Физика және информатика

Кушкимбаева Бибара Жайлаубаевна

физика-математика ғылымдары кандидаты, доцент,. профессор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

Кәсіби Өмірбаяны/Білім

1979 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін физика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы ҚазМУ-дың физика-математика факультетін аяқтағаннан кейін, Октябрдің 50-жылдығы атындағы Жамбыл  педагогикалық институтының «Физика» кафедрасына ассистент қызметіне қабылданды.

1983 жылы Ленинград қаласына А.Ф.Иоффе атындағы Физика техникалық институттың «Электронды жартылай өткізгіштер» лабораториясында ғылыми тағылымдамадан өтті.

1985 жылы А.Ф.Иоффе атындағы Физика техникалық институттың «Жартылай өткізгіштер және диэлектриктер» мамандығы бойынша аспирант болып қабылданып, 1988 жылы бітіріп шықты.

1988 жылы КСРО ғылым академиясының А.Ф.Иоффе атындағы Физика техникалық институттың 010410-«Жартылай өткізгіштер және диэлектриктер физикасы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 

1988 жылдан осы  уақытқа  дейін Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доцент, кафедра меңгерушісі  қызметтерін атқаруда.

2007-2017 оқу жылдар аралығында «Физика және ФОӘ» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2017 оқу жылынан осы уақытқа дейін «Физика және физиканы оқыту әдістемесі», «Физика және информатика» кафедраларында доцент қызметін атқарып келеді.

2023ж. «Мектептегі физика сабағы:басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбында «Назарбаев зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Доцент Б.Ж.Кушкимбаеваның 90-ге жуық ғылыми жұмыстары, 3 арнаулы оқу құралдары, 3 оқу әдістемелік құралдар дайындалды.

Б.Ж.Кушкимбаева студенттер мен магистранттардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  нәтижелі жетекшілік  жасайды. Б.Ж.Кушкимбаеваның  магистранттардың ғылыми-зерттеу  жұмыстары  нәтижесі бойынша бірге  шыққан  мақалаларының  саны - 20.

Жұмыс тәжірибесі- 47 жыл, Октябрдің 50-жылдығы атындағы Жамбыл  педагогикалық институты, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз (өңірлік) университетінің, факультет көлеміндегі және облыстық білім беру басқармасының алғыс хаттарымен және жастарға білім,тәрбие берудегі еңбектерін ескере отырып

Қазақстан Республикасының:

Құрмет грамотасы «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» 15.12.2017.

«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгі, 4.04.2022 наградаларымен марапатталған.

Білімі

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті,  1974-1979 ж.мамандығы: физик, физик оқытушы.

1985 жылы А.Ф.Иоффе атындағы Физика техникалық институттың «Жартылай өткізгіштер және диэлектриктер» мамандығы бойынша аспирант болып қабылданып, 1988 жылы КСРО ғылым академиясының А.Ф.Иоффе атындағы Физика техникалық институттың 010410-«Жартылай өткізгіштер және диэлектриктер физикасы» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 

 

 

1.Martebe K. Zhankuanyshev, Bibara Zh. Kushkimbayeva, Sofya Sh. Egemberdieva, Zhanar S. Esdauletova, Laura N. Yesmakhanova Method for automatic compensation of a single-phase earth fault/Bulletin of Electrical Engineering and InformaticsVol.10, No.3, June2021, pp. 2302-9285 (Scopus, процентиль – 41, Q3).

 https://doi.org/10.11591/eei.v10i3.3021, ISSN: 2089-3191e-ISSN: 2302-9285.

2. Photoluminescence spectra of doped n-type indium antimonide crystals // Eurasian physical technical journal 2025, Volume 22, No.1 (51)–pp.127-133. (Scopus, процентиль – 27). ISSN (PRINT): 1811-1165  https://doi.org/10.31489/2025N1/127-133

3. Кушкимбаева Б.Ж., Егембердиева С.Ш., Кейкиманова М.Т., Наметкулова Р.Ж. Перераспределения упругих напряжений в структурах InGaSbAs/ Механика и технологии., ISSN 2308-9865., №2 (60), Сәуір- Маусым 2020ж. https://journals.dulaty.kz/images/archive/meh-teh/2020/meh-teh-2020-2

4. Кушкимбаева Б.Ж., Наметкулова Р.Ж., Егембердиева С.Ш., Кадиримбетова А.К. Желетәрізді заттардың механикалық қасиеттерін зерттеу/Механика и технологии., ISSN 2308-9865., №2 (60), Сәуір- Маусым 2020ж. https://journals.dulaty.kz/images/archive/meh-teh/2020/meh-teh-2020-2

5. Б.Ж. Кушкимбаевa, М.Н. Байтемиров, И.И. Бекбасаров, С.Ш. Егембердиева, Е.И. Атенов, Н.А. Шаншабаев Түркістан облысы Ақсу және Шымкент қалаларында салынып жатқан мектеп ғимараттарының мысалында ғимараттың жер асты бөлігінің қаттылығының негіздің деформациялануына әсері/ Механика и технологии., ISSN 2308-9865., №1(87), 2025, стр 219-230. https://doi.org/10.55956/NUSO8769

6. Б.Ж. Кушкимбаева, С.Ш. Егембердиева, Р.Ж.Наметкулова, М.Т.Кейкиманова Бір жақты деформацияның әсерінен галлий антимонидінің энергетикалық спектрінің қайта құрылуы // Вестник Торайгыров университета Серия: физика, математика и компьютерные науки - 2025 - №2 - 212-224 Б. https://doi.org/10.48081/UCAM3782

7. InGaSbAs/GaSb құрылымдарында серпімді кернеулердің таралуы Торайғыров университетінің Хабаршысы, ISSN 2959-068Х. Физика, математика және компьютерлік ғылымдар сериясы. «Теориялық және эксперименттік физика» секциясы. №3, 2025, 146-157

https://vestnik-pm.tou.edu.kz/archive/journals?search=&year=2025&series=3  Photoluminescence of gallium antimonide (GaSb) crystals doped

with selenium (Se) and tellurium (Te). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.  Физика. Астрономия сериясы ISSN: 2616-6836. eISSN: 2663-1296 №4(153)/ 2025