News

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Тараздық жастармен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Тараз қаласының белсенді жастарымен жүздесті.

Жиынға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай, шаһардың белсенді жастары қатысты.

Кездесу барысында қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Азамат Лесбек пен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Азамат Намелбек сөз сөйлеп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар бас қосуға М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің белсенді студенттері де қатысты.

Жиынды қорытындылаған Мәлік Нұржанұлы, жастарды білім мен құндылықтарды ұштастырып, елдің болашағы үшін жауапкершілікпен еңбек етуге шақырды.