырады.
- Инновациялық және академиялық еркіндік. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті үнемі оқытудың студент орталықтандырылған, тәжірибеге-бағдарланған әдіс-тәсілдерін қолдануға ұмтылады.
- Ынтымақтастық – өзара әрекеттестік – креативтілік. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті ынтымақтастық, өзара әрекеттестік және креативтік қызмет негізінде педагогтар мен білім алушылардың үздіксіз оқытылуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды.
- Білім беру, ғылым және тәжірибенің кіріктірілуі. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер білім беру үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Берілген Принциптерін белсенді түрде насихаттау және оны ұстану «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің қоғамдық санасында Академиялық адалдық аумағы ретінде қалыптасуына ықпал етеді. «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің стратегиялық қызмет бағыттары:
- Педагогикалық білім беруді дамыту;
- Академиялық саясат;
- Инновациялық әлеуетті дамыту және оның жетістіктері;
- Әлеуметтік жаңғырту және тәрбие.
Материалдық-техникалық база
Факультет білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультеттің ғимараттары санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Оқу аудиториялары, лабораториялық базалар, оқу кабинеттері, жатақхана және басқа да орындар, спорттық кешендер бекітілген нормалар мен тәртәпке сай. Факультетте 5 оқу ғимараты, 1 жатақхана, 15 арнайы аудиториялар бар. Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы жаңарту және жетілдіру мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Факультетте 2 компьютерлік класс, 2 электронды оқу залы бар. Сондай-ақ 10 заманауи интерактивті проектор және 1 мобильді LED жүйемен жабдықталған.
Педагогикалық психология» кафедрасының материалдық-техникалық базасы
- 1-207 – «I-psychodiagnostics.kz» психологиялық орталығы
- 1-304 – «Е.Қонақбаев атындағы психологиялық-педагогикалық қолдау ғылыми-зерттеу орталығы»
- 2-313 – «Психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытудың ғылыми-әдістемелік орталығы»
- 1-407 – Академик К.Д. Бұзаубақова атындағы дәрісхана
- №3 жатақхана – «Жан сыры» оқу, ғылыми-зерттеу орталығы
Академик С. Дүйсебев атындағы ғылыми-зерттеу орталығы 5.1.302
Балалардың сөйлеуін дамыту мен түзетуді қолдау орталығы 5.2-114
Әлеуметтік бейімдеу және қолдау ғылыми-әдістемелік орталығы 5.1.204
Факультет жетістігі
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінде ғылыми және салалық академия мүшелері мен байқау лауреаттары болып табылатын профессор-оқытушылар құрамы қызмет етеді. Кешендер институттың үздік бітірушілерімен ұдайы толықтырылып отырады.
«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті тұрақты түрде «Жыл маманы», «Сала көшбасшысы», «ЖОО Үздік оқытушысы», «Үздік педагог», «Ең үздік ғылым кандидаты», «Құрмет грамоталары», «Алғыс хатттармен» және т.б. номинациялар бойынша ұлттық сертификаттарға ие.
Факультет студент бойында тұлғалық, әділдік, кәсіби борышына адалдық және басқа адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетіне құрметпен қарау сынды құндылықтар мен ұстанымдарды дамытуға ұмтылады.
«Әлеуметтік психология» кафедрасының профессоры Керимбаева Рысты Калдыхановна Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ұйымдастырған 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы атанды.
Ғылыми жобаның тақырыбы AP26104365 - «Мектепке дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті ортаға ойын арқылы бейімдеудің әлеуметтік-педагогикалық шарттары». Жобаның өзектілігі-мектепке дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті ортаға бейімдеуге арналған ойын ресурстарын әзірлеу, оны оқыту үрдісіне ендіру, өнімдерге патенттер алу, коммерцияландыруға даярлау. Жоба өте жоғары балмен бағаланып, 90 миллион грантты иеленді.
2025 жылдың 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері» күнінде Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы профессор Керимбаева Рысты Калдыхановнаны «Қазақстан Республикасының Тіл саясатын жүзеге асыруға белсенді атсалысып, мемлекеттік тілді насихаттау мен дамыту ісіне қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің құрмет грамотасымен марапатталды. Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұжымы Рысты Калдыхановнаға зор денсаулық, ұзақ өмір, ғылым мен білім жолындағы еңбектеріне шығармашылық табыстар тілейді!!!

