Факультет жаңалықтары (Педагогика)

8 желтоқсан 2025ж.

Мерке ауданында «Білім беру кеңістігіндегі психологиялық қызмет: қиындықтар, шешімдер және перспективалар» атты шеберлік сағат өтті. Шеберлік сағаттың мақсаты: мектеп психологтарын білім беру кеңістігіндегі психологиялық қызметті жаңаша көзқараспен дамыту, креативті және инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы психологиялық қолдаудың тиімділігін арттыру, тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ету, білім беру процесіне эмоционалдық жайлылық пен шығармашылық атмосфера қалыптастыру. Шеберлік сағатта «Педагогикалық психология» кафедрасының п.ғ.к. Г.Ш.Сейдалиева, аға оқытушы, магистр А.О.Кебеева аудан психологтарына психологиялық тренингтер ұйымдастырды. Тренинг барысында әртүрлі әдістер қолданылып, әдістемелік нұсқаулықтар және психологиялық қызметтік кеңестер ұсынылып, психологтардың қызметтік шеберліктерін дамытуға мазмұнды үлес қосылды.

 

14 қараша 2025ж.

14.11.2025ж. Қазақ музыкасының маңдайалды композиторы, дирижер, домбырашы, Қазақстанның Халық қаһарманы, Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Мәдениет және өнер» кафедрасында «Құстар қайтып барады» лекция-концерті өтті. Бұл іс-шара студенттер арасында композитордың шығармаларын насихаттау, қазақ музыка өнеріне деген құрмет сезімін ояту мақсатында өткізілді. Іс-шара барсында «Мәдени тынығы қызметі: бос уақытты ұйымдастыру және педагогикасы» білім беру бағдарламасы студенттері композитордың әндері мен күйлерін орындап, композитор шығармашылығы мен өмір жолына арналған лекция оқып және бейне материалдар көрсетті.  Концерт соңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Кабиева А.К. студенттерге және кешті ұйымдасырушы кафедра аға оқытушысы Смагулова Г.Е. алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

 

17 қараша 2025ж.

Құрметті студенттер! Сіздерді мерекелеріңізбер шын жүректен құттықтаймыз!
Білім жолындағы қажырлы еңбектеріңіз, жастық жігерлеріңіз әрдайым алға жетелей берсін!
Ой-армандарыңыз биік болсын, өмір жолдарыңыз жарқын болсын! Сәттілік, шабыт, шынайы достар мен жарқын болашақ серіктеріңе айналсын! Студенттік шақ-ең тамаша кезең, оны лайықты өткізіңіздер!

5 қараша 2025ж.

Бүгін “Педагогика және әлеуметтік ғылымдар” факультетінде Жамбыл облысы ардагерлер кеңесі жанынан құрылған “Аналар алқасы” комиссиясы студент қыздардың өмір жолында әдептілікті сақтап, жанұя құруға дайындау мақсатында медицина сала мамандарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында комиссия төрайымы Оспанова Хадиша Аяғанқызы қыздың әдептілігі мен тәрбиесі оның мінезі мен болашағын қалыптастыратындығын, әдепті қыз әрдайым сыпайы сөйлеп, ата-анаға, ұстазға және өзгелерге құрмет көрсететінін, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайтынын тілге тиек етіп өтті.

2-Тараз қалалық емханасының акушер-генкологы Орынбаева Ляйля Аскаровна студент қыздарға жалпы қоғамдағы кездесетін келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.

“Жанұя” емханасының ана мен баланы қорғау орталығының басшы орынбасары Сағынғалиева Қаракөз Амировна өмірлік мысалдарды келтіріп, қиын жағдай туындағанда қолдау танытар орталықтар барын атап өтті.

-”Қыз әдебі – сыртқы көрініс пен ішкі тәрбиенің үйлесімі. Ол киім киюде, сөйлеуде, мінез-құлықта және қарым-қатынаста мәдениеттілікті сақтайды. Әдепті қыз өзгелерге үлгі болып, қоғамда сыйлы орын алады” - деп облыстық балалар ауруханасының қолдау және ішкі аудит бөлімінің меңгерушісі Кемельбекова Гибадат Намельбековна қыздарға кеңесін айтып өтті. Сонымен қатар, үлгі өнегеге толы пікірлерімен Әшірбекова Тұрсынкүл Ильясқызы, Есмаханова Гульнур Жанкеновна, Тастемирова Оразкүл Тойбековнада сыр-сұхбат алаңында өмірлік тәжірибелерімен алмасып, кеңестерімен бөлісті.

Қорытындылай келе, қыз әдебі – бұл тек ата-ананың емес, қоғамның да сенімін арттыратын қасиет, ол болашақта отбасын, балаларын тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын студенттер назарына ұсынды. Кездесуге келген барша қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз! Ұрпақтар сабақтастығына жалғасқан аналар алқасын алдағы уақытта да қуана күтетін боламыз.

15 желтоқсан 2025 ж.

