News

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті студенттерінен құралған «ӘУЕСҚОЙ» КВН командасы Астана қаласында өткен Kazakstan Cup лигасы аясында жоғары нәтиже көрсетті.

«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен Шерхан Мұртаза атындағы Тараз университетінде өткен «AUYL JAS QUIZ» зияткерлік білім бәйгесінің финалдық кезеңінде М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің жастары жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Атырау қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен XVІІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада «Музыка мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша өтті. Байқау Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің базасында ұйымдастырылды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті заманауи білім беру талаптарына сай жаңа тәсілдерді белсенді түрде енгізіп келеді. Соның бірі – micro-credentials (микробіліктілік) және қысқа мерзімді оқу бағдарламалары.

Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Digital Law Hackathon» атты республикалық хакатон жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті колледжінің ұйымдастыруымен «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты тағылымды кездесу өтті.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Жасанды интеллект: әлемдік трендтер: білім беру, мәдениет және ұлттық дамудағы мүмкіндіктер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Университет қабырғасында Қазақстан Республикасы Ғылым қызметкерлерінің күніне арналған «Ғылым арқылы дамуға» тақырыбында салтанатты марапаттау  рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.