Алпысбай Ләйла Алпысбайқызы диссертациясын сәтті қорғады!
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, “Педагогика және әлеуметтік ғылымдар” факультетінің “Әлеуметтік психология” кафедрасының аға оқытушысы Алпысбай Ләйла Алпысбайқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін “8D01101 – Педагогика және психология” білім беру бағдарламасы бойынша “Мектептің білім беру ортасын өлшеу мен бағалауда болашақ педагог-психологтардың құзыреттіліктерін дамыту” тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады!

ҚР мәдениет қайраткері, профессор ҚАБИЕВА АЙГҮЛ ҚАБИҚЫЗЫ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылдың 21 қазанындағы Жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен марапатталды.
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті, “Мәдениет және өнер” кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері, профессор ҚАБИЕВА АЙГҮЛ ҚАБИҚЫЗЫ Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2025 жылдың 21 қазанындағы Жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл – Айгүл Қабиқызының мәдениет пен өнер саласындағы көп жылғы табысты еңбегінің, жас ұрпақты ұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеудегі зор үлесінің және білім мен ғылым саласына қосқан айрықша еңбегінің жоғары бағалануы. М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ұжымы Айгүл Қабиқызын осы мәртебелі мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтайды! Ол кісінің шығармашылық ізденісі мен ұстаздық еңбегі әлі де талай шәкіртке шабыт, мәдениет әлеміне өрнек боларына сенімдіміз.

28 қараша 2025 ж.
25-26 қарашада Алматыда ірі студенттер форумы өтті.
ХТЧ 22-2 тобының 4 курс студенті Сабина Илхамовна Гребенюк университеттің қоғамдық және жобалық іс-шараларына белсенді қатысады. Ол ENACTUS DULATY командасында әкімшілік істер жөніндегі вице-капитан қызметін атқарды. Өз рөлінің бір бөлігі ретінде ол команданың ұйымдастырушылық үйлестіруін қадағалады, жауапкершіліктерді бөлуге, ішкі тәртіпті сақтауға және басқа топ мүшелерімен тиімді ынтымақтастыққа жауапты.
ENACTUS DULATY командасы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырады. Студенттер жобалық іс-шараларға қатысу арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және университеттің оң имиджін дамытуға зор үлес қосады.
25-26 қарашада Алматыда ірі форум өтті, онда ENACTUS DULATY командасы жоғары дайындық деңгейін, бастамашылдық пен кәсіби көзқарасты көрсете отырып, өз жобаларын ұсынды. Студенттер өз жобаларының маңыздылығы мен өзектілігін растай отырып, өз командасын және университетті құрметтеді.

28 қаңтар 2026ж.
ПОСТДОКТОРАНТУРА СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ!
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті аттестаттау комиссиясының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №21 хаттамасы және 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №05-04/1083 бұйрығы негізінде Айтенова Эльмира Абдикалиевна «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша постдокторантура бағдарламасын толық меңгергенін растайды.
Құрметті Эльмира Абдикалиевна! Сізді осы маңызды ғылыми жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздық жолыңызға, ғылыми ізденістеріңізге толағай табыс тілейміз.
Алда жаңа жетістіктер мен биік белестер көп болсын!

«Егемендіктің ұлық нышаны» көрме-байқауы
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Көркемсурет галереясында Шәкен Ниязбековтың туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған суретшілер арасындағы «Егемендіктің ұлық нышаны» атты көрме-байқау өз мәресіне жетті. Осы айтулы шарада М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Музыка және көркемдік білім» кафедрасы, «Көркемдік білім беру (IP)» мамандығының 1-курс студенттері тамаша нәтижелерге қол жеткізді: Ұлмаханова Асия - 1 орын, Рахымбай Қымбат - 3 орын. Жүлделі орын иегерлері ҚР Мемлекеттік Туының авторы, танымал суретші, жерлесіміз Шәкен Ниязбековтің шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда облыс әкімінің орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды.
Ғылыми-тәжірибелік жиынға өнер саласының беделді тұлғалары қатысты:
- ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан суретшілер және мүсіншілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов
- Тәжікстан суретшілер одағының төрайымы Наргис Хамидова
- Қырғыз Республикасы суретшілер одағының төрағасы Талайбек Усубалиев
- Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Фатима Тарази
Барлығы да Шәкен Ниязбековтің ерекше мұрасы мен шығармашылық жолына арналған мазмұнды баяндамаларын ұсынды. Жас таланттарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыттарыңыз тасып, талай белестерді бағындыра беріңіздер!

