News

Дулати университетінде, Техникалық қолдау және IT сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен “Documentolog” “Корпоротивный почта” бағдарламаларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Университет қабырғасында Жаратылыстану ғылымдары факультеті, «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті және «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультеті бірігіп, академиялық адалдықты сақтау мен плагиатпен күрестің маңыздылығын арттыруға бағытталған антиплагиат мәселелеріне бірлескен семинар ұйымдастырылды.

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік зерттеу университетінде жоғары оқу орындары арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан “Өнерпаз болсаң арқалан” атты республикалық пәндік олимпиаданың XVII маусымы өз мәресіне жетті. Аталған білім сайысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды студенттер бақ сынасты.

23 сәуір күні Мәскеуде Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технология университетінің Тараз қаласындағы филиалын дамытуға арналған стратегиялық кездесу өтті. Кездесу академиялық қауымдастық, өнеркәсіп өкілдері және серіктес университеттің мамандарын біріктірді.

23 сәуір – Ұлттық кітап күні және «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасына арналған  кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «#КітапОқыТрендтеБол» атты мерекелік жиын өтті.