News

DULATY UNIVERSITY мен «Q» UNIVERSITY жастары арасында жолдастық кездесу өтті

Алматы қаласынан келген «Q» UNIVERSITY жастары М.Х. Дулати атындағы Тараз университетіне арнайы келіп, білім ордасының құрылымымен және жастар ұйымдарының жұмысымен танысты.

Кездесу барысында екі жақты тәжірибе алмасу, бірлескен жобалар мен бастамалар жайлы пікір алмасу өтті. Жастар саясаты бағытындағы тиімді механизмдер, волонтерлік қызметті ұйымдастыру үлгілері талқыланып, алдағы серіктестікті нығайтуға арналған ұсыныстар ортаға салынды.

Жолдастық форматта өткен бұл кездесу екі жоғары оқу орны жастарының байланысын арттырып, жаңа идеяларға жол ашты.