Факультет жаңалықтары (Педагогика)

«Құдайдың балалары» атты қойылым сахналанды

«Құдайдың балалары» атты қойылым сахналанды. Азиз Баймұғаммед шығармасының желісі негізінде қойылған бұл спектакль балалар үйіндегі тағдырлар арқылы адамзатқа ортақ маңызды мәселені көтереді.

Қойылымның басты өзегі – бауырмалдылық. Бір-біріне қанмен емес, жүрекпен жақын болған балалардың өмірі арқылы мейірімнің, қамқорлықтың, жанашырлықтың шынайы мәні ашылады. Балалар үйіндегі әр кейіпкер – өмірдің сынына ерте түскен, бірақ соған қарамастан жүрегіндегі жылуын жоғалтпаған жандар.
Сахнадағы «шелек», «палатка», жіпке ілінген киімдер секілді символикалық детальдар – олардың уақытша өмірін, ішкі жалғыздығын және өткенге деген сағынышын бейнелейді. Спектакльдің негізгі айтар ойы – адамды адам ететін тек туыстық байланыс емес, бауырмалдық пен мейірім. Әр бала – тағдыр тәлкегіне қарамастан, сүйіспеншілікке лайық Құдайдың баласы.