Факультет жаңалықтары (Технологиялық)

Халықаралық ынтымақтастық аясындағы маңызды кездесу өтті

2026 жылдың 24 сәуір күні Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасы ПОҚ-ы мен Ресейдегі Қазан мәдениет мемлекеттік институтының «Гуманитарлық ғылымдар және Дизайн» кафедра меңгерушісі Салахова Р.И. қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында академиялық ұтқырлықты дамыту, қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми-шығармашылық жобаларды бірлесіп ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты талқыланды.

Іс-шара нәтижесінде жоғары оқу орындары арасындағы болашақ серіктестікті нығайту мақсатында 2026–2027 оқу жылдарына арналған бірлескен жұмыс жоспары қарастырылып, алдағы бағыттар айқындалды.