Жаңалықтар

Университет қабырғасында «Қазақстан мен АҚШ арасындағы су ресурстарын басқарудағы инновациялық шешімдер: академиялық, ғылыми және коммерциялық тәсілдер» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды.

Тарихта алғаш рет М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті әлемдегі ең ықпалды рейтингтердің бірі — Times Higher Education (THE) Impact Rankings 2025-ке кірді, ол университеттердің БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (Sustainable Development Goals, SDGs) қол жеткізуге қосқан үлесін бағалайды.

Университет қабырғасында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің бастамасымен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында өңір кәсіпкерлеріне арналған оқу курстары ұйымдастырылды.

Университетіміздің ғалымдары “Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі” атты 2024–2026 жылдарға арналған гранттық жоба аясында Ұлыбританияның Ковентри қаласына іс-сапармен барды.

Қазақстан – АҚШ университеттері консорциумы аясында Дулати университетінде University of Nebraska–Lincoln (UNL) өкілдерімен ресми кездесу өтті. Бағдарлама АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен және IIE – Steppe Global Education Foundation ұйымының үйлестіруімен жүзеге асты.