Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Халықаралық конференция өтті.

15 қазан 2025 ж.

2025 жылғы 15 қазанда М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Салауатты сана мен мәдениет: ұлттық дәстүрлер мен психологияның өскелең ұрпақ тәрбиесіне ықпалы» тақырыбында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған І Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн және офлайн форматта өтті.

Конференция ұйымдастырушылары: М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасы. Конференция жұмысына Қазақстан және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Шетелдік қатысушылар қатарында Түркиядағы Гелишим университетінің PhD докторы Асил Шенгүн және Өзбекстан Республикасындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті филиалының ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, PhD докторы Бақытжан Исмаилов болды. Іс-шара аясында Абайдың рухани мұрасы, ұлттық тәрбие, психология және салауатты сананы қалыптастыру мәселелеріне арналған ғылыми баяндамалар ұсынылды. Конференцияның салтанатты ашылуы барысында «Дулати жастары» студенттік театры Абайдың Қара сөздері негізінде сахналық қойылым ұсынып, шараның рухани мазмұнын арттырды.

Құттықтау сөзбен университеттің директорлар кеңесінің төрағасы, профессор Бақтыбай Қасымбеков және ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев сөз сөйлеп, Абай мұрасының қазіргі қоғам үшін өзектілігін атап өтті. Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға белсенділігі мен ғылыми үлесі үшін Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.