Факультет жаңалықтары (Филология)

Инклюзивтіағылшын тілін оқытуға арналған үздіксіз кәсіби даму (CPD) семинарлары

Сассекс университеті (Білім және әлеуметтік жұмыс мектебі)

Британдық Кеңестің қаржыландыруымен инклюзивті ағылшын тілін оқытуға арналған үздіксіз кәсіби даму (CPD) семинарларын өткізуде.

Форматы: гибридті

Онлайн кезең: 14 қаңтар – 11 ақпан

Оффлайн сессия: 17–20 ақпан

Өтетін орындар:

Бухара мемлекеттік педагогикалық институты

Азия халықаралық университеті

Семинардың мақсаты – педагогтердің инклюзивті ағылшын тілін оқыту тәжірибесін жетілдіру, инклюзивті білім беруді терең түсіну және оны оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдарын зерттеу. Семинарлар сондай-ақ көшбасшылық дағдыларды дамытуға, оқу бағдарламасын және студенттердің оқу тәжірибесін жақсартуға бағытталған.

Аталған семинарға М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің екі аға оқытушысы – Есенбаева Асель мен Елеусіз Айгүл қатысуда.

Бұл – халықаралық тәжірибе алмасуға, кәсіби дамуға және инклюзивті білім беру саласындағы жаңа көзқарастармен танысуға үлкен мүмкіндік.