2025 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында «6В015 – Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша XVII республикалық пәндік студенттік олимпиадада «Биология» кафедрасының 6B01505 – «Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының студенттері Г.А. Қадыр мен А.Ж. Дауренбекова ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
«Биология» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, б.ғ.к. Г.К. Зияева 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы, DP25900539 – «Қазақстанның Оңтүстік өңірінде одан әрі жармаға өңдей отырып, құрғақшылыққа төзімді және өнімділігі жоғары құмай өсірудің агротехнологиясын енгізу» жобасының ғылыми жетекшісі.
«Биология» кафедрасының аға оқытушысы А.А. Карабаева 2025-2027 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпазы. AP25794577 – «Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында алма ағашын жеміс кенелерінен қорғаудың экологияландырылған жүйесін жасау» тақырыбындағы жобаның ғылыми жетекшісі.
«Биология» кафедрасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс бойынша 3 келісімшарт жасалынған: «Казакбаев Сейсенбек Заурбекович» ЖК, тақырыбы: «Бидай дәнінің сапасының негізгі көрсеткіштері және олардың қалыптасуына әсер ететін факторлар»; Алатау ШҚ, тақырыбы: «Органикалық заттар негізіндегі биологиялық тыңайтқыш»; «Джамбульский мед» ЖШС, тақырыбы: «Жамбыл облысы жағдайында бал араларының өнімділігін арттыру және сапалы ара өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған инновациялық әдістерді әзірлеу және енгізу».
2025-2026 оқу жылының бірінші жарты жылдығында кафедра бойынша Scopus базасында 5, РИНЦ 1, Республикалық журналдарда 19, ҚР ҒжЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҒЖБССҚК) ұсынған журналдарда 9, Халықаралық конференция материалдарында 28, Республикалық конференция материалдарында 17, шетелдік ЖОО өкілдерімен 2 мақала жарық көрді. 2 патент, 5 авторлық куәлік алынды.
Серіктестер
Бітіруші түлек моделі
Биология ғылымын жетік меңгерген, қазіргі биологияның жаңа бағыттарын түсінетін және алған білімін ғылыми, практикалық және педагогикалық қызметте қолдана алатын жоғары білікті бакалавр мамандарды даярлау.