I-psychodiagnostics.kz психологиялық орталығы ашылды!
Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті жанынан ғылыми жоба нәтижесінде жасалған алғашқы «I-psychodiagnostics.kz» психологиялық орталығы өз жұмысын бастады.
Бұл орталық - педагог-психологтардың жұмысын автоматтандыруға арналған заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің нақты нәтижесі.
Гранттық жоба: AP19677493 (2023–2025 жж.) - “Білім беру мекемелерінде балаларды психологиялық-педагогикалық диагностикалау үшін Smart-платформа әзірлеу”
Жоба жетекшісі: С.Қ. Алимбаева
Ғылыми топ:
- аға ғылыми қызметкер - К.Б. Сматова
- ғылыми қызметкер - Ж.Т. Сабралиева
- кіші ғылыми қызметкерлер - В.Д. Демьянова, Ж. Еркебек
Жоба аясында заманауи психодиагностика әдістерін, цифрлық технологияларды және жеке даму тәсілдерін біріктіретін толық функционалды Smart-платформа жасалды. Ол студенттерге, мамандарға және өз дамуына önem беретін барлық пайдаланушыларға кәсіби тестілеуден өтуге және жеке ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.
Бұл орталық - жастардың күйзеліс, эмоциялық тұрақсыздық және түрлі стресс жағдайларына байланысты туындайтын мәселелерді анықтауға, талдауға және қолдауға бағытталған маңызды қадам.
Ресми ашылу рәсімінде М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы лента қиды.
Іс-шараға Жамбыл облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығының директоры Айгерим Кошкарбековна Исмаилова, білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, факультет декандары мен студенттер қатысты.
I-psychodiagnostics.kz - университеттің, ғылымның және қоғамның болашағына жасалған үлкен қадам!
6B01801 Әлеуметтік педагогтерді даярлау білім беру бағдарламасының студенті Текеева Гүлназ Ермаханқызы 2025 жылы «Жаңа Қазақстандық патриотизм» жобасы аясында жастар саясатын дамыту және дарынды жастардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «ҮЗДІК СТУДЕНТ» атты республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

«Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының студенттерін білім жолындағы жеңістерімен құттықтаймыз! Талаптарыңызға нұр жаусын! Білім мен ғылым белестерін бағындыра беріңіздер! Дүйсеналы Нұрилә Әдлетқызы «Қазақстан республикасының үздік студенті». Тұраш Назерке Ермекқызы «Студенттік ғылыми-зерттеу жұмысының үздігі» республикалық конкурс жеңімпазы.

6B01801 Әлеуметтік педагогтерді даярлау білім беру бағдарламасы 2024-2025 оқу жылының нәтижесі бойынша Атамекен рейтингісі бойынша бірінші орынға иелді.
6В01901 Логопедия білім берубағдарламасының студеттері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өткізілген ХVI републикалық пәндік олимпиядасынан ІІІ орынды иеленіп, марапатталды.

