Жаңалықтар

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің 2026 жылғы 9 ақпандағы №8 ж\қ бұйырығымен әрі Республикалық комиссияның шешімімен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы - Ректоры болып заң ғылымының докторы, профессор Ләззат Қалымбекқызы Еркінбаева тағайындалды.  

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының оқытушылары мен студенттері «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің №42 «Жұлдыз» бөбекжай-бақшасы» МКҚК базасында «Жасанды интеллект көмегімен мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын дамыту» тақырыбында өткен семинар-практикумға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жамбыл облысының әуесқойлар арасындағы футзалдан өткен ХV чемпионатында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің құрамасы бас жүлдені жеңіп алды.

Университет қабырғасында «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Тарих және бүгінгі заман: ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Басқосу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында көтерген тарихи сана мен ұлттық бірегейлікті нығайту мәселелеріне арналды.

Университет қабырғасында Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Рысгуль Кудретуллаева Астана қаласында орналасқан «UNIT LLC» ЖШС директоры Айдос Жұманазарды қабылдады.

Университет қабырғасында «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының жаңа жобасы мен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға арналған «Конституция – әділет пен парасат жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Университет қабырғасында Технологиялық факультеттің ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамына жаңа Конституция жобасы мен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 12 қаңтардағы №01 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығына сәйкес, Жобаларда ғылыми қызметкер Шаншабаев Нұржан Аскарбековичке 8D07411 – Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.