Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Қыз – отбасының, қоғамның айнасы.

5 қараша 2025ж.

Бүгін “Педагогика және әлеуметтік ғылымдар” факультетінде Жамбыл облысы ардагерлер кеңесі жанынан құрылған “Аналар алқасы” комиссиясы студент қыздардың өмір жолында әдептілікті сақтап, жанұя құруға дайындау мақсатында медицина сала мамандарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында комиссия төрайымы Оспанова Хадиша Аяғанқызы қыздың әдептілігі мен тәрбиесі оның мінезі мен болашағын қалыптастыратындығын, әдепті қыз әрдайым сыпайы сөйлеп, ата-анаға, ұстазға және өзгелерге құрмет көрсететінін, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайтынын тілге тиек етіп өтті.

2-Тараз қалалық емханасының акушер-генкологы Орынбаева Ляйля Аскаровна студент қыздарға жалпы қоғамдағы кездесетін келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.

“Жанұя” емханасының ана мен баланы қорғау орталығының басшы орынбасары Сағынғалиева Қаракөз Амировна өмірлік мысалдарды келтіріп, қиын жағдай туындағанда қолдау танытар орталықтар барын атап өтті.

-”Қыз әдебі – сыртқы көрініс пен ішкі тәрбиенің үйлесімі. Ол киім киюде, сөйлеуде, мінез-құлықта және қарым-қатынаста мәдениеттілікті сақтайды. Әдепті қыз өзгелерге үлгі болып, қоғамда сыйлы орын алады” - деп облыстық балалар ауруханасының қолдау және ішкі аудит бөлімінің меңгерушісі Кемельбекова Гибадат Намельбековна қыздарға кеңесін айтып өтті. Сонымен қатар, үлгі өнегеге толы пікірлерімен Әшірбекова Тұрсынкүл Ильясқызы, Есмаханова Гульнур Жанкеновна, Тастемирова Оразкүл Тойбековнада сыр-сұхбат алаңында өмірлік тәжірибелерімен алмасып, кеңестерімен бөлісті.

Қорытындылай келе, қыз әдебі – бұл тек ата-ананың емес, қоғамның да сенімін арттыратын қасиет, ол болашақта отбасын, балаларын тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын студенттер назарына ұсынды. Кездесуге келген барша қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз! Ұрпақтар сабақтастығына жалғасқан аналар алқасын алдағы уақытта да қуана күтетін боламыз.