«Мектепке дейінгі оқыту және бастауыш білім беру» кафедрасының студенттер жетістігі
Сабитова А.Н. 4 курс студенті
- ҚР Оқу- ағарту министрлігі, Республикалық «Мақатаев оқулары» конкурсына қатысып, Бас жүлде иеленді. Алматы қ. , 2026ж.
- ҚР Оқу- ағарту министрлігі, Республикалық «Абай оқулары» конкурсына қатысып, ІІ орын иеленді. Алматы қ. , 2025ж.
Нурсейт М.Е. 4 курс студенті
- ҚР Оқу- ағарту министрлігі, Республикалық «Мақатаев оқулары» конкурсына қатысып, Бас жүлде иеленді. Алматы қ. , 2026ж.
- ҚР Оқу- ағарту министрлігі, Республикалық «Абай оқулары» конкурсына қатысып, ІІ орын иеленді. Алматы қ. , 2025ж.
Несіпбай М. Ж. 4 курс студенті
- ҚР Оқу- ағарту министрлігі, Республикалық «Абай оқулары» конкурсына қатысып, І орын иеленді. Алматы қ. , 2025ж.
Тілеу А.А. 3 курс студенті
- Алматы қаласы, Республикалық студенттер арасында «KKO.KZ» ВЕБ-сайтымен ұйымдастырылған қашықтық олимпиада, II дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды. Алматы қ. , 2024ж.
- «USTAZ TILEGI» ғылыми-әдістемелік республикалық орталығы ұйымдастырған
- студенттер арасындағы олимпиада ІІ дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды. Алматы қ. , 2024ж.
Бейбітова Н. Қ. 3 курс студенті
- «Цифрлық дәуірдегі кәсіптердің трансформациясы» атты XXVII студенттік ғылыми-практикалық конференциясы, «II дәрежелі дипломмен марапатталды. Тараз, 2025 ж.
Алмахан У.А. 2 курс студенті
- ҚР Оқу- ағарту министрлігі, Республикалық «Мақатаев оқулары» конкурсына қатысып, Бас жүлде иеленді. Алматы қ. , 2026ж.
Муратбекқызы Д. 2 курс студенті
- ҚР Оқу- ағарту министрлігі, Республикалық «Мақатаев оқулары» конкурсына қатысып, I орын иеленді. Алматы қ. , 2026ж.
Республикалық пәндік олимпиада:
Респулика көлемінде өтетін пәндік олимпиадаға жыл сайын 092-Тынығу және 027-Актерлық өнері бағыттары бойынша студенттер қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
2025 жылы 26 наурыз - 1 сәуір аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен XVIІ Республикалық студенттік олимпиадасына қатысып, төмендегідей жүлдемен оралған студенттер:
- Жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен XVIІ Республикалық пәндік олимпиадасында 6В 11115 «Театралдық қойылымдарды ұйымдастыру және режиссурасы» білім беру бағдарламасы бойынша «Менің атым Қожа» атты «Би» пәнінен жекелей сайыста М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 3 курс студенті Макаров Артем ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Курумбаева Жанат Мырзагуловна аға оқытушы.
- Жоғары оқу орындары арасында өткен XVIІ Республикалық пәндік олимпиадасында 6В11115 «Театралдық қойылымдарды ұйымдастыру және режиссурасы» білім беру бағдарламасы бойынша Дулат Исабековтың «Құстар фестивалі» шығармасынан үзінді үшін «Актер шеберлігі» пәні бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 2-3 курс студенттері ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Айтибаев Қажыбай Козайырұлы аға оқытушы.
- Жоғары оқу орындары арасында өткен XVIІ Республикалық пәндік олимпиадасында В027 «Театр өнері – 6В02120 Режиссура» білім беру бағдарламасы «Сахна тілі» пәні, «Монолог» номинациясы бойынша Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» шығармасынан ІІІ орын иеленген М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 6В11115-«Мәдени тынығу қызметі: театралдық қойылымдарды ұйымдастыру және режисурасы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Салимова Нұршахризада марапатталды. Жетекшісі: Айтибаев Қажыбай Козайырұлы аға оқытушы.
- Жоғары оқу орындары арасында өткен XVIІ Республикалық пәндік Олимпиадасында 6B11116-«Мәдени-тынығу қызметі: бұқаралық қойылымдарды ұйымдастыру және вокалдық орындаушылық» білім беру бағдарламасы «Вокал» пәнінен Ретро және заманауи әндерді орындау номинациясы бойынша ІІ орын иеленген Даулетбергенова Алуа марапатталды. Жетекшісі: Смагулова Гульвира Есеналиевна.
- Жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен XVIІ Республикалық пәндік олимпиадасында «Режиссура» пәні бойынша Ш.Қалдаяқов «Уақыттан биік әуен» драмасы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 6В11115 «Театралдық қойылымдарды ұйымдастыру және режиссурасы» білім беру бағдарламасы бойынша 1- 3 курс студенттері ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Режиссері: Сейітжапарова Мерейім Бейсебайқызы.
- Жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XVIІ Республикалық пәндік Олимпиадасында дарынды жастарды дайындағаны үшін«Алғыс хатпен»М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің аға оқытушысы Смагулова Гульвира Есеналықызы марапатталды.
- Жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен XVIІ Республикалық пәндік Олимпиадасында В028 «Хореография» білім беру бағдарламалар тобы бойынша ІІІ орын иеленген М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Томирис» атты команданың қатысушылары Миринюкова Алина Олеговна, Копбосынова Дана Копбосынқызы, Нигматуллаева Анжелина Қанатқызы, Тен Екатерина Григорьевна марапатталады.
- Жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен XVIІ Республикалық пәндік Олимпиадасында дарынды жастарды дайындағаны үшін«Алғыс хатпен»М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің аға оқытушысы Караматуллаева Хадия Ергашевна марапатталды.
2025 жылы 15-16 сәуірде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жоғарғы оқу орындары арасында өткен «Өнерпаз болсаң арқалан» атты XVII Республикалық пәндік олимпиадаға В092-Тынығу бағыты бойынша қатысып, ІІ орын иеленді. Жетекшісі: аға оқытушы Айтибаева Ш.Ж.
Түлектерімізбен мақтанамыз
Досымжан Таңатаров
Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткер. Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

