Факультет жаңалықтары (Филология)

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Практикалық шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Рахимова Юлия Сергеевна ««Unitandem» жүйесін енгізу арқылы студенттер арасында мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілікті  қалыптастыру» тақырыбындағы докторлық дессертациясын сәтті қорғады.

Бұл - үлкен еңбек пен табандылықтың, ғылыми ізденіс пен кәсіби біліктіліктің нәтижесі. Жоғары деңгейдегі зерттеу жұмысыңыз бен ғылымға қосқан үлесіңіз университет ұжымы тарапынан жоғары бағаланады. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, ғылыми ізденістерде жаңа жетістіктер және биік белестер тілейміз! Ғылым жолындағы жарқын жетістігіңіз құтты болсын!

«Практикалық шетел тілдері» кафедраның ПОҚ

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті