Кудретуллаева Рысгуль Орынбасаровна
Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор
Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-36-51
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көш., 60 корп 2.1, каб № 201
Біліктілік сертификаттары
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректоры.
2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде бастауыш мектеп педагогикасы және оқыту әдестемесі мамандығы бойынша бітірді.
2022 жылдары - Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде педагогика және психология магистрі атанды.
1998-2004 жылдары «Үміт» бөбектер үйінің және «Ұлан» балалар үйінің тәрбиешісі.
2005-2007 жылдары М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола филиалының лаборанты, оқу бөлімінің жетекші маманы-кеңсе тіркеушісі, колледжінің оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық аккредиттеу орталығының жетекші сарапшысы.
2009-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларды даярлауды ұйымдастыру басқармасының сарапшысы, білім беру стандарттары мен бағдарламалары басқармасының бас сарапшысы, білім беру мазмұны және кадрларды даярлау басқармасының бас сарапшысы, халықаралық ынтымақтастық департаменті білімнің мазмұны және әдістемесі басқармасының бас сарапшысы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әдістемесі және мазмұны басқармасының бас сарапшысы, жоғары білім мазмұны және интернационалдандыру басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарды.
2020-2022 жылдары «Ғажайып балалық шақ»ЖШС қызмет атқарған.
2023-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасы бас сарапшының м.а., басқармасының бас сарапшысы, басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары:
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі - 07.12.2015 ж., «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі - 29.11.2016 ж., «Астана 20 жыл» медалі - 21.11.2018 ж., «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі - 24.10.2024 ж.