Жаңалықтар

Дулати университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық қорғау саласына арналған жаңа білім беру алаңы – «Болашақ прокурор кеңістігінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жоба жастарды құқық қорғау органдарында қызмет етуге баулып, әділдікті насихаттауға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы Алпысбай Ләйла Алпысбайқызына «8D01101 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті аттестаттау комиссиясының 2025 жылғы 25 желтоқсанындағы №21 хаттама және 2025 жылдың 31 желтоқсанындағы №05-04/1083 бұйрығы негізінде Айтенова Эльмира Абдикалиевна «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша постдокторантура бағдарламасын толық меңгергенін растайды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Ғылыми кеңесінде «Забивные свайные конструкции зданий и сооружений» тақырыбындағы оқу құралы қаралып, бекітілді. Аталған еңбек техника ғылымдарының докторы Исабай Исақұлы Бекбасаровтың авторлығымен Алматы қаласындағы KEMEL KITAP баспасынан жарық көрді.

«WFK PAS жастар еріктілерінің 53-ші халықаралық бағдарламасы» қысқы мектебі аясында PAS ұйымының еріктілері балаларға қолдау көрсету және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Университет қабырғасында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жылдар мен жолдар» жобасы аясында ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, әнші, композитор – Тінәлиев Әбиірбек Берденұлы және Әлімбеков Жүніс Нұрғазыұлымен кездесу өтті.

Дулати университетінде Қазақстан мен Оңтүстік Корея жастарының ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған халықаралық қысқы мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған басқосу «53-ші WFK PAS жастар еріктілері бағдарламасы» аясында ұйымдастырылып, Pacific Asia Society (Тынық мұхиты – Азия қоғамдастығы) халықаралық ұйымының қолдауымен жүзеге асырылуда.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде ерекше білімді қажет ететін спортшы студенттерге арналған мазмұнды әрі тағылымы зор кездесу өтті.