Жаңалықтар

Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру» тақырыбында оқыту курсы аяқталды.

Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары аясында Коммерцияландыру бөлімі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) арналған семинар ұйымдастырды.

Дулати университетінде Қазақстан Республикасының бірегей әлеуметтік жобасы  –  «Серпін» бағдарламасы аясында бітіруші жас түлектерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыстық көлемде ұйымдастырылған «JARYQ» интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті. Білім додасына өңірдің жоғары оқу орындарынан жиналған 10 командадан құралған 50 студент қатысты.

Университет қабырғасында «Еркін ойлар алаңы» ИПК ұйымының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде «Адал еңбек» атты пікірсайыс турнирі өтті.