Білім берудегі тарих және география

Даменова Айгуль Касеновна

п.ғ.к., доцент м.а.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

Кәсіби Өмірбаяны/Білім

Қызмет жолын 2001 жылдың 3 қаңтарында  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экология және биология» кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады.

2002жылы «Экология және география» кафедрасының аға оқытушысы.

2004 жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «География және экология» кафедрасының аға оқытушысы.

2004-2005 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Тарих-география факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарды.

2006-2009 жылдары Тарих-география факультетінің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарды.

2007-2017жж. «География және экология» кафедрасының доцент міндетін атқарды.

2017-2019жылдары «География және экология» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Химия және география» кафедрасында доцент міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасында доцент міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Білім берудегі тарих және география» кафедрасында доцент міндетін атқарушы болып еңбек етуде.

Білімі

1993-1997 жж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің география-экология мамандығының бакалавриаты.

1997-2000ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің «Қазақстанның геоэкологиясы» кафедрасының аспиранты.

Студенттермен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бакалавриатқа арналған оқу құралы мен оқу-әдістемелік құралдар әзірледі. Жалпы еңбек өтілі – 25 жыл.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Ш. Каримовадан «Алғыс хат» (2020 ж.) алды. Сондай-ақ «Білім-өркениет» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ә. Сатылғановтан «Үздік ғылым кандидаты – 2020» атағы, І дәрежелі дипломы және төсбелгісімен марапатталды. Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» (2025 ж.) және жыл сайын алғыс хаттармен марапатталды.

Visualizing cause-and-effect relationships in utilitarian educational processing in the course of "natural science".// International Journal of Innovative Research and Scientific Studies, 8(3) 2025, pages: 558-567

Ақпараттық білім беру арқылы биолог студенттерінің цифрлық мәдениетін қалыптастыру. //Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  хабаршысы 2(402), /2023, 157-169б.

Биология пәнінен оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістемесі. //«Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясы Хабаршысы 4(410), /2024ж. 24-33б.

Study of the impact of limestone mining and processing on ecosystems. //Қазақстанның ғылыми-техникалық және өндірістік тау-кен журналы № 3 (239), 2025 ж. 64–70-бб.

Stratigraphy and geochemistry of sulfate formations in the Shert gypsum deposit. //Қазақстанның ғылыми-техникалық және өндірістік тау-кен журналы №11 (247) 2025, 53-61б.

ҚР жоғары оқу орындарының студенттер арасында XVI Республикалық пәндік олимпиада  жеке топтықта Биназар Талап Мұратұлы ІІІ дипломмен марапатталды, 2024ж.  Жеткешісі п.ғ.к., доцент м.а. А.Қ.Даменова.

ҚР жоғары оқу орындарының студенттер арасында XVIІ Республикалық пәндік олимпиада  топтық есепте ІІІ дипломмен марапатталды, 2025ж. . Жеткешісі п.ғ.к., доцент м.а. А.Қ.Даменова. Халықаралық қашықтық олимпиада:

«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен Халықаралық қашықтық олимпиадаға: топтық есепте ІІІ орын дәрежелі  дипломмен марапатталды,  2024ж.  Жеткешісі п.ғ.к., доцент м.а. А.Қ.Даменова.