Факультет жаңалықтары (Филология)

Зерттеу практикасынан өтуде

Дулати университетінің 8D01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының докторанты Нусібақын Жұлдыз Ерболқызы 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасында зерттеу практикасынан өтуде. Аталған кафедраны PhD докторы Әбдимомынов Еділбек Бахытжанұлы басқарады.

Зерттеу практикасының бастапқы кезеңінде педагогика факультетінің деканы Нурбеков Т. Б. және «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Әбдимомынов Е. Б. докторантқа ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін түсіндіріп, заманауи ғылыми дереккөздерді іздеу, іріктеу, талдау және интерпретациялау мәселелері бойынша кеңес берді.

Зерттеу практикасы барысында докторант университеттің Ғылыми кітапханасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда. Негізгі назар докторлық диссертацияның тақырыбына сәйкес ғылыми әдебиеттерді іздеуге және жүйелеуге, заманауи ғылыми жарияланымдарды талдауға, сондай-ақ зерттеудің теориялық базасын қалыптастыруға бағытталды.