Кұрмаш Махан
Композитор, әнші

Тахмина Әшімбекова
Әнші, XIII халықаралық “Азия дауысы” фестивалінің лауреаты

Бейбіт Сейдуалиева
Әнші

Шоу бизнес саласында блогер, жайдарманшы Елдос Кәдірханов «Елдос Колобок» лақап атымен.

Кино актер, продюсер, жайдарманшы Нұрболхан Шарапов.

Актер, блогер Арман Жаналиев, «Армани» лақап атымен танылған.

Театр және кино актеры Абылай Әбдіқали.

Телерадио саласында Бектас Ақерке - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті грантының иегері, «Үздік тележурналист» номинациясы бойынша «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпазы.

Эстрада әншілері – Қанат Елікбаев, Болатбек Досыбаев, Данияр Жүнісалиев.

Театр актерлары – Жандар Қырықбаев, Сыдыкова Манар.

Шынжарбекова Сандуғаш Баяхметовна. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, 2005-2009 жылдар аралығында 050503- «Психология» мамандығын оқыды. Полиция Департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспектор-психологы (келіссөз жүргізуші), полиция капитаны қызметін атқаруда

Шайхиева Жанель Сабыруллаевна. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, 2005-2009 жылдар аралығында 050503- «Психология» мамандығын оқыды. Бас құтқарушы-психолог ҚР ТЖМ Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар Департаменті жедел-құтқару жасағында қызмет атқаруда.
Сағындық Таңшолпан Арманқызы.М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, 2014-2018 жылдар аралығында 5В050300- «Психология» мамандығын оқыды. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, 2018-2020 жылдары аралығында 6М050300- «Психология» әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі берілді. Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында психолог маманы қызметін атқаруда.

Мұсаева Әсел Қайбуллақызы. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, 2021-2025 жылдар аралығында 6В03111-«Әлеуметтік саладағы психология» білім беру бағдарламасын оқыды. Қазақстан Республикасының Арбадағы спорттық биден Алтын және күміс иегері. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Әлеуметтік жұмыс басқармасының инклюзивті білім беру саласы бойынша психолог маманы қызметін атқаруда.

Асылғали Айкоркем Асылғалиқызы. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, 2021-2025 жылдар аралығында 6В03111- «Әлеуметтік саладағы психология» білім беру бағдарламасын оқыды. ҚР ІІМ Жамбыл облысының ПД Тараз қаласы ПБ ППБ инспектор психологы қызметін атқаруда.

Шарафи Аружан Айдосқызы 2016–2020 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде 5В050300- «Психология» мамандығын оқыды. №3 «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» мекемесінде әдіскер қызметінде жұмыс атқаруда.

Базарқұл Әнеш Ерланқызы. 2016–2020 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде 5В050300- «Психология» мамандығын оқыды. ҚР ІІМ ҚАЖК №72 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие, әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің, психологиялық қамтамасыз ету тобының инспектор-психологы қызметін атқаруда.

Төлбасы Жансая Сатылханқызы 2016–2020 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде 5В050300- «Психология» мамандығын оқыды. «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Психолог» қызметін атқаруда.
Кабиден Камила Еркинкызы. 2009-2013 жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Педагогика-психология» мамандығында оқыды, 2017-2019 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің, «Психология» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 2014-2017 жыл аралығында Тараз қаласы, облыстық «Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектепте» педагог-психолог қызметінде жұмыс атқарды, 2022-2026 жыл аралығында Орал қаласындағы, «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалында педагог-психолог қызметін атқаруда.

Даирова Айгерим Аскаровна 2011-2015жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 5В050300-«Психология» мамандығын оқыды. №18 «Еркежан» бөбекжай-бақшасында әдіскер қызметін атқаруда.

