Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті

loading...
Сипаттама
Оқытушылар
Білім беру бағдарламалары
Байланыс

Жамбыл педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 1989 жылғы 23 тамызда институттың №217 бұйрығымен ашылды.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының тарихы

Жамбыл педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы  1989 жылы  23 тамызда № 217 институт бұйрығымен ашылды.

Кафедрада 35-ке жуық адам қызмет істеді. Олардың ішінде Қазақ тілі кафедрасының  негізін қалаған п. ғ. к., доцент Тасболатов Қапаш Тасболатұлы, ф.ғ.к., доцент Садықбеков Рахым Айтбайұлы, ф.ғ.к., доцент Байтелиев Алтай Әшенұлы, аға оқытушы М.А. Айтжанова, С.Исматова, А.Тұрарова, Б.Мұртазаева, А.Бодықова, Т.Мұқашев, С.Байсейітова, Ж.Момбековалар  бар. Әр жылдары кафедраны басқарған ғалымдар: Р.А.Садықбеков (1989-1993), А.Ә.Байтелиев (1993-1999), М.Мырзахметұлы (1999-2000), А.Н.Тұрарова (2000-2010), Л.Т.Мақұлова (2010-2011), К.М.Қарымбаева (2011-2013).

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Филология факультетінде Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті кафедралары болып 2000 жылы 1- қыркүйекте құрылған.

2013-2014 оқу жылынан бастап «Қазақ тiлi» және «Қазақ әдебиеті», «Практикалық қазақ тілі» кафедралары біріктіріліп, «Қазақ филологиясы» кафедрасы ретінде қайта құрылды.

2013 оқу жылынан бастап «Қазақ филологиясы» кафедрасы құрылды, қазіргі таңда «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы деп өзгерді.  Бұл кафедраны Алаштанушы ғалым, «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері, үздік оқытушы п.ғ.д., профессор Т.Р.Абдықадырова басқарады. Кафедрада қазіргі таңда 25-ке жуық профессор-оқытушылар қызмет атқарады.

 

Аудиториялар нөмірі және аталуы

Жабдықтардың, құралдардың, стендтердің аталуы

Орындар саны,

 ауд №

Ауданы, м2

 

Арнайы кабинеттер

 

 

 

1

4.2-405 «Латын әліпбиі» кабинеті/кабинет «Латинского алфавита»/ «Latin Alphabet» Classroom

Проектор және инт.тақта компьютерімен/Проектор и инт. доска с компьютером/ Projector and board with computer

45

64 м2

2

4.2-411 «Түлектер» кабинеті/ кабинет «Выпускников» / «Graduates» Classroom

Проектор және инт.тақта компьютерімен/Проектор и инт. доска с компьютером/ Projector and board with computer

28

64 м2

3

4.2-415 "Абайтану" кабинеті/ кабинет «Абаеведения»/ “Abai Studies” Classroom

 

30

48 м2

5

4.1-303 М.Мырзахметұлы  кабинеті/ Учебный кабинет имени М.Мырзахметулы/ Study Room named after M. Myrzakhmetuly

Интерактивті панель, ғалым туралы пікірлер/ Интерактивная панель, стенды с мнениями об исследователе/ Interactive panel, stands with opinions about the researcher

40

64 м2

6

4.1-205 «Толық адам» кабинеті/ кабинет «Толық адам» («Совершенный человек»)/ «Complete Person» Classroom

Абайдың қара сөздері туралы стендттер/ Стенды о «Словах назидания» Абая/ Stands about Abai’s “Words of Edification”

35

50 м2

7

4.2-406 Қазақ әдебиеті кабинеті

Интерактивті моноблок/ Интерактивный моноблок

44

64 м2

8

4.2 404 Алаштану кабинеті

Алаш мұралары туралы стендттер/ Стенды о наследии «Алаш»/ Stands about the Alash heritage.

46

64 м2

 

Университеттің ғылыми серіктестігін дамыту

Келісім-шарт

Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, Jambyl телеарнасы.

Облыстық және қалалық білім басқармасы

Түркі тілдес халықтардың озық тәжірибиелермен алмасу, кәсіби біліктілікті жоғарылату мақсатында Түркия мемлекетінің «Карабюк» университетімен тығыз байланыс орнатылған.

Университеттің мамандарымен бірлесе отырып ғылыми конференцияларға қатысу, семинарлар өткізу.

