Хабарландыру

2025–2026 оқу жылының ІІ жартыжылдығында М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті студенттері, магистранттары және докторанттары үшін оқу ақысына жеңілдік алу мүмкіндігі қарастырылған.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:
4 наурыз – 20 наурыз

Әлеуметтік санаттарға сәйкес
студенттер құжаттарын толық жинақтап,
факультет деканатына тапсыруы қажет.

Назар аударыңыз:
– Құжаттар ереже талаптарына толық сәйкес болуы тиіс;
– Уақытылы тапсырылмаған немесе толық емес құжаттар қабылданбайды.

Қосымша ақпарат: университет сайтында және деканат арқылы біле аласыз!

Мерзімді өткізіп алмаңыз!

 

 

Dear 1st and 2nd year students!

A competition for academic mobility training in the first semester of the 2026-2027 academic year is announced. You have the opportunity to study at universities in the European Union, the United States, Southeast Asia, the CIS and the Republic of Kazakhstan.

Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан совместно с АО «Фонд науки» при поддержке ОФ «Қазақстан халқына» объявляет о начале масштабного отбора для участия во II этапе программы «AI-Sana».

2026 жылдың 25 ақпанында  сағат 15:00-де (Алматы уақыты бойынша) Сіздерді онлайн-кездесуге шақырамыз.

Кездесу барысында IPR SMART платформасының мүмкіндіктері және оның оқу үдерісіндегі рөлі тәжірибе жүзінде қарастырылады.

Тіркелу:  https://edp-hub.kz/smart-mastering-digital-tools

Кездесуде Сіз:
• Университетіңіздің 80 000-нан астам әртүрлі тілдегі оқу және ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ 600-ден астам журнал атауларын қамтитын IPR SMART платформасына қосылғанын білесіз;
• Білім беру бағдарламаларына сәйкес қажетті контентті жедел іріктеу және жаңа пәнге әдебиеттерді табу жолдарын меңгересіз;
• Оқытушының белсенділігі кітаппен қамтамасыз етілу көрсеткішіне қалай әсер ететінін және оның кәсіби беделін қалай нығайтатынын түсінесіз;
• Оқытушы ретінде студенттер үшін үздік тәлімгер әрі олардың академиялық және мансаптық дамуының қозғаушы күші болу жолдарын үйренесіз.

 Нәтижесінде Сіз:
• Білім сапасына және ел үшін жоғары білікті мамандар даярлауға тікелей ықпал ететін университеттің проактивті көшбасшысына айналасыз;
• Жаңа сервистердің көмегімен контентті іздеу мен іріктеуге кететін уақытыңызды үнемдеуді үйренесіз.

Сіздерді кездесуге қатысуға шақырамыз!

EBSCO компаниясы сіздерді 2026 жылдың ақпан айында өтетін вебинарлар сериясына шақырады. Барлық вебинарлар тегін және орыс тілінде өткізіледі. Әр  вебинардың ұзақтығы шамамен 1 сағатты құрайды. Сізді қызықтыратын вебинарды таңдап, тіркелуіңізді сұраймыз.

Вебинарлардың кестесін хаттың төменгі бөлігіндегі тіркемеден және осы сілтеме арқылы таба аласыз: https://ebsco-russian.zoom.us/calendar/search

Вебинар қатысушыларға  сертификаттар беріледі.

  • 23 ақпан, 12:00 (Астана уақыты) ECM платформасы (EBSCOhost Collection Manager) – EBSCO электронды кітаптар каталогы. Кітап қорларын сатып алу және басқару (тек кітапханашылар үшін)

Тіркелу

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_HI0rdcGdTIORX19Brm3akg

  • NEW!!! 23 ақпан, 15:00 (Астана уақыты)Бизнес және экономика ресурстарына арналған жаңа бизнес-интерфейс

Тіркелу

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_DpbOOd36S9CmRaBajg-WPQ

  • 24 ақпан, 15:00 (Астана уақыты)Medline және CINAHL ғылыми медициналық журналдар топтамасы – оқытушыларға, студенттерге, ғалымдарға және практик дәрігерлерге көмек
    Тіркелу
    https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_PKgjwcnOTC6cRtDDZXWR9w
  • 25 ақпан, 14:00 (Астана уақыты)EBSCO Discovery Service VS Google Scholar – іздеу мүмкіндіктерін салыстыру. Ғылыми жарияланым дайындауда EBSCO Discovery Service пайдаланудың артықшылықтары

Тіркелу
https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_bZayxdakSNyM9qq9dzuGGQ

  • 26 ақпан, 14:00 (Астана уақыты) EBSCO электронды ресурстары – әлемдік деңгейдегі мақалалар дайындауға арналған құралдар
    Тіркелу

https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_56V9nFGSQ8eYS2qve64hEA 

 Вебинар жүргізушісі:  Сержан Ирина, клиенттерді оқыту жөніндегі маман (Молдова, Орталық Азия, Кавказ өңірі)  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті 8D072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің ресми түрде ашылғанын хабарлайды.

Кеңес 8D07212 – «Инновациялық тоқыма» және 8D07211 – «Былғары бұйымдары индустриясы» білім беру бағдарламалары топтары бойынша жұмыс жүргізеді (2026 жылғы 29 қаңтардағы №42 бұйрық).

Қызмет ету мерзімі: 27.01.2029 жылға дейін.

Диссертациялық кеңестің құрылуы ғалымдар мен зерттеушілерге инновациялық тоқыма және былғары бұйымдары индустриясы салаларында докторлық диссертация қорғауға жаңа мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ өндірістік және өңдеу салаларындағы ғылыми зерттеулердің дамуына, заманауи технологияларды енгізуге және жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Жас ғалымдарды, докторантура түлектерін және мамандарды диссертация қорғауға құжат тапсыруға шақырамыз!

2026–2028 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына өтінімдер беру жөніндегі семинар өтетінін хабарлаймыз!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының өткізілетінін хабарлайды.

Конкурс төмендегі басым бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

• Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

•Энергия, озық материалдар және көлік;

• Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

• Елдің зияткерлік әлеуеті;

• Өмір және денсаулық туралы ғылым;

• Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

• Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.

Конкурстық құжаттама, өтінімдерді ресімдеу тәртібі мен қатысу шарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Ғылыми-зерттеу қызметі бөлімі офлайн және онлайн форматта кездесу ұйымдастырады.

Күні: 13 ақпан

Уақыты: 16:00

Өтетін орны: Бас ғимарат, Ғылыми кеңес залы

Кездесу барысында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Арман Қабдушев қатысушылардың барлық сұрақтарына толық әрі нақты жауап береді.

Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!

 

 

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевтыңҰлттық құрылтайдың бесінші отырысында: «Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс. Еліміздің гуманитарлық институттары ұлы ойшылдарымыздың ілімін жүйелі түрде насихаттағаны жөн» – деп айқындап берген тапсырмасына орай  2026 жылдың 18 ақпан күні М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «АБАЙДЫҢ «ТОЛЫҚ АДАМ» ІЛІМІ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕГІ ТРЕНДТЕР» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілу жоспарлануда.

Семинар барысында академик, ҚР Мемлекеттіксыйлығының иегеріҚазақстан Ғалымдары одағының төрағасы Оразалы Сәбденұлы Сәбденнің «Әлем, Абай, Қазақстанның сара жолы»тақырыбында Ашық лекциясы өтеді.