Сағындық Индира Ерланқызы 2015–2019 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде 5В050300- «Психология» мамандығын оқыды. 2019-2021 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 7М03111- «Әлеуметтік сала мен кәсіби қызмет психологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «Әлеуметтік ғылымдар магистрі» дәрежесі берілді. Жамбыл облыстық білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының «Qabilet» қызметі бөлімінің әдіскер-психолог қызметін атқаруда.

«Мектепке дейінгі оқыту және бастауыш білім беру» кафедрасының бітіруші түлектері
Кудретуллаева Рысгүл Орынбасарқызы - М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің - академиялық мәселелер жөніндегі проректор.
Нурпеисов Мухаметжан Кенжетаевич - М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы.
Ботамкулова Салтанат Батырбековна - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің МКҚК № 34 орта мектеп директоры.
Ботамкулова Айнур Батырбековна - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімінің МКҚК М.Әуезов атындағы № 33 орта мектеп директоры.
Абилдаева Лаззат Шилдебаевна - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласы білім бөлімінің МКҚК №12 бөбекжай - бақшасының меңгерушісі.
Шойбекова Гулнур Бейсеновна - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласы білім бөлімінің МКҚК №43 Еркеназ бөбекжай -бақшасының меңгерушісі.
Бектенова Гульмира Сейдильдаевна - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Шу ауданының білім бөлімінің МКҚК «Мөлдір» бөбекжай- бақшасының меңгерушісі.
Бекбасова Эллада Балтабаевна - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің МКҚК «Қосқұдық» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі.
Абдикалыкова Индира Тлеужановна - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің МКҚК «Раушан» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі.
Бакирова Жанар Убайдилдаевна - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласы білім бөлімінің «Жансая» МКҚК бөбекжай-бақшасының меңгеруші.
Муратаева Айнаш Усенкуловна - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласы білім бөлімінің МКҚК №11 бөбекжай бақшасының меңгерушісі.
Кубеева Мадина Досымбековна - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласыы білім бөлімінің МКҚК «Намазбай Ақшабаев» атындағы орта мектеп директорының орынбасары.
Джиенгали Жәния Алмасбайқызы - «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 57 орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Куанышова Гүлжайна Манасовна - ЖШС «Мәртебе» бастауыш мектебі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Игиликова Жанаркул Тареловна - Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Шу ауданының білім бөлімінің МКҚК «Ақбөпе» бөбекжай- бақшасының әдіскері.
Содыкова Сапаргул Бекбосиновна - Алматы қаласы білім басқармасы Бостандық ауданы білім бөлімінің МКҚК №75 бөбекжай балабақшасының әдіскері.
Ғылыми - зерттеу жұмыстары
Факултет ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмысының саясаты жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық-педагогикалық ғылымдары саласында іргелі, ізденіс және қолданбалы жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған. Жұмыс берушілермен бірлесіп орындалған ҒЗЖ және СҒЗЖ нәтижелері ЖОО білім беру үрдісіне белсенді түрде енгізілуде. ҒЗЖ және СҒЗЖ өз алаңында белсенді зерттеу және жоба қызметіне дайын талантты жастарды біріктіреді. Факультетте ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 4 ғылыми жоба қаржыландырылған.
2024ж. факультет бойынша 370 мақала жарық көрді; Монография -2, Scopus базасына кіретін журналдарда - 3, Web of Science базасына кіретін журналдарда-3, ҚР ҒжЖБМ (ҒЖБССҚК) ұсынған журналдарда-21, конференция материалдарында: 265 мақала жарық көрді.
2025 жыл бойынша факультетте 295 мақала жарық көрді; Монография -2, Scopus базасына кіретін журналдарда – 4, Web of Science базасына кіретін журналдарда-7, ҚР ҒжЖБМ (ҒЖБССҚК) ұсынған журналдарда-33, Конференция материалдарында: 185 жарық көрді.
Факультетте 8 ғылыми үйірме жұмыстары жүргізіледі. СҒҮ қызметінің негізгі мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін қарқындату, олардың ғылыми зерттеулерге қатысу жолымен, әр студент үшін өзінің қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке тұлғаның шығармашылық дамуына өз құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Оқу-әдістемелік жұмыстар
Факультетте 25 бакалавриат, 5 магистратура бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламалары мазмұны әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің сұраныстарына бағытталған.
Студенттер контингенті саны жалпы 1647, оның ішінде грантта оқитындар саны - 653 студент, ақылы негізде оқитындар саны - 994 студент). Магистратура бойынша контингенттің жалпы саны – 25, грантта оқитындар саны – 13, ақылы негізде оқитындар саны – 12.
Факультет ПОҚ-ы алдыңғы қатарлы шетел, республикалық ЖОО және орталықтарында жыл сайын біліктілерін жоғарылатады: New Castle университеті (Ұлыбритания), Вильдау қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Ұлы Витаутас университеті (Литва), Senior Expert Service, НЗМ ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т.б., ғылыми-әдістемелік конференцияларына, семинарларына, тренингтерге белсенді түрде қатысады.
Факультетте дуалды оқытудың элементтері бірқатар білім беру бағдарламасымен іске асырылуда. Атап айтар болсақ: Ә.Бөкейханов атындағы 1 гимназиясы, № 3, 8, 23, 47 орта мектептері, № 45 “Балбұлақ” бөбекжай – бақшасы, А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театры, Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйі, ЖШС «Ақүрпек», «Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы», «Жамбыл облыстық ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «№3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Асыл-Мирас» аутизмі (аутистік спектрдің бұзылуы) бар балларды қолдау орталығы, «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қазіргі уақытта факультеттің жұмыс берушілерімен тиімді қарым-қатынас жасасуы үшін дуалды оқыту бойынша оқу, ғылыми зерттеулер мен студенттердің кәсіби тәжірибелері өтетін мекемелер мен ұйымдарда қызмет етеді.
Тәрбие жұмыстары
Факультеттің басты міндеттерінің бірі жастардың бойында жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымын, патриоттық сезімі мен жауапкершілігін жоғары жастарды тәрбиелеу іс-шараларының кешенін жүзеге асыру.
Факультеттегі студенттік өзін-өзі басқару құрылымының жұмысы бойынша белсенді студенттерінің бастамасымен «Жас көшбасшылар қауымдастығы» құрылды. Қауымдастықтың мақсаты: Жастардың интеллектуалдық, әлеуметтік – мәдени, профессионалдық, саяси – құқықтық, рухани және физикалық құндылығын дамыту. Факультет жастарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Жастарды қоғамдық саяси өмірге тарту. Қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға ат салысатын жастарды қолдау.
«Қош келдің студент!»