«Музыка және көркемдік білім» кафедрасының ұйымдастыруымен Желтоқсан оқиғасының ардагерлерімен тағылымы мол кездесу кеші өтті. Бұл кеш – тарихты ұлықтау, ерлікке тағзым ету және тәуелсіздік құнын терең сезінуге арналған маңызды рухани шара болды.
Кездесу қонақтары: Бердалиев Мурат Азимханұлы – Жамбыл облыстық «Желтоқсан-86» қоғамдық ұйымының төрағасы;

✨ Иманкулова Света Удербайқызы – төраға орынбасары;

✨ Идирисова Дариға Туймебайқызы;

✨ Мырзабеков Ермахан Ормаханұлы;

✨ Агибаева Айтжамал Қамбарзы – ұйым мүшелері.


Ардагерлер сол бір қыстың суық күндеріндегі қазақ жастарының қайсарлығы мен елге деген сүйіспеншілігін тебірене еске алды. Мурат Азимханұлы «Төртеудің соты» атты тарихи оқиғаның мән-маңызын түсіндіріп, сол сәт бейнеленген фото-картинаны мекемеге тарту етті.

Кеш барысында студенттеріміздің орындауында ән, күй, сахналық қойылым ұсынылды. Қойылымның шынайылығы соншалық – ардагерлердің көздеріне жас үйірілді.

Соңында арт-терапия арқылы қонақтар өз сезімдерімен бөлісіп, рефлексия жасады.
Бұл кездесу студенттер үшін – ұлт рухын танудың, тарихты құрметтеудің және Тәуелсіздіктің бағасын түсінудің үлкен сабағы болды.

Тәуелсіздігіміздің әр күні қымбат! Рухымыз биік, болашағымыз жарқын болсын!
Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

11 желтоқсан 2025ж.

Иззет Байсал атындағы Bolu Abant Izzet Baysal University - Түрік және әлеуметтік ғылымдар білім беру кафедрасында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің қауымдастырылған профессоры А.Н. Турарова 01.12.2025-15.11.2025 аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында тәжірибе алмасуда.

- Университеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында TÖMER директоры Prof. Dr. Mustafa KUNDAKCI екіжақты келісімшартқа қол қойды. Бұл қадам - бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, оқытушылар мен студенттер арасындағы тәжірибе алмасуды жүйелеуге мүмкіндік береді.

Кафедра меңгерушісі Prof. Dr. Halit KARATAY ресми қабылдау жасап, нәтижелі әріптестік кездесуі өтті. Prof. Dr. Enver KAPAĞAN-мен бірге «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінен дәріс өткізілді. Сабақ барысында:

  • ғылыми-зерттеу әдіснамасының теориялық негіздері;
  • зерттеу процесінің кезеңдері,
  • эмпирикалық деректерді жинау және талдау әдістері қамтылды.

Студенттер зерттеу құзыреттілігін дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар орындады.

- Академиялық ұтқырлық-білім сапасын арттырудың, халықаралық ғылыми қарым-қатынасты күшейтудің, инновациялық тәжірибелерді меңгерудің және жаһандық білім кеңістігіне интеграцияланудың маңызды тетігі. Ғылым мен білімді халықаралық деңгейде ұштастыру – болашаққа жасалған үлкен қадам!

30 қазан 2025ж.

№41 “Айналайын” бөбекжай-бақшасы, СТСО “Нұр-Әлім” балабақша-мектеп-гимназиясы, және “Жансая” бөбекжай-бақшасы бірлесіп, “100 кіші бағдарлама” аясында “Жасыл ел, жасыл балабақша” жобасы бойынша экологиялық бағыттағы семинар-практикум өткізді.
Іс-шара М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің “Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру” кафедрасы мен қалалық білім бөлімімен бірлесе ұйымдастырылды.  Семинардың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында экологиялық сана қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбек пен табиғатпен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту. Семинардың ұйымдастырылуына зор үлес қосқан: PhD доктор, қауымдастырылған профессор, кафедра меңгерушісі Сманова Алуа Арыстановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Кенжебаева Алима Төлеуовна. Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру - табиғатты аялаудан басталады!

21 қазан 2025ж.

2025 жылғы 14-18 қазан аралығында Алматы қаласында өткен Инклюзивті білім беру жөніндегі Бірінші Дүниежүзілік конгреске «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының бас маманы Үсенова Сандуғаш Мейрамбекқызы қатысып қайтты!

🔹 Бұл ауқымды іс-шара аясында 10 панельдік сессияда инклюзивті білім беруге қатысты 160-қа жуық маңызды тақырып талқыланып, білім беру саласындағы озық тәжірибелер мен өзекті мәселелер сөз болды.

🔹 Конгреске әлемнің әр түкпірінен келген ғалымдар, сарапшылар мен практиктер жиналып, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік алды.

🔹 Іс-шараға 3 000-ға жуық қатысушы тіркеліп, белсенді түрде қатысып, ортақ білім кеңістігін дамытуға өз үлестерін қосты.