Факультет жаңалықтары (Технологиялық)

Мерке ауданында профориентациялық жұмыстар жүргізілді

Автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасының оқытушылар құрамы Мерке ауданының мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсыну. Кездесу барысында оқытушылар талапкерлерге білім беру бағдарламалары, оқу үдерісі, сондай-ақ автоматтандыру және телекоммуникация саласындағы заманауи мамандықтар туралы жан-жақты мәлімет берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Аталған жұмыстар жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына ықпал етеді.