News

РОБОТОТЕХНИКАДАН VIIІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

Университет қабырғасында VIIІ облыстық Робототехника байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сайысқа Жамбыл облысы мен Тараз қаласының 55 мектебінен оқушылар, бірнеше колледж және университет білімгерлері қатысып, барлығы 182 оқушы мен 98 жетекші өз жобаларын ұсынды.

Байқаудың мақсаты – оқушылар мен студент жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту, инженерлік ойлау қабілетін жетілдіру және робототехника саласындағы идеяларды тәжірибеде жүзеге асыруға жағдай жасау.

Байқаудың салтанатты ашылу рәсімінде Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев алғы сөз алып, робототехника саласының қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызына ерекше тоқталып, бұл бағыттың оқушылар мен студенттердің инженерлік ойлау қабілетін дамытуда үлкен рөл атқаратынын жеткізді. Сонымен қатар, цифрлық технологиялар мен автоматтандырудың қарқынды дамуы жағдайында робототехника саласын меңгеру – болашақ мамандар үшін аса маңызды дағды екенін тілге тиек етті. Проректор өз сөзінде мұндай байқаулардың жастардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және жаңа инновациялық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін де ерекше атап өтті.

Байқау жеті негізгі номинация бойынша ұйымдастырылды. Олар: Girls Triathlonant, LEGO Line Following, MBot Line Following, Mini Sumo 10×10, 1kg LEGO Sumo, Arduino Line Following және роботтық құрылғыларды ерекше нұсқада жасау бағыты. Әр номинацияда қатысушылар роботтарды бағдарламалау, басқару, құрастыру және нақты тапсырмаларды орындау бойынша өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.

Байқау барысында командалар роботтардың автономды қозғалысы, сызық бойымен жүруі, сумо-рингтегі жарыстар және инженерлік жобалар қорғау сияқты тапсырмаларды орындады. Қазылар алқасы қатысушылардың техникалық шешімдерін, бағдарламалау сапасын, инновациялық идеяларын және командалық жұмыс деңгейін бағалады. Нәтижесінде, барлық кезеңдер әділ және ашық форматта өтті.

«Роботтық құрылғыларды ерекше нұсқада жасау» номинациясы бойынша бірінші орынды Бауыржан Момышұлы атындағы дарынды ер балаларға арналған мектеп-интернатының 9-сынып оқушылары Өксікбай Аят, Біржан Бибарыс және Оспан Әбдінұр иеленді. Екінші орынға Тараз қаласының Оқушылар сарайының оқушылары Пархоменко Даниил мен Абдырахим Абдуалы, Robo Park Taraz үйірмесінің оқушылары Уәлихан Шерхан мен Қойшыбай Мирас ие болды. Үшінші орын Тараз қаласындағы №66 орта мектептің оқушылары Тұрарбек Ерсұлтан мен Дуйсебай Інжу, №1 орта мектептің оқушылары Айдар Данияр мен Серік Тоймұрат, Нарғозы Данаев атындағы орта мектептің оқушылары Сағи Айлин мен Сейтбек Аминаға бұйырды.

 «1KG LEGO SUMO» номинациясы бойынша бірінші орынды Тараз қаласының №66 орта мектебінің оқушылары Айдархан Әділжан мен Жамит Дулат жеңіп алды. Екінші орынды Төле би атындағы №8 гимназияның оқушылары Досымхан Ердаулет пен Ерболсын Әмір,  Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің оқушылары Еламан Айдын мен Әділбекұлы Жайдар иеленді. Үшінші орынға №69 орта мектептің оқушысы Тілеубай Жандар және Үлгілі орта мектебінің оқушылары Ахмедов Нурислам мен Шакизада Шахкерім ие болды.

