Жаңалықтар

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасында 6D072600-«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» мамандығы бойынша білімін тәмамдаған Юсупова Лаура Хамидовна философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.

Дулати университеті UI GreenMetric World University Rankings 2025 халықаралық рейтингінде лайықты орын алып, тұрақты даму, экологиялық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік қағидаттарына адалдығын растады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Есімова Шолпан Алтынбекқызының Ресей Федерациясының Д.И.Менделеев атындағы Химия-технологиялық университетінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Желтоқсан айында Дулати университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығында заманауи RFID технологиясын (Radio Frequency Identification — радиожиіліктік сәйкестендіру) технологиясы енгізілді.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Тараз қаласында «Ерлік елге – мұра, ұрпаққа ұран!» атты қалалық қоғамдық мұражайлар, әскери және еңбек даңқы бөлмелері мен бұрыштары арасында байқау өтті.