Математика

Дунбаева Айгуль Маратбековна

аға оқытушы, магистр

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

Кәсіби Өмірбаяны/Білім

Дунбаева Айгүл Маратбекқызы 1986 жылы Т. Тоқтаров атындағы орта мектепке қабылданып, 1997 жылы мектепті үздік бітірді. Сол жылы Жамбыл университетінің «Физика және математика» факультетіне «Математика» мамандығы бойынша оқуға түсті.

2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша аяқтады. 2001–2002 жылдары осы университеттің «Математика» мамандығы бойынша магистратурасында білім алды.

Педагогикалық қызметін 2002 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Математика» кафедрасында ассистент қызметінен бастады.
2005–2022 жылдар аралығында ХҚТУ ТИ «Математика» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ-да «Математика» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді.

Педагогикалық қызметі аясында жоғары математика, математикалық талдау, алгебра және геометрия пәндері бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізеді. Оқу-әдістемелік жұмыстармен белсенді айналысып, математикалық білім сапасын арттыруға үлес қосуда.

Педагогикалық еңбек өтілі 25 жылдан асады.

Білімі

1997–2001 — «Математика» мамандығы бойынша жоғары білім, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

2001–2002 — «Математика» мамандығы бойынша магистратура, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті