News

ТҮРКІСТАНДАҒЫ БІЛІМ ДОДАСЫНДА ТАРАЗДЫҚ СТУДЕНТТЕР ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

23–24 сәуір күндері Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында «Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасында XVIII Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Білім додасында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Biovision» командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды.

Команда құрамында «Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Арайлым Тағайбек, Толқын Әубәкір және Ұлжан Назар болды. Ғылыми жетекшісі – Биология кафедрасының аға оқытушысы Ердос Сұлтанаев.

Жарыс қорытындысы бойынша студенттер өз білімдері мен кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейін дәлелдеп, университет абыройын республикалық деңгейде сәтті қорғады.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы ғылыми және шығармашылық жетістіктеріне табыс тілейміз!