News

Университет қабырғасында техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академияның академигі Ахметов Ашимжан Сүлейменұлының 75 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Үндістан мемлекеті, Дели қаласында өткен ARMWRESTLING қол күресінен Азия біріншілігінде спортшы қыздарымыздың қанжығасы майланды.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды жиынды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.

2025 жылдың 13 мамырында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы — Үрімжі қаласында алғаш рет «Study in Kazakhstan» атты білім беру көрмесі өтті.

2025 жылғы 13 мамырда М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту аясында Өзбекстан Республикасынан келген делегацияны қабылдады.