Факультет жаңалықтары (Педагогика)

12.09.2025ж. 

Халықаралық Еуразиялық жоба және «Қазақстандағы туризм жылы» аясында 7-12 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасының Мәдени орталығы мен Қазақ автономиялық округінің қолдауымен бірегей Халықаралық пленэр өтті.

- Пленэр соңында «Іледегі сұлулық және жарасымдылық» атты көрме ұйымдастырылып, Іле өңірінің ғажайып табиғатын бейнелеген туындылар көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара барысында картиналарды сыйға тарту рәсімі және екі ел суретшілерінің басын қосқан дөңгелек үстел өтті. М.Х. Дулати университеті, «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының меңгерушісі Көшкінбаева Н.Р., аға оқытушылар Таджибаева Ж.С. және Ахметов С.Т. Қазақстанның атынан шақырылып, елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға зор үлес қосты. - Қазақстандық суретшілер жүктелген міндетті абыроймен атқарып, халықаралық сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болды. Бұл жоба – Қазақстан мен Қытай арасындағы шығармашылық көпірдің, мәдени достықтың айқын көрінісі.

Бүгін №2 арнаулы әлеуметтік қызметкер ұсыну орталығында мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара мақсаты, ұлт қазынасы қарттарымызға қамқорлық танытып, көңіл-күй сыйлау.
Іс-шараға “Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультеті “Мәдениет және өнер кафедрасының студенттері, Дулати Жастар студенттікхалықтық театры бірлесе өнер көрсетті.

2 қыркүйек 2025ж.

Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде өткен кездесуде профессор-оқытушылар құрамы 1-курс студенттерімен жүздесті. Жаңа оқу жылына қадам басқан жас буынды факультет ұжымы құттықтап, білім жолында үлкен табыстар мен сәттілік тіледі!
Жиын барысында факультет деканы А.Тұрарова университетіміздің тарихы мен жетістіктері жайлы кеңінен әңгімелеп, білім ордасының рухани құндылықтарымен таныстырды. Бiлiм туралы 47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. Ал факультет деканының орынбасары Е.Дүйсенбеков студенттерге кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктері мен оқу тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, әр мамандық бойынша топ кураторлары таныстырылып, студенттер университеттің оқу корпустары мен инфрақұрылымымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Жаңа оқу жылы – жаңа мүмкіндіктер мен белестердің бастауы! Барша 1-курс студенттерін тағы да құттықтай отырып, табысты, мазмұнды, қызықты студенттік өмір тілейміз!

6В01801 - Әлеуметтік педагогтерді даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Текеева Гулназ Ермаханқызы «Жаңа Қазақстандық патриотизм» жобасы аясында жастар саясатын дамыту және дарынды жастардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «ҮЗДІК СТУДЕНТ» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.

01–14.12.2025ж. аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Педагогикалық психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Бузаубакова Клара Джайдарбековна Қырғызстанның Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында іс-сапарда болып, тәжірибе алмасты.
Дәрістер мен практикалық сабақтарда интербелсенді әдістер мен инновациялық технологиялар қолданылып, «Мен-SMART-педагог боламын!», «Менің алғашқы инновациялық жобам!» атты коворкингтер мен тренингтер жоғары деңгейде өтті.
Сапар барысында екі университет арасындағы ғылыми-академиялық ынтымақтастық кеңейіп, бірлескен оқулықтар, ғылыми жобалар, магистрлік және PhD бағдарламалар бойынша алдағы жұмыс бағыттары айқындалды. Профессордың «Digital Pedagogy» оқулығы қырғыз тіліне аударылып, баспаға дайындалуда. Іс-сапар қорытындысында Клара Джайдарбековна Қырғыз ұлттық университеті ректорының Алғыс хатымен және университеттің 100 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шаралары халқымыздың игі дәстүрі екенін атап өткен. Шын мәнінде қайырымдылық қорларының жандануы біздің кафедрамыз сияқты еріктілерге тікелей байланысты.

«Ұстаз» институтының «Көркем графика және дизайн» кафедрасының студенттерінің практикалық сабақ кезіндегі орындаған шығармашылық жұмыстарын «Қызыл Ай» қоғамдық ұйымының қайырылымдық қорына табысталды. Шығармашылық жұмыстар экологиялық таза, табиғи заттардан студенттің қиялынан туындаған ойыншықтар, қуыршақтар, гобилендер және тағы басқа да 30- ға жуық белдемше тігіп апарып бердік.

Жалпы «Қызыл Ай» қоғамдық ұйымы от пен судың ортасында жүретінін бәріміз білеміз, сондай-ақ, ол қоғамдық ұйымның балаларға айрықша қамқорлық жасайтыны белгілі. Осыған орай «Көркем графика және дизайн» кафедрасының студенттерінің 60 тан астам қол өнер шығармашылық жұмыстары табысталды.

«Қызыл Ай» қоғамдық ұйымының басшылығы М.Х. Дулати атындағы өңірлік университет басшылығына және «Ұстаз» институтының директоры О.К. Жолдасоваға алғысын білдіруде. 

Медиа-қызмет

2021 жылы 4 наурыз күні «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Қашқынбаева Зағира Қожабергенқызы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының студенттеріне арналған «Қазақтың аяулы қыздары» атты тағылымдық дәрісін өтті.

Дәріске студенттер, оқытушылар және Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдері қатысты. Дәріс барысында қазақ халқының батыр, ер жүрек, ақын, жазушы, сазгер, ғалым қыздарының ел игілігі үшін атқарған, тарих бетінде қалған еңбектері мен өмір жолдары туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар,  жерлесіміз, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ақын, сазгер, жазушы, ғалым-ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі Айымгүл Меңжанованың өмірбаяны мен еңбектері жайында студенттерге жан-жақты мәлімет беріліп, өлең жолдары мен әндері айтылды. Ақын Айша Көпжасарқызы Меңжанованың 80 жылдық мерейтойына арналып жыр шумақтары ақтарылды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Спорт менеджменті» кафедрасының оқытушылары «Ұстаз» институтының 1 курс студенттері арасында Наурыз мейрамына арналған, «Наурыз Шапағаты» ұранымен тоғызұмалақ, асық ату және осы кафедраның оқытушылары әзірлеген зияткерліктің жаңа түрі «Қазақ шаңырағы» ойыны бойынша жарыстар ұйымдастырды және өткізді.

Бұл іс-шараға «ФКТС», «ХРГ», «Бейнелеу өнері» және «Музыка» мамандықтарының студенттері белсенді қатысты. Жігіттер арасындағы мергендік сайысында келесі оқушылар ерекше көзге түсті: 3 орын - Үмітберген Наурыз, 2 орын - Тұңғышбек Бақдәулет және 1 орынды Суратай Руслан иеленді. Тоғызұмалақтағы орындар келесі ретпен бөлінді: 3 орын - Сейітқадыр Ермек, 2 орын - Құдайберген Жүсіп, ал Серік Айдана осы спорт түрінің бас жүлдегері атанды. Эрудиттер арасында: Алшора Нұрбол - 3 орын, Алпысбай Жазира - 2 орын және Арыстан Оразалы - 1 орын. Үш түрде де барлық жүлделерді «ФКТС» мамандығының студенттері алды, біз осы жарыстардың жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға одан әрі жеңістер тілейміз. 

Болат Копбаев

«Спорт менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы