News

УНИВЕРСИТЕТ ОҚЫТУШЫСЫ ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ДӘРІС ӨТКІЗДІ

08–19 желтоқсан аралығында «Әлеуметтік психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р.К.Керимбаева академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Альфраганус университетінде іссапарда болды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Р.К. Керимбаева 60310900-«Жалпы психология», 60110100-«Педагогика және психология» бакалавр білім беру бағдарламасының студенттеріне «Әлеуметтік психология» пәнінен  дәріс өткізді.

Аталған академиялық ұтқырлықтың мақсаты – М.Х. Дулати университеті мен Альфраганус университеті арасындағы екіжақты әріптестік ынтымақтастықты нығайту, ғылым мен тәжірибені ұштастыру. Сонымен қатар, жоғары білім беру сапасын арттыруға бағытталған профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуына ықпал ететін іскерлік және сындарлы байланыстар орнату.

Іссапар аясында университеттің оқу үдерісімен танысу және тәжірибе алмасу кездесулері өткізілді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы халықаралық тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.