Университет қабырғасында «Биология» кафедрасындағы «SMART Биология»студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен «Биологиядағы заманауи технологиялық трендтер» тақырыбында облыстық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – қатысушыларды биология ғылымында кеңінен қолданылып жатқан заманауи технологиялармен таныстыру арқылы оларды практикалық қызметте тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Байқауға Тараз қаласы мен Жамбыл облысының 5-11 сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты.
Байқау барысында оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстырып, жаңа технологиялар мен зерттеу әдістерін тәжірибеде қолдану мүмкіндігіне ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша ең үздік жұмыстар дипломдар және сертификаттармен, ғылыми жетекшілері Алғыс хаттармен марапатталды.
Нәтижелер:
• 1-орын – Мұхамеджанова Нұрай Әділетқызы (9 «Ә» сынып, №66 орта мектеп)
Тақырыбы: Темекі түтінінің өкпеге әсері
Ғылыми жетекші: Дүйсебай Айнұр Бегманқызы, педагог-зерттеуші
• 2-орын – Жарқымбек Инабат Ержанқызы (10 «Б» сынып, №32 орта мектеп)
Тақырыбы: Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау
Ғылыми жетекші: Кожабекова Айгуль Сергалиевна, педагог-зерттеуші
• 2-орын – Жүсіп Ақберен Еркебұланұлы (6 «Г» сынып, Н. Киікбаев мектеп-гимназиясы, Байзақ ауданы)
Тақырыбы: Өсімдік құрамындағы пигменттерді анықтау
Ғылыми жетекші: Асанова Гульнур Жумалиевна, педагог-модератор
• 3-орын – Жарылқап Ақпейіл Маратқызы (10 «Б» сынып, №64 орта мектеп)
Тақырыбы: Өсімдік бөлімдерінің ерекше белгілерін анықтау
Ғылыми жетекші: Қонысбаева Фарида Кайратовна, педагог-модератор
• 3-орын – Зәуірбек Кәусәр Серікқызы (5 «Д» сынып, №12 мектеп-гимназиясы)
Тақырыбы: Бала денсаулығына Қытай тәттілерінің зиянды әсері
Ғылыми жетекші: Оналбаева Айнур Ашрахановна, педагог-зерттеуші
• 3-орын – Әміралы Інжу (8 «А» сынып, Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы, Аса ауылы)
Тақырыбы: Ақылды қауіпсіздік: табиғи апаттан қорғайтын үй
Ғылыми жетекші: Майсупова Маржан Турысовна, педагог-модератор
Байқау соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жас зерттеушілерге жаңа жетістіктер, ғылым жолында шығармашылық табыс тілейміз!



