Факультет жаңалықтары (Филология)

Dulati University оқытушылары РХДУ-дегі (Мәскеу) халықаралық лингвистикалық форумда

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Орыс тілі және әдебиеті» кафедрасының PhD докторы Шмакова Елена Сергеевна «Заманауи коммуникациялар жүйесіндегі лингвомәдениеттану: құндылықтар, бейнелер, бағдарлар, трендтер және жасанды интеллект» атты III Халықаралық лингвомәдениеттану форумының жұмысына қатысты. Ауқымды ғылыми іс-шара 2026 жылдың 1–3 қазан аралығында Мәскеу қаласындағы Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің (РХДУ) базасында өтті.

Форум бағдарламасы Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь, Словакия, Моңғолия, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген жетекші филологтардың, лингвистер мен зерттеушілердің басын қосты. Қатысушылар назарында заманауи ғылымның ең өзекті мәселелері болды: мәдениетаралық коммуникация мен теолингвомәдениеттанудың дәстүрлі сұрақтарынан бастап, гуманитарлық зерттеулерге үлкен тілдік модельдер мен нейрожелілерді интеграциялауға дейінгі тақырыптар талқыланды.

Форум аясында Е.С. Шмакова лингвомәдениеттану мектептерінің негізін қалаушылардың баяндамалары ұсынылған пленарлық мәжілістерге, тілдер интерференциясының қолданбалы аспектілері мен жас ғалымдардың филологияны дамытуға деген көзқарасына арналған тақырыптық секцияларға, бейіндік шеберлік сыныптарына, сондай-ақ Web 2.0 дәуіріндегі тіл білімінің даму бағыттары талқыланған дөңгелек үстелдер мен ғылыми семинарлардың отырыстарына қатысты.

«Орыс тілі және әдебиеті» кафедрасы халықаралық ғылыми байланыстарды белсенді түрде нығайтуды жалғастыра отырып, университетіміздің әлемдік білім беру кеңістігіндегі жоғары мәртебесін дәлелдеп келеді.