Жаңалықтар (Ғылым және коммерцияландыру)

Университеттің «Ғылым және коммерцияландыру департаменті» Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті, «Биология» кафедрасының ғалымдары Байзақ ауданындағы жеке кәсіпкер, «АГРОМИКС» шаруа қожалығының директоры Назым Нұрбаевамен кездесті.

Кездесуде «Биология» кафедрасының меңгерушісі, доцент, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Зияева және ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Жақсыбай Төлеубаев саңырауқұлақ пен бөдене өсірумен айналысып жатқан кәсіпкердің өнімдерімен танысты.

Жиын барысында саңырауқұлақ өндірісі мен бөдене жұмыртқасының өнім мөлшерін арттыру, қолайлы микроклимат жасау және зиянкестермен күресу шаралары секілді біршама мәселелер анықталды. Нәтижесінде, ғылыми тұрғыда көмек қолын созатын ғалымдар кеңесі қажет деп танылды.

«Биология» кафедрасының ғалымдары екі жақты келісім шарт негізінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс білдірді. Өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Биология» кафедрасының ғалымдары «Саңырауқұлақтарды өсірудің тиімділігін арттыру» тақырыбында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік–конструкторлық жұмыстар жүргізуге келісті.

Дулати университетінің қабырғасында оқытушылар мен жас ғалымдарға арналған «The wonderfui world of camel milk» байқауы өтті.

«LF company» бірлесіп, Ғылым және коммерцияландыру департаментінің коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқауға 12 команда қатысып, бақ сынасты. Байқаудың мақсаты - жиналған жұртқа түйе сүтінен өндірілген жаңа өнімдерді таныстыра отырып, жарнама жасау.

Жиын басында Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев сөз алып, университетіміз үздіксіз даму үстінде екенін тілге тиек етіп, қатысушы командаларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Әділқазылар алқасы құрамында «Педагогика және әлеуметтік ғалымдар» факультетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Кабиқызы, «Технологиялық факультетінің» «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасының меңгерушісі Сулушаш Балабиевна, «Жастармен жұмыс» бөлімінің бас маманы Айдос Елужылұлы, «ЛФ» компаниясының өндірістік меңгерушісі Сұлушаш Зиятбековна және «ЛФ» компаниясының заңгері Салтанат Абдиганиевна болды.

Байқау қорытындысы бойынша 4 жеңімпаз анықталды. Карина Рахимжановна «ТЕНГРИ Креатив» командасы 1 орын иегері атанса, 2 орынды - Нигина Сапарова «ENACTUS DULATY» командасы еншіледі. Шымкент Қалижан «Сапа» командасы 3 орынды иеленсе, Нұрбосын Даниял «Қуат» командасы 4 орын иегері атанды. Айта кеткендей, жеңімпаздар арасында 200.000, 150.000, 100.000, 50.000 теңгелік сертифкаттары ойнатылды.

   

М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде "спорттық бағдарламалау федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ICPC ірі студенттік турнирінің 1/4 финалы өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның барлық университеттерінің студенттеріне бағдарламалаудағы өз дағдыларын көрсетуге, осы салаға қызығушылықты арттыруға, техникалық қабілеттерін дамытуға, кәсіби байланыстарын нығайтуға және IT-индустриядағы табысты мансаптың негізін қалауға мүмкіндік беру. Осы мақсаттарды іске асыру үшін Федерация Қазақстанның түрлі өңірлерінде студенттер үшін бірқатар жобаларды іске асырады. Digital Bridge іс-шаралары аясында 2024 жылы Қазақстан ICPC спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалын қабылдайды. Таразда өткен 1/4 финалдың жеңімпаздары Астанада өтетін финалға қатысуға мүмкіндік алады. Финалдың 1/4 бөлігі 2024 жылдың 16 қарашасында Дулати университетінің қабырғасында офлайн форматта өтті. Іріктеу турына:Дулати университетінен 14 команда (командада 2-3 адамнан), Қызылорда қаласынан Қорқыт Ата атындағы университеттен 2 команда, Жұмабек Тәшенов атындағы университеттен 1 команда (Шымкент қ.) қатысты. Барлығы 17 команда қатысты. Қорытындысы бойынша 6 команда Астанада өтетін жартылай финалға жолдама алды:Дулати университетінің 5 командасы, университеттің 1 командасы.Қорқыт Ата Қызылорда қаласынан. Салтанатты ашылу рәсіміне және жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев қатысты. Ол қатысушыларға сәттілік тіледі, сонымен қатар келесі кезеңге сенімді түрде дайындалды. Жарыстың маңыздылығы туралы пікірімен бөлісті және ұйымдастырушыларға:коммерцияландыру бөлімінің бастығы Ж.Танаевқа, конкурстардың үйлестірушісі Ж. Шонгараеваға, физика және информатика кафедрасы меңгерушісінің м.а.с.Раймбаеваға алғысын білдірді. Қатысушыларды құттықтаймыз және бағдарламалау әлеміндегі жаңа биіктерге жету жолында одан әрі табыстар тілейміз!