News

Академиялық ұтқырлық іс жүзінде

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Экономика және құқық» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында – қауымдастырылған профессор, э.ғ.к. Ж. А. Назикова, аға оқытушы, экономика ғылымдарының магистрі З. Қ. Мусабаева («Экономика және менеджмент» кафедрасы), сондай-ақ қауымдастырылған профессор, э.ғ.к. Д. А. Джунусова («Қаржы және есеп» кафедрасы) 2025 жылдың 1–14 желтоқсан аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласындағы «Менеджмент және заманауи технологиялар» университетінің студенттері мен магистранттарына дәрістер циклын өткізді.

 Халықаралық ынтымақтасық жөніндегі проректор Мадинахон Ходжимуродова және оқу-ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Асрор Мухамедовпен өткен кездесуде екі университет арасындағы серіктестікті дамыту бағыттары, академиялық ұтқырлықты кеңейту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің жүйелі алмасуын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

 Студенттерге «Экономикалық теория», «Бизнес негіздері», «Қаржы негіздері» пәндері бойынша дәрістер өткізіліп, цифрлық экономиканың қазіргі даму үрдістеріндегі орны, қаржы жүйелерінің ерекшеліктері, қаржылық дағдарыстардың себептері, сондай-ақ бизнестегі цифрлық технологиялардың даму перспективалары қарастырылды.

Академиялық ұтқырлық – халықаралық білім кеңістігіне интеграцияланудың, ғылыми әлеуетті арттырудың және заманауи тәжірибе алмасудың маңызды құралы.