Факультет жаңалықтары (Филология)

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) 2026 жылғы мамандандырылған аккредиттеу қорытындысы бойынша берген ұсынымдарын іске асыру аясында «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту және серіктес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайту жұмыстарын жалғастыруда.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Орыс тілі және әдебиеті» кафедрасының PhD докторы Шмакова Елена Сергеевна «Заманауи коммуникациялар жүйесіндегі лингвомәдениеттану: құндылықтар, бейнелер, бағдарлар, трендтер және жасанды интеллект» атты III Халықаралық лингвомәдениеттану форумының жұмысына қатысты. Ауқымды ғылыми іс-шара 2026 жылдың 1–3 қазан аралығында Мәскеу қаласындағы Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) базасында өтті.

Дулати университетінің 8D01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының докторанты Нусібақын Жұлдыз Ерболқызы 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасында зерттеу практикасынан өтуде. Аталған кафедраны PhD докторы Әбдимомынов Еділбек Бахытжанұлы басқарады.

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (IAAR) ұсынымдарын іске асыру аясында «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» (7М01702) білім беру бағдарламасының мазмұнын, түлек бейінін және оқу үдерісін педагогтерді даярлаудың заманауи талаптарына сәйкестендіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қазақстанның қазіргі жоғары мектебі біртұтас, ашық және серпінді зерттеу кеңістігін құруға ұмтылуда. Бұл мақсатқа жетудің маңызды шарты – университеттер арасындағы академиялық және ғылыми диалогты іске асыру болып табылады. Кәсіби өзара іс-қимыл мен зерттеу дәстүрлерін өзара байытудың жарқын үлгісі ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті арасындағы ғылыми диалогты атауға болады. Бұл ғылыми байланыс ғылымды дамытудың негізгі саласы – жоғары білікті кадрларды сараптаудан өткізу бағытын қамтиды.

Білім берудегі тарих және география кафедрасының оқытушысы Абиева Ұлбала Бейбітқызы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіне 8D02203-“Тарих”білім беру бағдарламасы бойынша докторантурасына оқуға түсті.

Абиева Ұлбала Бейбітқызы осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз.Ғылым жолындағы ізденістеріне сәттілік,тың бастамалар мен биік белестер тілейміз.Ғылым мен білім саласындағы ізденістеріне мол табыс тілейміз.

         

Білім берудегі тарих және география кафедрасының аға оқытушысы Сентаева Рита Темірбекқызы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіне 8D02203-“Тарих”білім беру бағдарламасы бойынша докторантурасына оқуға түсті.

Сентаева Рита Темірбекқызын осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз.Ғылым жолындағы ізденістеріне сәттілік,тың бастамалар мен биік белестер тілейміз.Ғылым мен білім саласындағы ізденістеріне мол табыс тілейміз.

 

2026 жылы 16-19 маусым аралығында
Астана қаласындағы Nazarbayev University базасында
Орталық Еуразияны зерттеуге арналған беделді халыкаралық ғылыми алаңдардың, бірі - CESS Regional
Conference 2026 конференциясы өтті.Биылғы конференцияның негізгі тақырыбы - «(Re)thinking
Central Eurasia: Spaces, Societies, and Power»
Конференция жұмысына  әлемнің әртүрлі елдерінен келген, зерттеушілер, докторанттар мен жас ғалымдар қатысып, Орталық Еуразия кеңістігіндегі саяси, әлеуметтік, мәдени және тарихи үдерістегі пленарлық отырыстар, тақырыптық
секциялар, панельдік пікірталастар жане зерттеу нәтижелерін таныстыруға арналған арнайы алаңдар ұйымдастырылған.
М.Х Дулати атындағы Тараз университеті,  “Шетел филологиясы және аударма ісі” кафедрасының аға оқытушысы А.М. Есенбаева халықаралық конференцияға белсенді қатысып, өз зерттеуін халыкаралық ғылыми қауымдастық назарына ұсынды.