1- курс студенттерін университет Жарғысымен, Ішкі тәртіп Ережелерімен, Академиялықадалдық ережелерімен, Корпоративтік этика кодексі ережелерімен, студенттердің Ар-намыс Кодексі, жүріс-тұрыс этикасымен, 18 жасқа толмаған студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық түсіндіру жұмысы, студенттік жатақханаларының ережелерімен, университет құрылымымен, университет кітапханаларымен таныстыру жүргізілді және университет мұражайына экскурсия жасалынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау.
Қазір ел экономикасында реформалар жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылымға және жаңа өндіріс орындарын ашуға қомақты инвестиция салынып жатыр. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатын және еліміздің әлеуетін арттыру үшін жасалып жатқаны айдан анық. Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе, жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр. Басқаша болуы мүмкін емес. Себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе артта қалудың салдары өте ауыр болады. Сондықтан мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет деп мемлекет басшысының жолдауын басты назарға алып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Мен және менің құқығым»

«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қарашадағы №1086 Қаулысы» студенттер арасында түсіндіріліп, талқыланды.
«Жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуын алдын алу»

«Жастар арасында синтетикалық есірткінің таралуын алдын алу» бойынша профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілді. Есірткімен күресу – адамзат ұрпағының бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелерінің бірі. Сондықтан онымен күресу, сақтану, бойды есірткіден аулақ ұстау, саламатты өмір салтын ұстану – адамзат ұрпағының келешекке жетелейтін ұстанымы. Оны таратуға үлес қосу заң шеңберінде жаза арқалауға соқтырады.
ҚР Тәуелсіздік күні: «Тәуелсіздік – Тұғырым!»

Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. 1986 жылғы желтоқсанда солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, ел егемендігін бағалауға үйрету.
«Инклюзивті орта - тең мүмкіндіктер алаңы»
Республикалық оқу-әдістемелік семинар

Қазақстан Республикасында білім берудің инклюзивті моделін дамыту – мемлекеттік маңызы бар бағыттардың бірі. Осыған орай, университет қабырғасында «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Инклюзивті орта - тең мүмкіндіктер алаңы» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинар өтті.
Мамандырылған аккредиттеу туралы куәлік