 «MINI SUMO 10×10» номинациясы бойынша бірінші орын Бауыржан Момышұлы атындағы дарынды ер балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары Нұрлан Нұрбақыт пен Аманбек Мейіржанға берілді. Екінші орынды Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының оқушылары Сулейман Айтөре мен Абай Нұрхан, №54 орта мектептің оқушылары Мырзабекұлы Бекарыс пен Мадиярқызы Нұрдана иеленді. Үшінші орын Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының оқушылары Марат Асхат пен Әлімбек Санжарға, Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің оқушысы Еламан Айдынға бұйырды.

«GIRLS TRIATHLONANT» номинациясы бойынша бірінші орынды Техникалық шығармашылық және кәсіби бағдар беру орталығының оқушылары Өтеулі Зере мен Даниярқызы Інжу жеңіп алды. Екінші орын Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының оқушылары Руслан Әнел мен Руслан Амираға, Robo Park Taraz үйірмесінің оқушылары Мухамедалиева Сенім мен Уәлихан Нурилаға берілді. Үшінші орынды №1 гимназияның оқушылары Тұрар Ақнұр мен Жолдас Тоғжан, №66 орта мектептің оқушылары Каржау Айзере мен Жұматай Айару иеленді.

«LEGO LINE FOLLOWING» номинациясы бойынша бірінші орынды М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері Третьяков Богдан мен Акимов Алимжан иеленді. Екінші орын Robo Park Taraz үйірмесінің оқушылары Жайлаубек Аязби мен Сопыбеков Темірланға,«Келешек-Тараз» ғылыми-инновациялық мектебінің оқушылары Асхатұлы Алдияр мен Мұрат Әлижанға берілді. Үшінші орын №1 орта мектептің оқушылары Аманбай Хажмұхан мен Тұрғанбай Айдосқа, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-интернатының оқушылары Берқияс Ерсін мен Крахмалев Владиславқа, №57 орта мектептің оқушылары Олжабек Алихан мен Шәдібек Әуезге бұйырды.

«MBOT LINE FOLLOWING» номинациясы бойынша бірінші орынды Мағжан Жұмабаев атындағы №21 орта мектептің оқушылары Қабылбай Жансерік пен Махсет Ілияс жеңіп алды. Екінші орын Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-интернатының оқушылары Жаңабек Нұрәлі мен Бейсентайев Нұрасылға, №43 орта мектептің оқушылары Тұрсынбек Нұрислам мен Ермаханбет Ильясқа берілді. Үшінші орын №24 гимназияның оқушылары Муллахимов Даньяр мен Мосалков Михаилға, №39 мектеп-гимназиясының оқушылары Набиев Әділжан мен Орынғали Жасұланға бұйырды.

«ARDUINO LINE FOLLOWING» номинациясы бойынша бірінші орынды Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-интернатының оқушылары Кириченко Яромир мен Әсімхан Нұргелді иеленді. Екінші орын №40 гимназияның оқушылары Хегай Максим мен Фаст Кириллге, №43 орта мектептің оқушысы Дулатұлы Аңсарға берілді. Үшінші орынды Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің оқушылары Қамбарбек Диас пен Тәттіқұл Айбек, №3 мектеп-лицейдің оқушылары Арқабай Әділет пен Жақып Ерман иеленді.

Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен сертификаттар табысталды. Марапаттарды салтанатты түрде Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Рысгүл Құдретуллаева табыстап, қатысушылардың жетістіктерін ерекше атап өтті. Байқауда жоғары нәтиже көрсеткен жас робототехниктерді құттықтап, олардың білімге деген құштарлығы мен еңбекқорлығын жоғары бағалады. Проректор болашақта да мұндай талантты жастардың ғылыми-техникалық салада үлкен жетістіктерге жететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, сайыстың ғылыми-әдістемелік жетекшілігін жүзеге асырған «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының меңгерушісі Лаура Сүгуроваға ұйымдастыру жұмыстарына қосқан үлесі үшін алғыс айтылды.

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа идеялар мен тың жобаларға толы жетістіктер, биік белестер мен сәтті бастамалар тілейміз. Білім мен ғылым жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, армандарыңыз орындала берсін!