1977жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін физика факультетінің теориялық физика мамандығы бойынша бітіріп, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. ТарМПИ-да «Физика және ФОӘ» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет істеді, ал қазіргі кезде жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы қызметін атқаруда.
«Судың төменгі температурадағы және жоғары қысымдағы диаграммасы» тақырыбында кандидаттық диссертацияны Мәскеуде қорғады. 100-ден аса ғылыми және әдістемелік еңбектері бар. Оның 10-нан астамы академиялық журналдарда және шетелдерде жарық көрген. Алғаш рет 90-300 К температура аралығында атмосфералық қысымнан 2500 МПа қысымға дейін мұздың фазалық Р-Т диаграммасын тұрғызып, 1h, ІІ, V, VІ және 1h, VІ мұздардың ХІІ мұзбен шекараларын, тепе-теңдік аймақтағы 1h-ІІ-VІ, 1h-VІ-ХІІ, ІІ-V-VІ мұз түрлерінің үштік нүктелерінің тапқан. Жоғарғы қысымда (1200-2300 МПа) және төменгі температурада (90-128К) бұрын белгісіз болған мұздың ХІІ түрін ашып, оның серпімділік қасиеттерінің температура мен қысымға тәуелділігін және фазалық өту кезінде термодинамикалық функциялардың өзгеру шамаларын анықтаған.
«Судың және мұз түрлерінің физикалық қасиеттері» және «Жоғарғы қысым және төменгі температура физикасы» монографиялары жарық көрген.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бекітуімен ЖОО студенттеріне арналып жазылған теориялық физика курстарынан төмендегі оқулықтары баспадан шықты:
- «Статистикалық физика және физикалық кинетика негіздері» Алматы, «Дәуір» 2011ж;
- «Электординамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы»
Алматы, «Дәуір» 2012ж;
- «Математикалық физика әдістері» Алматы, «Дәуір» 2012ж;
Жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және ЖОО оқулықтар жазудағы көп жылдық нәтижелі еңбегі үшін А.Байтұрсынов атындағы қола және күміс медальдармен марапатталған.