Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Халықаралық шығармашылық байланыс

12.09.2025ж. 

Халықаралық Еуразиялық жоба және «Қазақстандағы туризм жылы» аясында 7-12 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасының Мәдени орталығы мен Қазақ автономиялық округінің қолдауымен бірегей Халықаралық пленэр өтті.

- Пленэр соңында «Іледегі сұлулық және жарасымдылық» атты көрме ұйымдастырылып, Іле өңірінің ғажайып табиғатын бейнелеген туындылар көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара барысында картиналарды сыйға тарту рәсімі және екі ел суретшілерінің басын қосқан дөңгелек үстел өтті. М.Х. Дулати университеті, «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының меңгерушісі Көшкінбаева Н.Р., аға оқытушылар Таджибаева Ж.С. және Ахметов С.Т. Қазақстанның атынан шақырылып, елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға зор үлес қосты. - Қазақстандық суретшілер жүктелген міндетті абыроймен атқарып, халықаралық сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болды. Бұл жоба – Қазақстан мен Қытай арасындағы шығармашылық көпірдің, мәдени достықтың айқын көрінісі.