Факультет жаңалықтары (Педагогика)

«Ақ пен Қара» драмалық композициясы ұйымдастырылды

"Мәлім ғой, өмір жолы – ақ пен қара,
Қашан да қатар жүрер бақ пен нала..."

Екінші курстың педагог ұйымдастырушылары Байсымақова А. Қ жетекшілігімен «Ақ пен Қара» драмалық композициясын өткізіп,  осы бір ойды арқау етті.

Сахнадағы ішкі монологтар мен сезімдер арпалысы әр көрерменге ой салды деп сенеміз. Айнала қаншалықты суық болса да, жүрек жылуын сақтап қалу — ең үлкен ерлік. Бізбен бірге осы сезімдерді бастан кешкен әрбір жанға алғыс айтамыз!