Жаңалықтар

Университет қабырғасында оқу көрсеткіштері 3,33 балдан жоғары түлектермен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековпен кездесу өтті. Ұйымдастыру комитеті: Карьера және бизнес серіктестік орталығы.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиада өз мәресіне жетті. Бір айға созылған байрақты бәсекеге еліміздің 79 жоғары оқу орнынан спорттың 17 түрінен командалар қатысып, тартысты дода өтті.

Университет қабырғасында Түркменстаннан келген шетелдік азаматтарға арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.

Университет қабырғасында Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастауымен «Scopus және Web оf Science ғылыми басылымдарында мақалаларды жазу ерекшеліктері» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды. Семинарға Индонезияның Риау университетінің профессорлары Анниса Пермата және Нур Ислами арнайы шақырылды.

Қазақстан–Америка университеттер консорциумы аясында Дулати университетінің делегациясы University of Nebraska–Lincoln (UNL) университетіне жұмыс сапарымен барды. Бұл бағдарлама АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен, IIE – Steppe Global Education Foundation ұйымы арқылы жүзеге асырылуда.