Жаңалықтар

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ жанында құрылған «8D05301 – Химия» және «8D01503 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте Назгуль Мурзакасымова диссертациясын сәтті қорғады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Фемида» ұйымының 15 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. Іс-шараға ұйымның әр жылдардағы мүшелері, университет басшылығы және қоғам белсенділері қатысты.

Инклюзивті  спортының дамуына үлес қосып келе жатқан Дулати университетінің студенттері халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғап, бірқатар ірі жеңістерге қол жеткізді. Спорттың әртүрлі түрлерінен өткен байрақты бәсекелерде үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанның атын әлемге паш етті.

Дулати университетінің қабырғасында өнегелі, мағыналы кездесу өтті. Тарихтың тереңінен сыр шерткен, сананы серпілткен сәт болды.

Дулати университетінде ерекше бір күн өтті. Жүректі тебірентіп, сананы сілкінткен бұл күн — тек жай акция емес, ол нағыз патриоттық рухтың оянған сәті еді. Ұйымдастырылған шара Жеңіс күні қарсаңында ел есінде қалатындай әсер қалдырды.