6В01700 – "Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау" бағдарламасының түлек моделі кәсіби, тұлғалық, әлеуметтік және ғылыми- зерттеу дағдыларын қамтитын кешенді сипаттаманы білдіреді. Түлек моделі төмендегідей негізгі компоненттерден тұрады:

  1. Кәсіби құзыреттер: • Мазмұнды білім: Қазақ тілі мен әдебиетінің теориясы, тарихы, грамматикасы, әдебиеттану негіздері және мәдени контекст туралы терең білім. • Оқыту әдістемелері: Заманауи оқыту әдістерін, педагогикалық технологияларды және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану қабілеті. • Бағалау дағдылары: Оқушылардың білімін, дағдыларын бағалау және кері байланыс беру тәсілдерін меңгеру.
  2. Тұлғалық қасиеттер: • Коммуникация қабілеті: Өз ойларын нақты әрі түсінікті жеткізу, тыңдау және диалог жүргізу дағдылары. • Критикалық ойлау: Әдеби мәтіндерді талдау, бағалау және интерпретациялау қабілеті. • Шығармашылық: Жаңа идеялар мен тәсілдерді іздеу, инновациялық жобаларды әзірлеу.
  3. Әлеуметтік құзыреттер: • Эмоционалдық интеллект: Өз эмоцияларын басқару, оқушылардың сезімдері мен қажеттіліктерін түсіну. • Командалық жұмыс: Топта жұмыс істей білу, әріптестермен ынтымақтастық орнату. • Әлеуметтік жауапкершілік: Қоғамдық өмірге белсенді қатысу, мәдени көптүрлілік пен көптілділікті насихаттау.
  4. Ғылыми және зерттеу дағдылары: • Зерттеу жұмыстары: Қазақ тілі мен әдебиеті саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, нәтижелерді талдау және практикада қолдану. • Конференцияларға қатысу: Ғылыми іс-шараларда белсенділік көрсету, тәжірибе алмасу. 5. Профессионалдық этика: • Этикалық нормалар: Педагогикалық қызметте кәсіби стандарттарды сақтау, оқушылардың мәдени және тілдік ерекшеліктеріне құрмет көрсету. Қорытынды 6В01700 бағдарламасының түлегі заманауи білім беру талаптарына сәйкес келетін, кәсіби біліктілігі жоғары, шығармашылықпен ойлайтын және әлеуметтік жауапкершілігі бар маман болуы тиіс. Ол қазақ тілін және әдебиетін оқытуда оқушыларға үлгі болып, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін ұстаз рөлін атқарады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы бойынша оқытушылар мен студенттердің жетістіктері 

Ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру: кәсіпорындармен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары

 

              УНИВЕРСИТЕТ ҰСТАЗЫ «ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА» СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ!
🔶Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушысы «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасының стипендия иегері атанды.

🔶Стипендияға «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) Мирамкуль Сарсембаева ие болды. Профессор Англиядағы Сассекс университетінде 10 ай бойы тағылымдамадан өтіп, кәсіби біліктілігін арттырады.

                                                                       

1993 жылы 5 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған "Болашақ" халықаралық стипендиясы мыңдаған қазақстандықтарға жаңа мүмкіндік есігін ашты. Бағдарлама жүзеге асқан уақыттан бері әлемнің 40-тан астам елінде 13 мыңнан астам жоғары білікті маман даярланды. "Болашақ" бағдарламасы уақыт талабына сай дамып, еліміздің стратегиялық мақсаттарына сәйкес экономиканың басым бағыттары үшін білікті кадрлар даярлауды жалғастырып келеді.

Халықаралық "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы аясында "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының аға оқытушысы А.Назарбекова Еуропаның жетекші университеттерінің бірі болып саналатын Constructor University- де (Бремен қаласы, Германия) ғылыми тағылымдамадан өтуде. Тағылымдама мақсаты:"Artificial intelligence in education" бағытында жүргізілетін зерттеу жұмыстарының нәтижелері арқылы еліміздің білім саласына өзіндік үлес қосуда.

