News

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Экономика және құқық» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында – қауымдастырылған профессор, э.ғ.к. Ж. А. Назикова, аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі З. Қ. Мусабаева («Экономика және менеджмент» кафедрасы), сондай-ақ қауымдастырылған профессор, э.ғ.к. Д. А. Джунусова («Қаржы және есеп» кафедрасы) 2025 жылдың 1–14 желтоқсан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласындағы «Менеджмент және заманауи технологиялар» университетінің студенттері мен магистранттарына дәрістер циклын өткізді.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті мен Болгария мемлекетінің Святые Кирилл мен Мефодий атындағы Великотырново университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, 2025 жылғы 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «Әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, доцент Ким Ольга Васильевна «Қазіргі заманғы тілдер» факультетінде академиялық мобильділік бағдарламасынан өтті.

Түркия Республикасы, Измир қаласындағы Эге университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында маңызды халықаралық іс-шара өтті.

Университеттің Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен университеттің ғылым жөніндегі декан орынбасарлары мен профессор-оқытушы құрамына арналған дөңгелек үстел өтті.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің қауымдастырылған профессоры Айсұлу Тұрарова академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 1–15 желтоқсан  аралығында Түркияның Болу Абант Иеззет Байсал университетінде тәжірибе алмасуда.