• Kz
  • Ru
  • En

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы

Негізгі әрекет 1 – Халықаралық кредиттік ұтқырлық

Негізгі әрекет 1 – Халықаралық кредиттік ұтқырлық

Көпшілікке таныс Эразмус бағдарламасы енді еуропалық емес елдердің университеттері, студенттері мен оқытушылары үшін де қолжетімді. Erasmus+ кредиттік ұтқырлықты қаржыландырады, яғни студенттердің (екіжақты) 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімдегі академиялық ұтқырлығын қолдайды.

Міндетті талап – қабылдаушы жоғары оқу орнында алынған кредиттік бірліктер міндетті түрде студенттің туған университетінде танылып, есепке алынуы тиіс.

Еуропа азаматтары әлемнің кез келген еліндегі жоғары оқу орнында білім алу немесе сабақ беру мүмкіндігіне ие болады. Ал еуропалық емес студенттер мен оқытушылар Еуропада білім алу, сабақ беру және тағылымдамадан өту мүмкіндігіне қол жеткізеді. Яғни, білім беру мен оқыту саласының барлық секторларының өкілдері үшін Еуропа елдерінде және одан тыс жерлерде білім алу, оқыту және біліктілікті арттыру мүмкіндігі қарастырылған.

Оқытушылар құрамы өз университетінде өзгерістердің бастамашылары және қозғаушы күші ретінде қарастырылады.

Барлық үш Негізгі әрекет бойынша толық ақпаратпен төмендегі дереккөздер арқылы танысуға болады: http://ec.europa.eu/education/opportunities/higher-education/international-cooperation_en.htm