                                 «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының

          2023–2024 оқу жылының  ғылыми қызметі бойынша аналитикалық есебі

Көрсеткіштер

Сандық / мазмұндық талдау

Аналитикалық қорытынды

1

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуы

Ғылыми-ізденіс жұмыстары кафедра жоспарына сәйкес толық орындалды

Жоспарлы жұмыс жүйелі түрде жүзеге асқан, мерзімдік көрсеткіштер сақталған

2

Жарияланған ғылыми мақалалардың жалпы саны

Барлығы – 178 мақала

Ғылыми белсенділік жоғары деңгейде

3

ПОҚ-тың жеке мақалалары

71 мақала

Профессор-оқытушылардың жеке ғылыми үлесі тұрақты

4

Оқытушылар мен студенттердің бірлескен мақалалары

107 мақала

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту деңгейі жоғары

5

Мақалалардың жариялану ауқымы

Шетелдік, халықаралық, республикалық, облыстық және университеттік басылымдар

Кафедра ғылыми нәтижелерінің таралу географиясы кең

6

ККСОН тізіміндегі мақалалар

Бірқатар мақалалар (4) ККСОН және ЖАК тізіміне енгізілген

Ұлттық ғылыми талаптарға сәйкестік қамтамасыз етілген

7

Ғылыми семинар, кеңеске қатысу

 «Мағжан мұраларындағы ұлттық таным» республикалық ғылыми-әдістемелік семинар

 (25.04.2024ж.)

Ғылыми саясат пен тіл мәселелері кафедра деңгейінде талқыланған

8

Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру

 «Заманауи білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері: жаңаша көзқарас пен парадигмалар»

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (22.02.2024)

Кафедраның ғылыми-ұйымдастырушылық белсенділігі жоғары

9

Конференцияның қамту аясы

Шетелдік және отандық ғалымдар, ПОҚ, мұғалімдер, жас ғалымдар, білім алушылар

Кафедра ғылыми коммуникация орталығы ретінде танылған

10

Ғылыми бағыттың мазмұны

Заманауи білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері: жаңаша көзқарас пен парадигмалар

Ғылыми зерттеулер заманауи трендтерге толық сәйкес

 

                                «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының

      2024–2025 оқу жылы бойынша ғылыми қызметінің аналитикалық есебі

Көрсеткіштер

Сандық / мазмұндық талдау

Аналитикалық қорытынды

1

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуы

Ғылыми-ізденіс жұмыстары кафедра жоспарына сәйкес толық орындалды

Жоспарлы жұмыс жүйелі түрде жүзеге асқан, мерзімдік көрсеткіштер сақталған

2

Жарияланған ғылыми мақалалардың жалпы саны

Барлығы – 121 мақала

Ғылыми белсенділік жоғары деңгейде

3

ПОҚ-тың жеке мақалалары

52 мақала

Профессор-оқытушылардың жеке ғылыми үлесі тұрақты

4

Оқытушылар мен студенттердің бірлескен мақалалары

69 мақала

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту деңгейі жоғары

5

Мақалалардың жариялану ауқымы

Шетелдік, халықаралық, республикалық, облыстық және университеттік басылымдар

Кафедра ғылыми нәтижелерінің таралу географиясы кең

6

Scopus базасындағы мақалалар саны

3 мақала

Халықаралық дерекқордағы көрсеткіш кафедраның ғылыми әлеуетін дәлелдейді

7

Scopus мақалаларының авторлары

Т.Р. Абдыкадырова,

Е.Б. Абдимомынов,

Кафедраның жетекші ғалымдарының халықаралық деңгейдегі белсенділігі жоғары

8

Scopus журналдарының деңгейі

International Journal of Evaluation and Research in Education, Forum for Linguistic Studies, Journal of Ethnic and Cultural Studies

Жоғары импактты, беделді журналдарда жарияланған

9

ККСОН тізіміндегі мақалалар

Бірқатар мақалалар (4) ККСОН және ЖАК тізіміне енгізілген

Ұлттық ғылыми талаптарға сәйкестік қамтамасыз етілген

10

Ғылыми семинар, кеңеске қатысу

«Ғылымдағы тіл стратегиясы» семинар-кеңесі (Астана, Алматы)

ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамымен бірлесіп 2025жылғы 22 мамыр Астана, 29 мамыр Алматы қалаларында өткізілген

Ғылыми саясат пен тіл мәселелері кафедра деңгейінде талқыланған

11

Диссертацияларды қорғау, магистрлік және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі кеңестердің жұмысы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D011700 – Е.Б.Абдимомынов

 «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  мамандығы  бойынша  (PhD)  «Білім берудің қазіргі парадигмалары негізінде М.Әуезовтің әңгімелерін оқыту әдістемесі (ЖОО-да)» тақырыбында докторлық диссертация қорғалды (24.06.2024ж.).  

философия докторы (PhD) дәрежесі

 

12

Шаруашылық субъектілерімен шарттар бойынша орындалатын зерттеулер

 «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ арасында 05.01.2024ж. тәжірибелік-конструкторлық келісімшарт № 15-37/10-6/12 жасалынды.

26.08.2024 жылы тәжірибелік-конструкторлық келісімшарт № 15-37/10-6/12 негізінде қосымша № 15-37/10-5/83 келісімшарт жасалды.

 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы бойынша 2024 жылы шаруашылықты жүргізетін субъектілерімен келісім бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің А.Гайдар атындағы №35 орта мектебі» КММ

          «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының 2025–2026 оқу жылының

            І жартыжылдығындағы ғылыми қызметінің аналитикалық есебі

Көрсеткіштер

Сандық / мазмұндық талдау

Аналитикалық қорытынды

1

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуы

Ғылыми-ізденіс жұмыстары кафедра жоспарына сәйкес толық орындалды

Жоспарлы жұмыс жүйелі түрде жүзеге асқан, мерзімдік көрсеткіштер сақталған

2

Жарияланған ғылыми мақалалардың жалпы саны

Барлығы – 49 мақала

Ғылыми белсенділік жоғары деңгейде

3

ПОҚ-тың жеке мақалалары

11 мақала

Профессор-оқытушылардың жеке ғылыми үлесі тұрақты

4

Оқытушылар мен студенттердің бірлескен мақалалары

38 мақала

Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту деңгейі жоғары

5

Мақалалардың жариялану ауқымы

Шетелдік, халықаралық, республикалық, облыстық және университеттік басылымдар

Кафедра ғылыми нәтижелерінің таралу географиясы кең

6

Scopus базасындағы мақалалар саны

7 мақала

Халықаралық дерекқордағы көрсеткіш кафедраның ғылыми әлеуетін дәлелдейді

7

Scopus мақалаларының авторлары

Т.Р. Абдыкадырова, Е.Б. Абдимомынов, Ж.Бейсенұлы, М.К. Сарсембаева.

Кафедраның жетекші ғалымдарының халықаралық деңгейдегі белсенділігі жоғары

8

Scopus журналдарының деңгейі

International Journal of Evaluation and Research in Education, Forum for Linguistic Studies, Journal of Ethnic and Cultural Studies

Жоғары импактты, беделді журналдарда жарияланған

9

ККСОН тізіміндегі мақалалар

Бірқатар мақалалар (4) ККСОН және ЖАК тізіміне енгізілген

Ұлттық ғылыми талаптарға сәйкестік қамтамасыз етілген

10

Ғылыми семинар, кеңеске қатысу

«Ғылымдағы тіл стратегиясы» семинар-кеңесі (Астана, Алматы)

Ғылыми саясат пен тіл мәселелері кафедра деңгейінде талқыланған

11

Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (05.12.2025)

Кафедраның ғылыми-ұйымдастырушылық белсенділігі жоғары

12

Конференцияның қамту аясы

Шетелдік және отандық ғалымдар, ПОҚ, мұғалімдер, жас ғалымдар, білім алушылар

Кафедра ғылыми коммуникация орталығы ретінде танылған

13

Ғылыми бағыттың мазмұны

Цифрлық білім беру, инновациялық технологиялар, ЖИ педагогикасы

Ғылыми зерттеулер заманауи трендтерге толық сәйкес

 

 

Бакалавриат

6В01700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау»

Магистратура

7М01701 - Қазақ тілі және әдебиет педагогтарын даярлау

Докторантура

8D01701- Қазақ тілі мен әдебиет педагогтарын даярлау

Білім беру бағдарламасының іске асырылуы түлектердің максималды жұмысқа орналастыру болып табылады. Жыл сайын мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушыларының еңбекақысы артып, Педагог мәртебесі көтеріліп келеді. Осыған байланысты түлектерді жұмысқа орналастыру нәтижелерін талдау жұмысқа орналастыру көрсеткіштерінің оң динамикасын көрсетеді.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлектері алған білімдері бойынша келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:

білім беру (педагогикаллық бағыты) – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

тіл білімі саласының маманы;

оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыруға, жүргізуге, мониторинг жүргізуге және бақылауға байланысты мемлекеттік басқару органдары:

орта, жоғары білім беру ұйымдары;

білім бөлімдері мен басқармалары;

білім беру мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары.

Қызметкердің аты-жөні Лауазымы Жұмыс телефоны Ұялы телефоны Электрондық поштасы
Исабекова Гулнур Болатбековна декан 51-72-55  87027981040 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Жаманбаева Әсел Сайлаубекқызы оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-72-55 87477122547 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Казакбаева Камила Рысбековна Тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-72-55 87757605736 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Мырзахмет Ғалия Кенесбайқызы Ғылыми жұмыстары жөніндегі декан орынбасары 51-72-55 87714720410 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.